Ақмола облысы  Жарқайың ауданы ЖК "Рамазанова"  "Солнышко" балабақшасы" мемлекеттік-жекешелік әріптестік   
ИП "Рамазанова"  Государственно-частное партнерство "Детский сад "Солнышко"  Жаркаинский район Акмолинская область

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Наурыз жыл басы!" ертеңгіліктің қысқаша мазмұны

«Наурыз-жыл басы!»

Жүргізуші:

Армысыңдар, халайық,
Бармысыңдар, халайық.
Наурыз тойын жұп жазбай
Жылда қарсы алайық.
Балалар көптен күткен Наурыз –ұлыстың ұлы күні, Наурыз жыл-басы құтты болсын!

Наурыз тойың, наурыз тойың Құтты болсын халайық! Күй төгілсін, күй төгілсін, Шырқап әнге салайық.

-дей отыра,ертеңгілімізді әнмен ашайық!

 

Ән: «Алақай, Наурыз»

Әндетіп Алдар көсе кіреді.

Мен Алдармын,Алдармын,

Балалармен ойнармын.

Сақал түгіл мұртта жоқ,

Оның несін талдармын.

А-а-а-а-а-а,Е-е-е-е-е.

Ұлыс оң болсын,ақ мол болсын!

-Амансыңдар ма? Балалар,мен бүгін «Лучики» тобында Наурыз тойы өтіп жатканын жол жөнекей естідім де,сендерге қонаққа келдім.

Жүргізуші: Қош келдің Алдар көсе төрлет! Балалар Алдар Көсеге Наурыз тойына арнап жаттаған тақпақтарымызды айтып берейік.

Арина

Наурыз тойым,наурыз тойым

Құтты болсын халайық

Қане достар,қане достар

Шырқап əнге салайық

 

Алексей

Ата-бабам тойлаған

Наурызым армысың

Қызығыма тоймаған

Дархан дала қарлы шың  

 

София Г

Жылдың басы Наурыз.

Жердің басы Наурыз.

Мерекеге арналсын

Бүгінгі ән жырымыз.

 

Алдар көсе: -Жарайсыңдар,балалар!Өнерлерің өрге жүзсін. Қазір балалар бүгінгі мерекемізге орай ұлттық ойын ойнаймыз.

Ұлттық ойын: «Күш сынаспақ»                                                                                                                     Ойын шарты: Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасуымен орындалады.2 бала шынтақтарын столға тірек қол бастарын айқстырады.Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске жетеді. Ағаш аттың үстінде аттың басын ұстап тұрып 2-ші қашан білектен тартысып сынасуға да болады.Бірақ баланың қауіпсіздігі қатаң бақыланады.

 

 

 

 Жүргізуші:

Наурыз – мұсылман қауымның ұлттық мейрамы.

Наурыз – жыл басы. Наурыз ұлыстың ұлы күні.

Бұл күні әжелеріміз жеті түрлі дәмнен Наурыз көже жасаған.Ал,қыз-келіншектер,ата-аналарымыз үй-үйді аралап Наурыз көжеден дәм татып,үлкендерден бата алған.

Тойдың көркі ән мен би дейді халқымыз. Бізге «Балапан» тобының қыздары қонақ келіпті, өздерінің биін ала келіпті. Олай болса, қыздарымыздың биін қабыл алыңыздар!    

Би: «   »

Есік тоқылдатып: Әже, келіні, немересі кіреді.

Әже:-Амансыңдар ма,құлындарым?!

Жүргізуші:-Салеметсіз бе,Әже! Қош көрдік.Ауылдан шаршап келген боларсыңыз. Келіңіз,төрлетіңіз. Әже біздің балалар сізге тақпақ айтып бергісі келеді.

 

Айзере

Қыс өтіп,қар кетіп,

Шаруаның кенелген

Майрамы ежелден.

Құтты болсын,Наурыз!

 

Ислам

Кел,балалар тұрмайық

Наурыз тойын тойлайық

Баянды боп мереке

Қыр гүліндей жайнайық

 

Алишер

Күн мен түн теңелді

Жер шуаққа кенелді

Қуанышта ел енді

Наурыз келді жүр енді!

 

Әже: Қандай тамаша,тақпақтарыңда,өздерінде әдемі екенсіңдер.

