Ақмола облысы  Жарқайың ауданы ЖК "Рамазанова"  "Солнышко" балабақшасы" мемлекеттік-жекешелік әріптестік   
ИП "Рамазанова"  Государственно-частное партнерство "Детский сад "Солнышко"  Жаркаинский район Акмолинская область

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ЦИКЛОГРАММА Өтпелі тақырып: Табиғат әлемі Тақырыпша : Құстар – біздің досымыз

12.02.2018

                                                                                                            

ЦИКЛОГРАММА

                                                                

                                      Бір аптаға     15-19.01.18.ж       ( III апта ) 

                                            

  Державин  қаласы  «Солнышко» бөбекжайы     «Балапан» Ересек топ   

                                                                                   

                 Өтпелі тақырып: Табиғат әлемі

        Тақырыпша :   Құстар – біздің досымыз

 

 

 

Күн тәртібі

Уақыты

 

Балаларды қабылдау

Ата-аналармен әңгімелесу

 

Ойындар (үстел үсті, саусақ және

т.б. )

 

Таңертеңгі гимнастика (5 мин)

Мақсаты: Балалардың дене бітімін шынықтыру,дене сымбаттылығын

қалыптастыру мен денсаулығын нығайту

 

 

 

Гигиеналық шаралар.

 

 

08.15

08.45

 

 

08.45

08.55

 

 

 

 

Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасы: Баланы ата-анасынан

қабылдап алу.  Баласының көңіл-күйін

сұрап, білу.  Отбасы

дәстүрлері туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй

орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды 

жағдай орнату. Денсаулығына

көңіл-күйіне назар аудару. Тазалығын тексеру Жеке баламен жұмыс.Топтық қарым

қатынас.

Балалар  жылулық:

Сәлем 

бердім  күнге  мен,Сәлем  бердім  аспанға,Сәлем 

бердім  жерге  мен,

Сәлем 

бердім  саған  да

Сәлем 

бердік  қонақтар

Табиғатқа 

,  құстарға.

«Шөжелерім».

«Торғай».Т.Ткаченко

Әңгімелесу.

«Торғай ағаш қорғайды»

М Әлимбаев.Жаттау.

Дид-қ ойын:

«Ғажайып себет».

«Не  қалай

дауыстайды».б,135

Таңғы жаттығу:

Мақсаты:балалардың дене дамуын шынықтыру. Саусақ ойынын  жаттау:

Мынау менде басбармақ,

Бар жұмысты бастамақ.

Төрт досы бар өзінің,

Кәне, кәне, кәне

санайық

Санын біліп алайық,

1,2,3,4,

Басбармақ, баланүйрек,

шылдыр шүмек,

кішкентай бөбек.

Дамытушылық үстел ойындары: «Шашки, домино, лего» Қимыл-қозғалыс ойын:

«Торғай.»

«Қарға»


Таңғы шеңбер:  «Құстар»

«Құстар-біздің досымыз,Шырқап, әнге қосамыз.Құстар-біздің

досымыз,Көктем айын тосамыз.

»-қимылды ойын б,134

«Құстардың қысқы тіршілігі»

туралы әңгімелеу.

«Ұй  құстары» суреттері бойынша 

әңгімелеу.

2Дид-қ ойын :

«Балапандарды қөректендір»

«Әтеш»саусақ ойын

«Балапанын тап»ойыны

Таңғы жаттығу:

Мақсаты:Қимыл- қозғалыс жаттығуларды күн сайын жасауға тәрбиелеу.

Мозайка «Құс сал»

Саусақ ойынын 

жаттау: «Біздің бөбек» - сөйлеуді дамыту

Қ\Қ

Ойындар:

«Жаңбыр мен балапандар»(әд/құр б.134)

«Не қалай жүреді»


Жылулық шеңбері :

«Шөжелерім» А.Торғаевтың өленін айту б,133 Құстар,құстар

келеді

Жерді шуға бөледі

Көктем келді деп бізге

Жақсы хабар береді.

«Ұй құстары » туралы әңгімелесу Әд құр б132

«Әтеш пен бұршақ дәні»ертегі

«Ақ тауық» Ж.Смақов

Тақпақ.оқу.Хр.55

 2Дид-қ ойын :

« Құстар».

