Ақмола облысы  Жарқайың ауданы ЖК "Рамазанова"  "Солнышко" балабақшасы" мемлекеттік-жекешелік әріптестік   
ИП "Рамазанова"  Государственно-частное партнерство "Детский сад "Солнышко"  Жаркаинский район Акмолинская область

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көңілді старт эстафеталық жарыстар

28.01.2021

Көңілді старт эстафеталық жарыстар

 

Мақсаты:
Балаларды спорттық ойындарға деген бейімділігін, денсаулықтарын жаңғырту, спортқа деген қызығушылықтарын арттырып, дене қозғалыстарын жетілдіру.
Дене шынықтыру жаттығулармен өз бетінше шұғылдануға, этикалық және эстетикалық тәрбие беру
Көрнекілігі: Кедергілер, доп, кенгуру добы, теннис таяғы, уақ доп, шашақтар.

Тәрбиеші: Балалар сәлеметсіңдер ме! Көңіл күйлерін қалай?

«Көңілді старт» спорттық сайысымызға қош келіпсіздер!

Тәрбиеші: Ендеше жарысымызды бастаймыз.
Біз бақытты баламыз,
Шыныға да аламыз.
Тәуелсіздік ел көгінде
Спортшы бола аламыз - деп - ойын шартымен таныстырайық.

Эстафеталық сайысымыз 5 бөліммен тұрады.
 

1. «Кім шапшаң» сайысы
2. «Жүйрік ат» сайысы
3. «Кенгуру» сайысы

4. «Тез қимылда» сайысы
5. «Тез ұтып ал» сайысы

1.«Кім шапшаң» ойынын бастаймыз.
Ойынның шарты: Қаппен секіріп, межеден айналып қайту.
 

Тәрбиеші: Бақшада бүгін басталған
Дайын болын жарысқа
Жүгір, секір қалыспа
Топаралық жарыстан - дей келе «Жүйрік ат» ойынын бастаймыз.
Ойынның шарты: Балалар допты аяқтың арасына қысып, секіру арқылы жарысады. Ойынды сапалы әрі тез аяқтаған команда жеңіске жетеді.
 

Тәрбиеші: Өздерінің шапшаңдылығын ұғындырып,
Көрсетер көп еңбектенген мықтылық.
Келесі бұл сайыста
Қай топтың ептілігін анықтайық – деп «Кенгуру» жарысын бастаймыз.
Ойын шарты: Үрілген кенгуру добымен кедергілер арасымен секіріп, белгіленген межеден айналып келеміз. Бірінші жеткен топ осы бөлімнің жеңімпазы атанады.

Тәрбиеші: Денемізді шынықтырып,
Шыныққан біз баламыз.
Жаңғыртып біз елімізді,
Биіктерден көрінеміз - дей келе «Тез қимылда» сайысын бастаймыз.
Ойын шарты: Теннистің таяғымен уақ допты кедергілер арасымен домалатып, кері қайту.
Тәрбиеші: Ендеше ең соңғы ойынымыз «Тез ұтып ал» жарысын бастаймыз.
Ойын шарты: Балалар шапшаң қимылдап, жүгіріп келе жатып, ілініп тұрған кішкене доптарды жинайды. Кім жылдам қорапшаға жинаса, сол топ ұтады.

Тәрбиеші: «Спорт» әнімен флешмоб биін тамашалаңыздар!
Жүргізуші: Ендеше бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Қатысқан бүлдіршіндерімізге рахмет. Сау болыңыздар!

 

 

 

 

Просмотров: 441


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст