Ақмола облысы  Жарқайың ауданы ЖК "Рамазанова"  "Солнышко" балабақшасы" мемлекеттік-жекешелік әріптестік   
ИП "Рамазанова"  Государственно-частное партнерство "Детский сад "Солнышко"  Жаркаинский район Акмолинская область

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дайындау" тақырыбы бойынша "Балапан" қазақ тобындағы ата - аналар жиналысы

«Жарқайың ауданының білім бөлімі жанындағы «Солнышко» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дайындау"

тақырыбы бойынша  "Балапан" қазақ тобындағы ата - аналар жиналысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дайындаған: Вислапу Д.Ю

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                            

Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке психологиялық жағынан дайындау, бұл қазіргі таңда психология - педагогика ғылымдарындағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Баланың тұлғалық даярлығы. Баланың жаңа әлеуметтік мектел құқығы мәр- тебесін қабылдауға, оның құқығын біліп міңдеттерін орындауға дайындық баланың мектепке, оқу іс-әрекетіне мұғалімдерге, өзіне қатынастардан байқалады. Тұлғалық дайыңдыққа ықыластанушының белгілі даму деңгейі кіреді.Болашақ оқушы өзінің тәртібін, мінез- құлқын, танымдық іс-әрекетін еркін басқаруы қажет.

Интеллектуалды даярлығы. Даярлықтың бұл компоненті балада ой-өрісінің нақты білімдер қорының болуын қарастырады. Бала бірқалыпты және бөлшектенген таң- дамалы қабыпдауды қарастыратын материалға теориялық тұлғадан қарау элеметтерін қолдана білуді, ойлаудың жинақтаушы түрлерін және негізгі логикалық амалдарды, түсініп еске сақтауды меңгеру қажет.Интеллектуалды даярлықты дамыту мына жағдайларды қарастырады: таңдамалы қабылдау, аналитикалық ойлау (құбылыстар арасындағы негізгі белгілер мен байланыстарды танып білу қабілеті, үлгілі қайталай алу қабілеті)

Мектепке оқуға әлеуметтік-психологиялық даярлығы.Даярлық бұл компоненті балаларды құрбы-құрдастарынан, басқа балалар мен мүғалімдермен - қарым-қатынас жасауға көмектесіп қасиеттерді қалыптастырады.Бала мектепте балалар ортақ іспен айналысып жатқан сыныпқа келеді. Бұл жерде оған басқа балалармен өзара қарым- қатынас орнату, балалар қоғамына ену, басқалармен бірлесе әрекет жасау тәсілдерін меңгеруін білу керек.Психологиялық даярлықтың аспектілері. Ақыл-ойының дамуы, жеке тұлғаның қалыптасуы, әлеуметтік-психологиялық даярлық, еріктік-эмоциялықдаярлық.

Ата-аналарға кеңес.

Оқудың әлеуметтік және танымдықәрекеті.

Үлгі бойынша жұмыс жасай білу.

Ересектердің нұсқауын тыңдап орындай білу.

Баланың алған білімін қорытындылай білу.

Мектептж жетілуді шамамен анықтау.

Тереңдетілген психолого-педагогикалық зерттеу.

Психикалық процестерді зерттеу үшін ұсынылатын тестілер жиынтығының үлгісі

Нүктелерді көшіру, зейін.

Кодпен хабарлау, зейін тұрақтылығы.

Ес, көру есі.

Мағынасы бойынша байланысқан он сөз, мағыналы ес.

Төртінші артық логикалық ойлау.

Сөйлеу тілі, сөздік қоры.

Қабылдауды анықтау.

Ерікті мінез-құлқын зерттеу, графи- калықдиктант.

Сөздік логикалық ойлауынбағалау.

Тілінің дамуын зерттеу.

Ұсақ қол бұлшықеттерінің дамуын зерттеу.