«Не жоқ?»    б

,133

Гигиеналық шаралар: балалардың жеке гигиена туралы ұғымдарын кеңейту; 

Тазалыққа тәрбиелеу. Саусақ ойыны  

«Торғай»-саусақтың шағын бұлшықеттерін 

қалыптастыру. Үстел ойындары: лото, домино

Қ/қ   ойындар:

«Қарлығаш »,б,61

«Көғершін»   б,37(Кел,балалар

Шаттық шеңбері.: Қимылмен көрсету.

Құстар болып ұшамыз. / Қанат жайып  ұшу/

Құстарға

жем шашамыз / Саусақтармен жем себелеу/

Құстарға

ұқсап жем жейміз / Бастарын жоғары –төмен көтеру /

Құстарға

ұқсап су ішеміз / Басты шалқайта көтеру/

Құстар

болып ұшамыз / Қолды жайып ұшу/

Таңертеңгілік жаттығулар

«Құстар -біздің досымыз». Әңгімелеу.

«Қазым,қазым,қазым.».С.Бегалинің өлеңін жаттау.

«Қарға» .Оқу.(хр.б.61)

Дид-қ ойын:

«Не жоқ тап?»

«Не өзгерді?».

«Жабайы құстары- 

үй құстары»

б.141(ә\қ)

Таңғы жаттығу

Тілдерін дамыту (Жаңылтпаш, мақал, тиым сөз) Дидактикалық ойын. «Құстар» Саусақ ойынын  жаттау: «Тыңдаңдр балалар»

Д\ойын «Қайда тұрады», « Қалай дыбыстайды» ойын

жаттығулар.

Қ\Қ   ойындар:

«Аш қасқыр ».«Тырау –тырау –тырналар.»т.б92(Кел,балалар).

 

Шаттық шеңбері:

«Құстар» қимылды ойын.б,145 Құстар тойын қарсы алып,

Қуанамыз, қолдаймыз.

Ұя жасап ағаштан,

Біз

оларды қорғаймыз.

«Дала қустары» 

Әңгімелеу.

«Көгершін».

(Оқу,талдау) б.62 хр

«Құстар» Р.Өтегенөв.  

Жаттау

 б.62 (хр)

Дид-қ ойын:

«Құстар қалай ұшады»б,145 «Дауысынан таны»б,146

Таңғы жаттығу

Суреттерді қарау

«Құстар – біздің досымыз» Саусақ

ойыны      «Біздің сәбиіміз»-сөйлеу

қабілетін қалыптастыру.               Әңгімелесу:   «Құстар

– біздің досымыз»

балаларды әңгіме айтуға үйрету

                                                                                    

Жаттығулар кешені

Таңғы ас

09

09.15

Мақсаты: Балаларды тазалықты сақтауға

қалыптастыру. Қолдарын сабынмен жууға естеріне салу. Өз сүлгілерін пайдалану.

Сумен жуынуды белгілі ретімен қимылды орындау, сүлгіні

қолдану , орнына ілуді қалыптастыру. Беті-қолдарын сабындап жуу, өз

сүлгілеріне сүртінуге үйрету. Мына

ережелерді есіңе сақта:

-Қолыңды жумас бұрын жеңіңді түр.Қолыңа сабынды алып аздап жақ.Енді суды аздап ағызып қолыңды жуасың

-Беті қолымызды-сабындаймыз.Жақсылап сумен жуамыз.Орамалмен беті қолымызды құрғатып сүртеміз.

 Ойын жаттығу: «Мөлдір таза су, бетімді жу» Мақсаты: Таңғы ас түрімен таныстыру.

Асты төкпей ұқыпты ішуге әдеттендіру.

Еңбек әрекеті. Асханадағы кезекшелік.