Алдар Көсе:-Әже,сіздің келінініз Наурыз көже пісіру біледі ме? ?Бізге Наурыз көже туралы және не қосатынын айтып берсе.

Келін:-Наурыз көжеге жеті түрлі тағам қосамыз.Қыстан қалған сүр ет,сүт немесе айран,тұз,құрт,бидай,жүгері немесе тары,ұн немесе кеспе.Наурыз көжеден жеті үй дәм татып,ақ тілектерімен бөлісіп «ақ мол болсын» деп бата беріп тарқасады.Жәнеде бұл куні бауырсақ,шелпек,қоспа деген сияқты қазақтың ұлттық тағамдары әзірленеді.

Алдар көсе:Рахмет,ойымызға түйіп біліп жүреміз.

Әже: -Ал, құрметті қонақтар!Ұлыстың ұлы күні менің немеремнің тұсау кесу рәсімін жасап,тұсауын кесейін деген едік.

Алдар көсе: -Тамаша,балалар, бізде бүгін тағы да бір той.Бүгін Райгүл әжейдің немересінің тұсаукесер тойы.

Жүргізуші:-Тұсау кесу дегеніміз – кішкентай балаға ырымдап, тез жүріп кетсін деп, ала жіп байлап, бата тілек айтып кеседі. Тұсау кескенде көк шөппен, тоқ ішекпен де кеседі. Ондағы мақсат: көгерсін, өссін - өнсін дегені және де бай – дәулетті, бақуатты болсын дегені. Бүгін біз ала жіппен тұсау кесеміз. Ондағы мақсатымыз – баламыз ешкімнің ала жібін аттамасын дегеніміз.

Әже: Ала жіппен байлағаным – адал болсын, ақ болсын,ешкімнің ала жібін аттамасын дегенім-,деп тұсауын кеседі.

Тәй-тәй балам,тәй балам!

Қаз-қаз балам,қаз балам,

Қадам бассаң мәз болам!

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін!

 (Баланы қолынан ұстап, тәй-тәй басқызып бір айналдырып жүргізеді. Әже шашу шашады)

Жүргізуші:

Кең болсын қазағымның керегесі,

Кетпесін Алла берген берекесі.

Алаштың баласына нәсіп болған,

Құтты болсын Наурыз мерекесі.

-дей отыра кезекті тақпақтарға береміз.

 

Жансерік

Әнім де саған, биім де,

Құт қонақ өзің үйімде!

Қуаныш сыйлап еліме,

Күлімде Наурыз, күлімде!

 

Никита

Ашылды да кебеже

Дəм əзірлеу басталды

Əжем наурыз көжеге

Жеті түрлі дəм салды

 

Даниель

Уа, халайық, халайық!

 Мұнда назар салайық

Думандатып бақшамда,

Наурыз тойын тойлайық.

 

Мендыгали

Елім менен жеріме

Ырыс шашқан Наурыз!

Күлімдеген көктемге,

Шуағын шашқан Наурыз.

 

Роксолана

Наурыз тойы тамаша

Наурыз тойы жараса

Табиғатта тамаша

Тамылжып тұр жараса

 

Арлан

Келе жатыр жылымыз

Мейрам дейміз мұны біз

Халық сүйген мейрамды

Қарсы алайық наурызды

 

Ұлттық ойын балалармен: «Арқан тартыс»

Ойын шарты: Қыздар мен ұлдар екі топқа бөлінеді.Қыздар мен ұлдар арқанның екі шетінен ұстап тартысады.Қай топ арқанды өз жағына тартып алса,сол топ жеңіске жетеді.

 Осы кезде Қыдыр ата келеді.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе қыдыр ата төрлетініз

Қыдыр ата: Армысыздар ағайын!

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Ұлыс береке берсін!

Бәле-жала жерге енсін!

Қайда барсаң жолың болсын! Аумин!

Жүргізуші:

Айтқаныңыз келсін!

Дендеріңіз сау , мықты болсын!

Наурыз тойы келе берсін!

Барша жұрт бақытты болсын!

Еліміздің несібесі көп болсын!

Көріскенше күн жақсы болсын!Осымен, «Наурыз-жыл басы» атты ертеңгілігіміз аяқталды.Қош,сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 18.03.2021 16:07
Құрылған күні: 18.03.2021 16:07

Текст