Тәуелсіз Қазақстаннның Білім заңына орай жаңа ұлттық білім үлгісі бойынша мектепке дейінгі баланың жеке басын тәрбиелеуде педагогикалық дамудың бүрыннан қалыптасқан әлеуметтік бағыттарын түбегейлі өзгеруге тура келеді. Баланың тұңғыш рет мектеп табалдырығын аттап, білім алуға ден қоюы - оның өміріндегі дамуының негізгі кезеңі. Осы кезеңнен бастап баланың мінезі және жеке ерекшеліктері қалыптаса бастайды.А.С.Выготский бұл кезеңді “Жеті жастың өзгеру кезеңі” - деп атады. Балаларды мектепке дайындаудың нөтижесі мектептегі оқу кезеңінде айқын байқалады. Көбінесе балабақшадан емес, үйден тәрбиеленіп келген балалардың дайындығының кем екендігі айқын аңғарылатын себебі де осында болса керек.Баланы мектепке дейінгі оқытудың негізгі бөлімдеріне: балалардың дене бітімі дамуының, психикалық дамуының деңгейі және құрдастарымен, қоршаған ортамен қарым-қатынасы жатады.Жалпы дайындық-ол психологиялық, адамгершілік және дене дайындығы. Адамгершілік дайындық және ерік дайындығы бір- бірімен тығыз байлаынсты. Әр баланың басқа баладан ерекшеленетін өз мінезі бар, соған байланысты балалар істеген ісін, қылығын басқарып үйренуге тиісті. Сонда ғана мектепке барғанда тез тіл табысып кетеді.Дене дайындығы - мықты денсаулық, шыдамдылық қасиеттер балаларда болу үшін дербестік, еңбек сүйгіштік, жинақтылық сияқты қасиеттері де даму үшін ата-аналардың көмегімен жұмысты бекіту керек.Жаңа ортаға үйрену. а)құрдастарымен ұрыспай, ренжіспей тіл табысу ә)үлкендермен тіл табысуБаланы мектепке дайындықты балабақша мен мектептегі әдіс-тәсілдері ұштастыру арқылы жүзеге асыруға болады, бірақ оларға қойылатын міндеттілік, реттілік, ойын-әдістерін пайдалану, өзкезегімен бір-бірден жауап беру сияқты талаптар бірдей болуға тиісті.Мектеп алды тобында мектепке дайындау үшін психолог маман мынандай міндеттерді білуге тиісті:

Нені зерттейді оны қалай жүргізеді?

Кім оны зерттейді және қалай?

Шыққан нәтижені қалай пайдаланады?

Мектепке немесе гимназияға бару үшін баланың даму деңгейі қандай болу қажет дегенде мына төмендегі шарттарды айтуға болады:

1 .Үлкендермен қарым-қатынасы.

Құрдастарымен қарым-қатынасы.

Өзін-өзі бағалай білуі және сол бағаны төмендетуге үйрету.

Мектеп алды кезеңнің соңында баланың мінезі еріктіболады. Үлкендермен қарым-қатынасында балалар олардың берген білімдерін бар зейінімен қабылдайды. Балада еріктің дамуы төмен болса, берген тапсырманы түсінбей, өз еркімен жасай алмайды. Сондықтан да мектепке баратын балалардың үлкендермен, қүрдастарымен жақсы қарым-қатынаста болуының зор маңызы бар.Ақыл-ой дамуы. Бүған психикалық процестердің, тілдің, есеп сабақтары арқылы логикалық ойлау қабілетінің дамуы жатқызылады.6-7 жастағы балалардың естері еріксіз жақсы дамиды. Ерікті естері жаңа ғана қалыптасады. Сондықтан жақсы қабылдап алған заттардың түсін есінде жақсы сақтайды. Көру және есту елестері көрген нәрселердің мазмүнымен байланысты болады. Ес процесін жеке тексеру қажет. Сіздің балаңыздың оқушы атағын алатын уақыт та жақындап қалды. Осыған байланысты ата-аналардың  мазасы кетіп, қобалжи бастайды, баламыз не біліп, не істей алады деген сұрақтар мазалайды.