Мақсаты: Дастарханды әдемі және ұқыпты жая білуге үйрету.Мақсаты:

дастарханды жаю, ыдыстарды қойып үйрену. (Дархан, Әмина); (Али, Арсен);

(Аяру, Санжар); (Арай, Сабина); (Асем, Канат)

Ойындар,Ұйымдастырылған оқу қызметіне (ҰОҚ) дайындық

 

Балалармен ұйымдастырылған оқу қызметін

ұйымдастыруда  ойындар және баяу

қимылды ойын-жаттығулар

Дидактикалық ойын:

 «Үй дала құстары»

Мақсаты:Құстар туралы білімдерін бекіту. Тез ойлау

қабілетін,зейінің тәрбиелеу,белсенділігін артыру.

Ойынның барысы:

ойыншылар екі топқа бөлініп,әртүрлі табиғат көрінісі

салынған бір-бір үлкен картадан алады. Жүргізушінің белгісі бойынша балалар құстарды

бейнеленген үлестірмелі карточкаларды үлкен картадағы салынған сурет

мазмұнына қарай бос тор көздерге орналастырады. Кім бос тор көздерді

толтырып, құстарды дұрыс атаса,сол женімпаз

Дидактикалық ойын:

 «Қайсысы қайда тіршілік етеді»

Мақсаты:құстар ұқсас белгілеріне қарай табу,олардың

мекен-жайын анықтау. Сөздік қорын молайту.

Ойын барысы:әр түрлі құстар көрсетіп,олардың

қайда өмір сүретінін сұралады. Оларды немен қоректенетінін айтқызады.

Балалардың сөздік қорына жаңа сөздер еңгізу үшін тапсырманы түрлендіруге

болады. Құстар туралы

білетін тақпақтарын сұрайды.

 

Дидактикалық ойын:

«Құстар»

Мақсаты: Балаларды үй-дала құстарың  ажыратуға, дыбыстайтынын және дене мүшелерін

суреттер,оларды қорғауға қамқоршы болуға тәрбиелеу

Ойын барысы:Балаларға үй-дала құстардың  суреттері таратылып беріледі,олардың қалай

аталатынын,қалай дыбыстайтынын,қалай күтуге болатынын айтқызады. Сонымен

бірге дене мүшелерін де атап,үй құстары туралы білетін жұмбақтарын шешкізеді.

 

Дидактикалық ойын:

 «Не артық?»

Мақсаты:Балаларды

суретке қарап,оларды топтастыруға үйрету. Құстар үй

мен дала  жеке және

жалпы аттарын айтқызу. Оларды қорғауға,қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Ойын

барысы:Үлгідегідей әр түрлі берілген суреттерден не артық екенін табады.

Берілген суреттерді топтастырып,оларды жалпы атауын айтады.

Неліктен

артық екенін түсіндіреді. Жеке мен жалпы ұғым туралы түсініктерін бекітеді.

 

Дидактикалық ойын:

«Құстарды қалай күту қажет?»

Мақсаты.Балалардың үй құстар  туралы білімін тереңдету және

жүйелеу. Балаларды сипаттау арқылы құстарды  білуге үйрету. Білімдерін бекіту.

Ойын шарты: Балаларға үй  дала  суреттері таратылып беріледі. Әр бала сурет

бойынша құстар туралы білетінін немесе өз ойын білдіреді.

- Құстарға қалай қарау керек, қандай қарым-қатынаста

болу ережесін құрайық:

Құстарды  жақсы

көру керек.Құстарды  күту керек.

Мектепке дейінгі ұйым кестесі  бойынша 

ұйымдастырылған оқу қызметі

сабақ

1.09.20

09.45

2.09.55

10.20

3. 10.30

10.50

 

 

 

 

 

 

«Табиғатқа шығу».Серуенге дайындау

10.50

Серуенге қызығушылық туғызу;

балалармен жеке әңгімелесу; серуенге ойын материалдарын таңдау; серуенде

балаларды әрекет етуге ынталандыруТәрбиеші мен

оның көмекшісі балаларды серуенге дайындауда.Бұл әрекеттер әлі өздігінен

киініп-шешінуі нашар балалармен жасалынады /3 жастан асқан бала жалпы киіне

білуге тиіс/.Серуенге шығуға дайындау, дұрыс киіну ретін үйрету. Аяқ киім

бауын дұрыс байла!»

Серуен. Еңбек, ойындар, табиғатпен таныстыру.

