Текст
Балапан орта тобында өткен аптада "Ас атасы - нан" атты тақырып бойынша әңгіме жүргіздік.Топ тәрбиешілері мен ата-аналар балаларға нанның қадірі туралы айтып,балалар үйде аналарымен нанның түр-түрлерін жасап әкелді . Тәрбиешілер балаларға көрсетіп, таныстырып өтті. Ата-бабамыз: " Дәнді шашпа, нанды баспа" деп айтып кеткендей, балаларды ысырап ету жаман нәрсе екенін және де шашпауға үйреттік. Үй тапсырмасына ата-аналар белсене ат салысқандарына қуаныштымыз