Балабақшада  бала санауды, ойлауды, есте сақтауды, зейін аударуды үйренеді. Баланы мектепке дайындауда ата-ана негізгі рөл атқарады. Көп жерлерде баланың даму сатысы, тәрбиесі сіздерден  бастау алады.  Бұл жерде аса тым күш салып жібермеу қажет. Кейбір ата-аналар балаларын сәби кезден-ақ жақсы оқитын, білгір жасағысы келеді. Ақырында бала зардап шегеді.Мектепке дайындыққа не жатады? Мектепке дайындалған бала көп білім мен үйреншікті қабілеттерге ие болып, оларды қолдана білуі керек.

Ең алдымен бала физикалық дайын болу керек. Ол ушін денсаулығы мықты болып, мектеп бағдарламасын  өтеуге  лайық болу керек. Ал балада кейбір психикалық ауытқулар сезіліп, көрінсе, денсаулығында өзгерістер, кемшіліктер байқалса,  ата-ана мұны мойындап баланы арнайы түзетуге арналған коррекциялық мектепке беруі керек. Физикалық дайындыққа баланың қозғалыс жүрісі мен саусақ қозғалысы жатады. Бала қай қолда, қалай қалам ұстау керектігін білуін керек. Негізгі гимнастикалық ережелерді ұстану керек: үстел басында дұрыс отыруы, жаттығулар мен тапсырмаларды түсініп, шапшаң орындай алуы және т.б.

Екіншіден, баланың психикалық дайындығы. Бала бірінші сыныпта өзі мектептің ішінде, белгілі кеңістікте жүре алуы, сонымен қатар үйден шығып дүкенге баруы керек. Баланың жаңа білім алуға талпынысының жоғары болуы.  Берілетін білім баланың  есте сақтау, ойлау қабілетіне сәйкес болуы қажет. Жеке тұлға дайындығы өзімен қатар жасты балалармен араласа алуынан, басқаларды бағалап, қиын жағдайлардан шығуынан көрінеді.Үлкенді тыңдап, жақсы мен жаманды айыра алуды есте сақтау керек.

Мұғалімнің қойған міндеттерін қабылдап, зейін қойып тыңдап, түсінбеген жерлерін сұрау керек. Баланың мектепке дейінгі эмоциалды-ерік дайындығы дегеніміз:

       мектепке не үшін баратынын, оқуға деген қызығушылығы болуы шарт;

-          бала ұнамсыз мінез-құлық, үйдегі еркеліктен арылуы керек;

-         бір орында отыру, берілген уақыт бойы зейін қойып тыңдап, тапсырмаларды  орындап, ешқайда көңіл бөлмеу.

Сіздің балаңыз мектепке дайын болып, қуанышпен бару үшін, кейбір кепілдемелерді тыңдағандарыңыз жөн:

-       Балаңыздан көп талап етпеңіз.

-       Бала қателік жасауға құқығы бар, себебі әр адам қателеседі.

-       Балаңыздың  өзін-өзі тым жоғары бағаламағанын  қадағалаңыз.

-        Балаңыздан қателіктер мен кемшіліктер байқасаңыз, арнайы мамандардан көмек сұрауға қорықпаңыз: логопед, психолог, т.б.

-       Оқу демалыспен ұштасып, ұласу керек.

-       Балаңыздың күн тәртібін қадағалап отырыңыз, бала белгілі  бір уақытта оянып, ұйықтауы керек.

-       Ас қабылдауы сәйкес болуы керек.

-       Балаңыз әр жағдайда қалай жауап бергенін байқап отырыңыз.

-       Үй жұмысын орындауға түгел жағдай жасаңыз.

-       Балаңыз үй жұмысын аяқтамай, шаршаса, балаға біраз уақыт демалуға руқсат етіп, демалғаннан соң қайта сол үй жұмысын орындатыңыз.

-        Бала үй жұмысын орындаудан бас тартса, оны қызықтырып, бір айласын табыңыз.

-        Балаңызға өзіңіздің қалай оқып, қалай бірінші сыныпқа барғаныңызды айтып беріңіз.

-        Мектепке деген көзқарасын дұрыс қалыптастырыңыз.

-        Балаңыз «сыпайы сөздерді» қолдана ма, соны байқаңыз: рақмет, кешіріңіз, сау болыңыз, сәлеметсіз бе? т.б.Балаңыз мектеп табалдырығын аттағаннан бастап өмірдің келесі сатысына көтеріліңіз. Бұл сатыда балаңыз қуанышқа бөленіп, түгел оқу бойы осындай көңілді мезетке толы болатынына жағдай жасаңыз. Бала әрқашан сіздің барыңызды, көмегіңізді сезініп, әр қиындықта сізден көмек сұрауға болатынын білуі керек. Балаңызға дос, дана, кеңесші болыңыз. Сонда ғана сіздің балаңыз жеке тұлға болып, келешекте мақтанышыңызға айналады.
А. В. Запорожец, мектепке баланың дайындығын былай сипаттаған «баланың жеке ерекшеліктерінің бір тұтас жүйе ретінде қалыптасуын көздеген. Оның мотивациялық ерекшеліктері, таным қабілеттерінің даму деңгейі, ерік - жігер механизмінің қалыптасу деңгейінің өзара байланысы»
Яғни, баланы жан - жақты психологиялық тұрғыдан дайындау болып табылады. Баланы балабақшада ғана дайындап қоймай, ата - аналарында кіріктірген жөн. Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дайындау ауқымды мәселе. Көптеген жұмысты талап етеді. Балабақшамен мектеп арасында өзара байланысты орнату. Көптеген ата - аналар баланың мектепке бару үшін тек әріптерді танып, санай алса болғаны деп тұжырымдайды. Әрине бұлда маңызды фактор. Баланың мектепке психологиялық жағынан дайындығына назар аудармайды. Бұл кезең балалар үшін өте ауыр. Яғни балабақшадан мектепке бару. Әрине, балабақшада да өзіндік әдіс - тәсілдерін қолданады, сабақтар өтіліп, психолог - педагогта балалармен жұмыс жүргізіп мектепке дайындайды. Алайда баланың жан - жақты дамуына мектепке бейімделуіне ата - аналар көп әсер етеді.
Соның негізінде ата - аналарға балаларының мектепке психологиялық жағынан дайындығын мөлшерлеуіне өзіндік диагностикалау тесті беріліп отыр.
Американдық психолог Джеральдин Чейпидің ұсынған тестін қолдана отырып, ата - аналар балаларын бақылай отырып, қарапайым сұрақтардың жауабын қорытындылай келе психологиялық даму деңгейін шамамен болжай алады.
Таным қабілетінің даму деңгейін бағалау
1. Бала негізгі ұғымды меңгерген бе, мысалы: оң жақ, сол жақ, үлкен, кіші
2. Аяқталмаған оқиғаның соңын болжай алады ма?
3. Үш нұсқауды есіңе сақтап, орындай алады ма, мысалы: қуыршақты алып кел

4. Әріптерді танып, атай алады ма?
Базалық тәжірибесін анықтау
2. Балаңыз кітапханада болды ма?
3. Хайуанаттар бағына, музейге т. с. с барған ба?
4. Сіз балаңызға үнемі ертегі немесе қызықты оқиғалар оқып бересіз бе?
Сөйлеу тілінің даму деңгейін бағалау
1. Өзін қоршаған ортадағы негізгі заттарды атай алады ма?
2. Үлкендердің сұрағына оңай жауап бере алады ма?
3. Заттардың не үшін керек екендігін айта алады ма?
4. Заттардың қайда тұрғанын айта ма?
5. Оқиғаларды немесе ертегі - әңгімелерді әңгімелеп айтады ма?
6. Сөздерді анық, дұрыс айтады ма?
7. Грамматикалық жағынан сөздерді дұрыс айтады ма?
8. Басқа балалармен қарым - қатынасқа оңай түсе алады ма?

 

 Эмоционалды даму деңгейін бағалау

1. Көңіл - күйі қандай болып жүреді?
2. Өзін жеке тұлға ретінде сезінеді ме?
3. Күн тәртібі өзгерген жағдайда тез бейімделеді ме?
4. Өз еркімен жұмыс жасайды ма, достарымен жарысқанды ұнатады ма?