 

                         

Серуеннен оралу.

Шынықтыру және гигиеналық процедуралар.

12.15

Балалардың 

реттілікпен киімдерін  шешуі,

дербес ойын әрекеті . Серуеннен оралу.Аяқ

киімдерін дұрыстап қою  Киімдерін ретімен бүктеп қою. Киім салатын

шкафтарын жинау. Киімдерін шешуге

талпындыру ірі түймелерін, сырмаларды ағытуға үйрету.Киімді кірлетпей таза

ұстау.Шкафын ретке келтіріп жүру. Балаларды қол жуғаннан кейін

орамалды дұрыс ілуге үйрету.

Гигиеналық және дене шынықтыру процедуралар

Түскі ас

12.30-12.45.

Балаларды этикет ережесімен таныстыру; үстел басында

өздерін дұрыс ұстауға тәртіпті болуды тәрбиелеу. Кезекшілікті атқара білу. 

Асты төкпей, шашпай тамақтануды тәрбиелеу. Балаларды асхана

құралдарымен пайдалануды үйрету,ас ішкеннен кейін аспазшы тәтеге алғысын

білдіру Қасықты оң қолға, нанды сол қолға ұстауға дағдыландыру.Дұрыс

тамақтануларын қадағалау.Тым

ащы және тұзды тағамдардан сақтаныңыз.Тәттілер көп, ал денсаулық

біреу-ақ.Тамақты дұрыстап шайнап жұту керек.Тым ыстық не суық тамақтан тіс

эмалі бұзылады..Түрлі дәмдеуіштер қосылған тағамдар ағзаға өте зиян..Балалардың

назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға баулу  бойынша жеке жұмыс; әдеп ережесі.  

Ойын жаттығу:

Су мен сабын- бір жолдас,

Жоймас олар кір қоймас

 Мына ережелерді

есіңе сақта:

-Қолыңды жумас бұрын жеңіңді түр

-Қолыңа сабынды алып аздап жақ

-Енді суды аздап ағызып қолыңды жуасың

-Беті қолымызды-сабындаймыз

Жақсылап сумен жуамыз

Орамалмен беті қолымызды құрғатып сүртеміз

Сумен жуынуды белгілі

ретімен қимылды орындау, сүлгіні қолдану , орнына ілуді қалыптастыру.

Түскі ас.Балалар, астарың дәмді

болсын, тәбеттеріңіз тартымды болсын

Ұйқы.

Күндізгі ұйқыға жатқызу.

13.00

15.00

Киімдерін ретімен бүктеп

қою Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай орнату.Релаксацияға жаттығу. Балаларды кйімдерін шешіп

орындаққа дұрыс ілуге үйрету.Ұйқы

ашар жаттығуының алдында өткізетін релаксация-жаттығулары « «Күннің сүйісі» релаксациялық ойын

 Сипалау, шапалақтау, шымшылау. Психотренинг : Ертегі тыңдайық, тәтті

ұйқыға батайық Әдемі әуен арқылы ұйықтату.Балалардың тыныш ұйықтауына  жағымды жағдай орнату.Тербелулі: «Әлди, әлди» өлеңін айтып

беру. Ән «Бөпм -ай». Бесік жырын айту«Табалдырықты аттады, ұйқы..» Оқылу: «Түлкі мен бөдене» ертегі. «Екі лақ» ертегісі...т.б

Тұру. Ұйқымызды ашай-

ық, ояну..

Шынықтыру процедурасы.

 

15.00

15.30

Төсекте жатып керіліп,ауа әсерін қабылдау, түйіршікті

және жұмсақ жолақшалармен жүріп, табанды уқалау. Нүктелі уқалау. Тыныстау

жаттығуы. Көзге арналған жаттығу. Майтабанның алдын алуы. Сколиоздың алдын

алуы. Массаж Жаттығулар:Дымқыл шүбірек үстінен жүргізу .т.б

Гимнастика.(шеңбір құрайық,жаттығуды бастайық.. Шынықтырушаралары.Су. су, бет

қолынды жу...Жалпақ табандылықтың алдын алу

мақсатында ортопедиялық жол бойымен 

жүру. Жалаң

аяқ тастар төселген және дымқыл жолдармен жүру. Артикуляциялық гимнастика

өткізу. Ояну гимнастикасын өткізу. Аяқтарын дымқыл сүлгімен

сүрту.Білімді кеңейту  және 

мәдени-гигеналық дағдыларды 

орындау. Салқын сумен қолын, бетін және мойынын жуу.Нүктелі сипама. Нүктелерге массаж, тұрғызу жаттығуларын жасау. Нүктелерге

