Ақмола облысы  Жарқайың ауданы ЖК "Рамазанова"  "Солнышко" балабақшасы" мемлекеттік-жекешелік әріптестік   
ИП "Рамазанова"  Государственно-частное партнерство "Детский сад "Солнышко"  Жаркаинский район Акмолинская область

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қазағымның қазынасы - домбыра».

«Лучики»  мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің  конспектісі

 

 Білім беру салалары: Қатынас

 Бөлімдері: Қазақ тілі

 Тақырыбы: «Қазағымның  қазынасы - домбыра».

Мақсаты: балаларға қазақ халқының ұлттық аспабы – домбыра туралы түсінік беру.

Міндеттері:

Білімділік: күй тыңдай отырып, ұлттық танымын көтеру. Ауыз әдебиет үлгісі мен нақыл-сөздерді қолдана отырып білімділігін шыңдау.

Дамытушылық: түстерді таңдай отырып, домбыраға ою-орнектерді ұқыпты безендіру арқылы әдемілікті сезіне білу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: ұлттық өнерді қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Үштілдік компонент: домбыра-домбыра-dombyra, музыкалық аспаптар-музыкальные инструменты-musical instruments.

Құрал – жабдықтар: интерактивті тақта, домбыра, домбыра туралы презентация.

Үлестірмелі материал: домбыраның  қиылған  суреттері, «Күн мен бұлт» ойынына  арналған  карточкалар.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: домбыра қазақтың ұлттық аспабы екенін.

Болу керек: домбыраның құрылысы туралы мағлұмат.

Істей білу керек: ұлттық өнерді қастерлеуді, құрметтеуді.

 

ҰОІӘ барысы:

Мотивациялық-қозғаушылық

 

«Домбыра  туралы  аңыз»  видео – ролик  тамашалау.

 

Балалармен амандасу.

Шаттық шеңбері:

Қуанамын мен де,

Қуанасын сен де.

Қуанайық достарым,

Жарқыраған күнге!

 

Мұғалім:

Екі ішектің бірін қатты,
Бірін сәл - сәл кім бұра.
Нағыз қазақ, қазақ емес,
Нағыз қазақ - домбыра - деген өлең жолында айтылғандай, бүгін біз ең ежелгі, ең жетілген әрі нағыз табиғи ұлттық аспап - домбырамен танысамыз.

 

 

 

Ұйымдастыру – іздестіру кезеңі:

Слайдтан домбыраның суретін,  құрылысын көрсету арқылы сабақты түсіндіру.

Балалар,  бұл – домбыра.  Домбыра - қазақ халқының өте ерте және кең тараған , нағыз табиғи ұлттық музыкалық аспабы. Домбырадан шыққан үнді – күй, ал домбыра тартатын адамды – күйші деп атайды. Домбыраның құрылысы көптеген бөліктерден тұрады.Мынау домбыраның басы, құлағы, мойыны, пернелері, домбыраның беті, шанағы, тиегі, ішегі, дөңгелек дыбыс ойығы деп аталады.Домбыра -  ішекті музыкалық аспап.Ол ағаштан жасалған және де қазақтың ұлттық ою – өрнегімен безендірілген. Балаларға домбыра үнін тыңдауды  ұсыну

«Домбыраны тап»  ойыны :

Балалармен  бұл ойынды   интерактивті тақта арқылы ойнау. Көптеген музыкалық аспаптардың ішінен балалар домбыраны тауып, қарындашпен қоршайды.

«Домбыраның үнін ажырат»  ойыны:

Балалар  берілген музыкалық аспаптардың үнін тыңдап, домбыраның үнін ажыратады.

Мзыка ойнайды, топқа  күйші кіреді.Балалармен амандасады, өзін таныстырады.

Балалар күйшімен бірге  «Күн мен бұлт» ойынын ойнайды.

Ойынның мақсаты: Балаларды музыканың әртүрлі сипатын ажыратуға баулу(көңілді,ойнақы,сабырлы,мұңды).Шығармалардың көңіл-күйін сезіне білуге үйретеді.

Ойынның шарты: Көңілді күн мен бұлт суреттері бейнеленген карточкалар таратылады.Балалар екі түрлі шығарманы тыңдап,әуен сипатына сәйкес суретті көрсетеді.

 

Мұғалім:

Ал, балалар сендер шаршаған шығарсыңдар, сергіту сәтін орындайтын кез келді.

 

Балалар сергіту сәтін орындайды.
 

«Домбыраны құрастыр» ойыны:

Бір бала  ортаға шығып, интерактивті тақтада бөліктерге бөлінген  домбыраны жинайды, ал қалған балалар үстелдің  үстіндгі  бөліктерге  кесілген домбыраны құрастырады.

Рефлексивті – түзетушілік: 

Мұғалім қорытынды жасайды.

1.  Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

2. Балалар , бүгін біз қазақтың қандай   аспабымен  таныстық?

3.Балалар домбыраның бөліктерін кім айтып береді?

4. Домбырадан шыққан үн  қалай аталады?

5.Ал домбыра тартатын адамды  кім  деп атаймыз?

 

Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді.

 

Мұғалім:

Бұл аспап ата көзі, баба мұра
Қазақ үшін теңі бар ма бағалы да.
Тербеліп кетсе ішектер теріп перне
Теңіз күйлер төгіледі шанағында,- дей отырып сабағымызды күймен аяқтасақ.

Мұғалім:Балалар, біздің күйші қонағымыздың сендерге деген сыйлықтары бар екен .

Күйші: менің сендерге деген сыйлығым бар.Өскенде мен сияқты күйші болыңдар. (сыйлықтарын таратады).

Күйші:Ал енді, менің кететін уақытым болды, сау болыңдар!

 

Балалар қонақпен қоштасады.

 

Жаңартылған күні: 09.11.2020 11:36
Құрылған күні: 09.11.2020 11:36

Текст