 Қарым - қатынасқа түсу қабілетін бағалау
1. Басқа балалармен ойнайды ма, ойыншықтарымен бөліседі ме?
2. Кей жағдайларға байланысты кезек сақтайды ма?
3. Басқалардың сөзін бөлмей тыңдай алады ма?

 Физикалық даму деңгейін бағалау
1. Есту қабілеті жақсы ма?
2. Көру қабілеті жақсы ма?
3. Бірнеше уақытқа дейін тыныш отыра алады ма?
4. Жалпы қимыл – қозғалысы жақсы дамыған ба, мысалы: доп еркін ойнау, баспалдақпен жүру т.с.с
Белсенді, шымыр, шапшаң көрінеді ме?

Мектепке алғаш бару бала өміріне үлкен жаңалық, өзгеріс енгізеді, қоғамдағы жаңа орынға бейімделуі мен өсіп-жетілуінің бір бастамасы болады. Демек, «Баланы мектепке даярлау қалай болуы керек?» деген сұрақтың ата-ана үшін маңыз артып, тиісті жауап іздейді. Бұл сұраққа көптеген ата-аналарда екі пікір қалыптасқан: бір ата-аналар алғаш мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап данышпан етуді мақсат тұтса, кейбіреулері, керісінше, бала білмей барса, барлығын мектепте үйренуі тиіс деген пікірде. Осы пікірлердің алтын ортасын қалай таңдаймыз? Баланы мектепке физикалық жағынан да, психологиялық жағынан да қалай дайындаймыз?

Бірінші сыныпқа баратын бала жазу-сызуды біліп баруы міндетті емес, оған барлығын мектепте үйретуге міндетті. Алайда, қазіргі заман оқу бағдаралмасының тапсырмаларын ауыртпалықсыз орындау үшін, іс-жүзінде мектеп табалдырығын аттамас бұрын жазу мен оқуды біліп барғаны дұрыс. Балаңыз мектепке бармас бұрын оқу-жазуды білсе — жақсы! Балаға жазу-сызу барысында қарындашты немесе қаламсапты дұрыс ұстап үйретуді ұмытпаңыз. Баланың сөйлеу тілінде кемістіктің болмауы шарт, сөйлеген сөзінің мағынасы өзіне түсінікті болу керек, өзінің ойын жеткізе алуы қажет. Жазып санауымен ғана шектеліп қана қоймай, салыстыра білуді және талдауды, ойлай білуді меңгере алу тиіс. Сонымен қатар, өздігінен қорытынды жасай білсе, көп нәрсені жақсы түсінеді.

Көрнекі әрекеттік ойлау қабілеттілігі жоғары бала көрнекі үлгімен жұмыс істегенде, заттардың кейпімен мөлшерін ұйқастырғанда қойылған міндеттерді шешуде тиімді әрекеттердің барлық түрін ұйымдастырып шығарады.

Кез-келген ата-ана баланың өсіп жетілуіне, рухани күшті етіп тәрбиелеу жолында алуан түрлі қуаныш пен қиыншылықтарды бастарынан өткізе отырып, оның рухани және ақыл ойы мен дене құрылысы жағынан жан-жақты дамуына баулуы керек.

Баланың мектепке дайын болу жағдайы бірнеше түрге бөлінеді:
1. Дене бітімінің дайындығы — баланың салмағы мен бойының өз жасына сай болуымен қатар он екі мүшесі сау болуы керек;
2. Зиятының дайындығы — баланың ой-өрісінің, есте сақтау қабілетінің, тілінің, зейінінің, өз еркімен тапсырма орындай алуының, мақсат қоя білуінің, қателігін түсіне білу қабілеттілігінің өз жасына сай болуы;
3. Әлеуметтік-психологиялық дайындық — баланың жаңа ортаға деген көз-қарасының, оқушы жауапкершілігінің, өзін-өзі ұстай білуінің, үлкен кіші адамдармен қарым-қатынасының өз жасына, мектептердің талабына сай болуы;
4. Ерік аясының дайындығы — баланың өз іс-әрекетін мақсатты түрде қалыптастырып, өз кемшіліктері мен жетістіктерін дұрыс қабылдап, әрекет ете білуі;