массаж.Көзге гимнастика жасау, суық сумен қол жуу. Ұйқыдан кейінгі гимнастика

Ояну гимнастикасы. Жалаң аяқ ылғалды жермен жүру.Ояну шараларын жасау. Рига әдісімен шынығу

Ұйқыны ашу жалпы дамыту жаттығулары: бас пен иыққа араналған жаттығулар.

Тыныс алу жаттығулары: «Кеудемен тыныс

аламыз» кеудеге тиісті жаттығулар.

Ұйқыдан кейінгі жаттығу түрлері: Ұйқыны ашу.

 Денсаулық жол.

Құрал – жабдық: арнайы жол

(майтабанды алдын алу), текшелер (дене бітімі), обручь (аяқ бұлшық еті)

Мақсаты: әуен ырғағы мен түрлі

ережелерді жасау, шыдамдылыққа, ептілікке, тепе-теңдікті қалпын сақтау .

 

Дәрумендер денсаулық кепілі.

 Дәруменді сағат

15.30

 

15.35

 

Балаларға көкөністер мен жеміс

жидектердің адам денсаулығына пайдасы жайлы түсіндіру. Олардың құрамы

дәрумендерге бай екендігін, тұмау мен суық тию ауруына шалдықпаудағы

күресудің жолы екенін көрсету. Дәрумендердің ағзадағы рөлі және дәрумендер

жетіспегеннен болатын аурулар, көкөністердің пайдасы туралы білімдерін

жетілдіру мақсатында ізденуге, тез ойлауға, алғырлыққа, тапқырлыққа баулу...

Дәрумендердің

А,В,С, Д, Е деген түрлері болады. Оларды біз күнделікті ішіп жүрген

тағамдарымыздан кездестіреміз.

Мысалы:

«А»

дәрумені:  қызыл бұрышта, сарымсақта, қызанақта бар.

«В»

дәрумені: қиярда, қырыққабатта, сәбізде кездеседі екен.

«С»

дәрумені қарақатта, лимонда, мандаринде кездеседі.

«Д»

дәрумені: алмада, алмұртта, пиязда, жүзімде .

Осы

дәрумендерді көп жесеңдер суыққа төзімді боласыңдар, сүйектерің қатаяды,

бұлшық еттеріңе күш береді.

 

 

 

Ойындар. Балалардың емін еркін әрекеттері..

Үйірме, желілі-

рөлдік ойындар

шығармашылық

және дидактикалық ойындар.

Вариактивтік компаненті

(2-ші жарты күні)

15.35

 

16.40

 

 

 

 

Желілі-рөлдік ойын ойнату: «Құстар бағында.» Мақсаты:  Құстар бағына саяхат жасау, аңдар тақырыбын кеңінен ашу. Балаларға жалпы құстардың пайдасы туралы, олар жөнінде

мағлұмат беру, негізінен оларға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу..

Үй  дала құстарын ажырату»

дидактикалық ойыны

Балалар енді біздің үй

Құстарымыздың арасына адасып

дала құстары  да кіріп кетіпті.Қане,біз

өзіміздің үй дала құстарымызды ажыратып алайықшы.

-Қалған үй құстарбір-бірден

сипаттап,олардың адамға тигізер пайдасы туралы айтып өтейік.

 

Желілі-рөлдік ойын ойнату: «Зообаққа саяхат»

 Мақсаты:Зообақ

туралы түсінік беру,құстармен таныстыру  Олардың тіршілігі мен

ерекшелігі  туралы түсінік беру. Ќұстар туралы ой-өрістерін,

түсініктерін дамыту.

