Текст
Жарқайың ауданының «Білім бөлімі» ММ жоспары негізінде 2021 жылдың 8 қазанында аудандық онлайн форматында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға б/б әдіскерлері, мектепке дейінгі тәрбиешілер, шағын орталық тәрбиешілері, б/б меңгерушілер қатысты. Дөңгелек үстел «Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігі» тақырыбына арналды. Мақсаты: консультативтік - негізгі ағымдағы құжаттардың мазмұнын жазуда әдістемелік көмек. Біздің «Солнышко» балабақшасынан әдіскер Данагүл Рахымбекқызы Күнтуғанова 4K моделін қолдану тәжірибесімен бөлісті.