Әлеуметтік-психологиялық дайындық
Баланы мектепке дайындау дегенде көптеген ата-аналар әріптерді танумен, сандарды санаумен ғана шектеліп жатады. Одан басқа, баланыңмектепке қажетті құрал-саймандары мен киім-кешектеріне баса назар аударады. Әрине, бұл дайындықтарсыз баланың мектепке дайын болуы екіталай. Бірақ баланың оқуға дайындығын ақыл-ойының даярлығымен, материалдық дайындығымен шектеліп қоймай, оны оқуға психологиялық жағынан даярлауды қарастыру қажет. Баланың психикалық үрдістерінің дамуы оқуда және басқа адамдармен қарым-қатынас орнатуда қиындыққа кезікпеуіне мүмкіндік береді.

Мектепке келген бала «оқимын» деген ниетпен мектеп табалдырығын аттайды. Бірақ, кейде бала оқуға барғысы келмейді, дегенмен оның себебі әр түрлі болады: бір балалар мектепте көп бала бар және онда көңілді десе, біреуі партаға отырғысы келгендіктен баруы мүмкін. Алайда, мұндай ықыласпен келген балалар біраз уақыттан кейін мектептің олар үшін қатал тәртібіне және күнделікті оқу сабақтарына шыдай алмайды. Жалпы, бала оқу үрдісіне қызығуы қажет. Сонда ғана баланың таным қызығушылықтарының дамуына, жаңа білім алуына мүмкіндік туады. Сонымен бірге баланың мұғалімдермен, балалармен қарым-қатынас жасауы аса маңызды. Яғни, оқу әрекеті ұжымдық сипат болғандықтан, әрбір бала құрдастарымен қарым-қатынас жасай алуға, бірге жұмыс істеуге дағдылануы керек.

Баланың шешім қабылдай алып, мақсат қоя білуі ерік-жігерінің даярлығы болып саналады. Баланың әркеттерді жоспарлап, олардың орындалуын жүзеге асыруда күш пен бойындағы қабілеттерін жұмсай білуі, қиындықтарды жеңе білуі балалардың психикалық үрдістерінің қалыптасуына ықпалын тигізеді. Егер балалардың оқуға дайындығы осы бағыттармен ұштасып жатса, бала оқуға тез бейімделіп, жақсы оқып кетуіне мүмкіндік туғызады.

Мектепке дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті ойын болғандықтан, оларға бірден оқу әрекетіне ауысу біршама қиындықтар туғызады. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бала педагогтармен және балалармен кезіккенде мазаланады, оқу үрдісінен өзінде жағымсыз эмоциялық сезіну пайда болып, қорқыныш пайда болады. Сондықтан балалардың көңіл күйі болмай, себепсізден жиі ауыруы «мектеп неврозы» сипатында көрінеді. Яғни мектепті еске алса болғаны, жылап, уайымдайды. Сөйтіп, мектеп бала үшін стресс тудыратын факторға (стрессогендік фактор) айналып, денсаулығының нашарлануына әкеп соғады. Осы кезде әрбір ата-ана өзінің баласына мектеп туралы қажетті мағлұматтар айтып, баланың мектепке деген жағымды қатынас және сенімділік сезімін қалыптастыра отырып тәрбиелеу керек. Ең бастысы — баланы жолдастарымен қарым-қатынас жасай алуға, басқа балалардың ойымен санасуға үйрету.

Балаларды мектепке психикалық даярлау бағыттарын тәжірибеде жүзеген асыратындар — ата-аналар, мұғалімдер, бала-бақша психологтары. Психологтың міндеті: психодиагностиканың әдістемелерін қолдану арқылы және зерттеу нәтижелеріне сүйеніп, алты жастағы баланың оқуға дайындығын анықтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 22.04.2019 16:04
Құрылған күні: 22.04.2019 16:10

Текст