Дидактикалық ойын ойнату:  «Үй

құстар»

Мақсаты: Үй құстар туралы түсінік беру.

Мақал-мәтелдерді оқу,

мағынасын ашу.    

1.     Қарға қарқылдаса, қысты

шақырады, қаз қаңқылдаса, жазды шаќырады.

2.     Ќарға ќұс басып жейді,

Сұңкар шашып жейді.

3.     Кокек оз атын шаќырады.

4.     Ќұс жеткен жеріне

ќонады.

Жаттап ал:

Қос  қанатын  иіп  ап,

  Жарға  келіп  қонады,

   Қара  киім  киіп  ап,

 Балшықтан  үй  соғады

 

Желілі-рөлдік ойын ойнату: «Орман »

Мақсаты:Б алалардың бойында достық және қоршаған ортаға

қызығушылық сезімдерін ояту. Балалардың құстар туралы білімдерін бекіту.

Дидактикалық ойын ойнату:  Ойын: «Құстар қалай үн қатады?» сөзбен ойналатын

ойын.  Аққу  сұңқылдайды Бұлбұл

сайрайды,    Бүркіт шаңқылдайды.  Көгершін уілдейді,

Торѓай шиқылдайды ,үйрек

барқылдайды.

Тыйым сөздер:

Аққуды атпа, құстың ұясын бұзба, құстың жұмыртқасын

жарма.т

 

 

Желілі-рөлдік ойын ойнату:«Орманшы»

Мақсаты: Балаларды еңбекке баулу. Балаларды табиѓаттаѓы ќұстарды аялап, баптап күтуге дағдыландыру,

құстар туралы мақал-мәтелдердің мәнін ашып түсіндіру, түсініктерін кеңейту.

Дидактикалық ойын ойнату:  «Зообаққа орналастыр» ойынын ойнату. Берілген торларға сәйкес

құстарды орналастыру. .

1       Құстар туралы не білесіңдер?

2       Құстар нені

қорғайды?

3       Ағаштарды.

4       Ағаштар не

үшін керек?

5       Ауаны

тазартады.

6       Құстар қай

мезгілде келеді?

7       Көктем

8       Ќай мезгілде

ұшып кетеді? (Құстардың суреттері:  

 

«» ертегісі бойынша

театрландырылған іс әрекет.

 

Желілі-рөлдік ойын ойнату:. «Құстарға қарап ауа райын болжау.» Артық болмас білгенің» (Халық

болжамдары) Мақсаты: Балалардың зиінін дамыту.

1.  Әтш

жаңбырлы күні таң ата шақырса, күн ашылады. Құстар ертемен жеміздеуге

шықса, күн жауын-шашынды болады.

3.  Қарға жазда ауызын ашып қарқылдай берсе,

найзағай ойнайды.4.   Құстар көңілдене сайраса, күн ашыќ

болады.

 Қаз немесе әтеш бір аяғымен тұрса, аяз болады.

- Егер торғайлар қосылып шықылдаса, ауа райы жылы

болады.

- Көкек

қатты, әрі жиі шақырса күн жылынады.

- Қарлығаш

өрлеп ұшса, күн жылы, құрғақ болады. Ал жер бауырлап ұшса, жаңбыржауады.

Сауысқан шатыр астына тығылса, боран болады.

-

Қарлығаш жоғары ұшса, күн жылы болады, ал төмен ұшса жаңбыр жауады.

-

Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса, су тасқыны болады.

-

Жаңбыр жауарда қарғалар у-да шу болады.

-

Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады.

-

Шымшық ұя салса, қыс қатты болады.

-

Шағала келсе сең бұзылады.

-

Жыл құсы қаптап келсе, көктем ерте келеді.

 

 

 

 

 Жеке жұмыс

 

 

 «Біздің сүйкімді Құстар»Таным.

видеокассетадан көру..

1.Қандай құстарды білесіңдер? 

2.Жабайы құстарды білесің бе? 

3.Үй құстарын атап бер? 

4.Құстар көктемде қандай келеді? 

5.Ең алдымен қандай құс келеді? 

«Менің құсым»

Көркем сөз: тақпақтарды жаттап,

оны айта білу дағдыларын қалыптастыру.

Шығармашылық жұмыс.

Сурет салу :«Менің құсым» Ойын

«Қанатты достарымыз» 

Тақтаға аққу, үкі, қарға, торғай, қарлығаш,

көгершін, суреті ілінеді. Балалар таңдаған құсы туралы әңгіме құрастырады. 

«Құстарға ұя жасайық!» ойыны (Жұмбақтар шешу) Құрастыру Мақсаты :жалпы құстарға деген

қызығушылығын, белсенділігін, білім деңгейі, ой-өрісін дамыту.Б арлық құстарға ортақ

қасиет :ұшады,қанаттары , мамықтары ,тұмсықтары болады.Олар жұмыртқалайды

,балапан басады. .Өсімдік дәндерімен, жемістермен қоректенетін құстардың

тұмсығы үшкір, жерден іліп алуға икемді болады. Құстар өте пайдалы. Олардың

етін, жүнін, мамығын, жұмыртқасын адамдар керегіне пайдаланады. Кейбір

құстарды құсбегі аталарымыз аң аулауға пайдаланған. Құстар көктемде жылы

жақтан келеді. Логикалық тренинг «Қиындыдан құрастыр»

Әр

түрлі қиындыға бөлінген құстардың суретін топ болып құрастырып шығулары

керек.Әр топ бір құстың суретін

құрастыруылары

керек. Және сол құс постерге түсіріп туралы әңгімелеп берулері керек.

(қарлығаш)

Құрастыру.Ересек топ балалар

 

 

 

 «Құстарға

қамқор бол!» (Ситуациялық сұрақтар). 1 -. Егер орманда жүрген балалар құстардың ұясынан

жұмыртқасын алып кетпекші болса, сен не айтар едің? Али

2 - ситуациялық сұрақ. Егер құстың ұясынан балапаны жерге түсіп кетсе,

сен қалай істер едің?      Сабина

Жағдаят: Бірде әкесі мен баласы орманға ағаш кесуге барады.

Әкесі тұрып:  Мына жерде ағаш та қалмапты. Кел, балам, мына ағашты

кесейік. 

- Әке, мынау жас ағаш қой, кеспей-ақ қояйықшы. 

- Балам, үй жылытатын отын керек, бауырларың тоңып отыр

ғой.  Әке, қарашы,тал басында құстың ұясы бар екен. Кеспей-ақ

қояйықшы. Балам, сөзді қой, тамақ істейтін де отын жоқ. Болды,

кесеміз... Арсенжан

3

- ситуациялық сұрақ.

-

Балалар, қалай ойлайсыңдар, кімнің әрекеті дұрыс? - Бұл тығырықтан қалай

шығуға болады? Сендер бала орнында болсаңдар не істер едіңдер?Асем 

4

- ситуациялық сұрақ.

Құстар

болмай қалса не болады?(Ормандар, далалар үнсіз қалады. Зиянды жәндіктер мен

кеміргіштер қаптайды. Бақтар мен бақшалар жемістерін бермейді).Арай

 

Дидактикалық ойын: «Кім тапқыр»

 Сұрақ-жауап: (барлық

топқа ортақ, әр дұрыс жауапқа 10 ұпай) (2 топ кыздар –ұлдар)

1. Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады?

 (Бүркіт)

2. Қандай құс хат тасушы атанған? (Көгершін)

3. Құстың негізгі баспанасы? (Ұя)

4. Қай құста мүлде ұя болмайды? (Көкек).. 

Дидактикалық ойын

« Не арттық?».  «Жасырылған құсты  тап»

 

Дидактикалық

ойыны

"Ойлан тап " 

Ойын шарты:Балалардың көздерін жүмғызып тоақтадағы суреттердін қайсынын

орыны ауысқаны анықталады .

Халық ежелден – ақ құстарға әуес, оларға деген сүйіспеншілігін шексіз

дәріптеп, ең жақсы көретін адамды құстарға теңеу арқылы ол ықыласын көпке аян

етеді. Құстар адам өміріне сән – салтанат беріп, әсем сазды үнімен жанды

рақатқа бөлейді. Сондықтан, атадан балаға мұра болып келе жатқан халық

шығармашылығында адам бойындағы ең сұлу ерекшеліктерді құстарға теңеп, «аққу

мойын», «қасы қарлығаштың қанатындай», «бүркіт тұмсық», «қаз дауысты» т. б.

деп сипаттаса, «Қарлығаш», «Сандуғаш», «Бүркітбай» деп балаларына ат берген.

 

Дидактикалық ойын

Әнгімелеу

 

«Қызыл кітаптағы құстар  əлемі»

Қызыл кітапқа енгізілген құстардын атау.Мақсаты

Болжамды нəтиже

Барлық балалар;

·  түрлерін атап бере алады;

· қажетті жағдайларды атап бере алады;

· ұйымдастырылған қызметін зерттеу тақырыбын анықтай алады;

 

 

« Құстар әлеміне саяхат”

(презентациясымен)

Мақсаты:

1. табиғаттағы рөлі мен маңызы туралы

түсінік беру. Негізгі топтарымен (үй,дала)

таныстыру.

2. Электронды оқулықты пайдалана отырып, ой

өрісін, зейінін дамыту, табиғат туралы түсініктерін кеңейту.

3. Қоршаған ортаны сүюге, мейірімділікке

тәрбиелеу.


«Үлкен - кішкентай» дид. Ойыны шарты:Құстардың атын атап, үлкен ба,

кішкентай ма, айтады. (алдымен топпен айтқызамын, сосын жеке – жеке шығып

айтады) 

- Балалар, біз үй құстар туралы қандай

мақал-мәтелдер білеміз

Дидактикалық ойын:«Адасқан құстар»

Мақсаты: тақтаға төлдер суреті ілінеді, балалар ұй дала құстарды  тауып қояды.


 

Дидактикалық ойын:« «Топтастыру» Мақсаты: құстармен  таныса

отырып, түрлері туралы ақпарат алуға үйрету.Мына

құстарды екі топқа топтастыру.Әр опқа құстардың суреттері беріледі. Күннің

жанына жыл құстарын, жемшашар жанына қыстап қалатын құстарды қою керек. Күн –

қарлығаш, бұлбұл, аққу, көкек. Жемшашар - торғай, сауысқан, көгершін,қарға.

.

 

Серуенге дайындау

 

Бала денсаулығын және өмірін сақтау мақсатында жұмыс

уақыты басталғаннан тәрбиеші және тәрбиеші көмекшісі ойын алаңын тексерген

жөн.Сынған шөлмек, тастардан үнемі тазартып

отыру керек.Тәрбиеші мен оның көмекшісі балаларды серуенге дайындауда.Бұл

әрекеттер әлі өздігінен киініп-шешінуі нашар балалармен жасалынады /3 жастан

асқан бала жалпы киіне білуге тиіс.Серуенге шығуға дайындау, дұрыс киіну

ретін үйрету. Баланы өзінің назары ауған заттарды сөзбен айтуға үйрету,

тілдерін дамыту.Өз-өздеріне қызмет ете білуге тәрбиелеу.

Серуен

 

Бақылауды жанды табиғатқа /құстарға, ағаш

жапырақтарына, жыл мезгіліне байланысты жәндіктерге, өсімдіктерге/ жүргізуге

болады. Жансыз табиғатқа жататын /күнге, бұлтқа, желге, жүргізуге

болады.Үлкендер еңбегін, көлік түрлерін, өтіп бара жатқан адамдарды т.б.

бақылауға болады. Бақылауды түрлендіріп қызықты өткізу – баланың

айырмашылықтарды, айнала қоршаған ортадағы өзгерістерді байқау,

байқампаздыққа тәрбиелейді. Балаларды күзгі табиғат өзгерістерін бақылауға

үйрету /күннің суытуы, жаңбыр, жел/, жапырақтардың түсуі;күзде гүлдейтін

гүлдерді /георгин, «алтын шар», календула немесе тырнақгүл/,күзде пісетін

жеміс жидектерді,түсіп жатқан жапырақтар қандай ағаштікі екенін танытып,

дұрыс атауға үйрету.Қыс табиғатқа деген қызығушылықтарын оятып, оны аялауға

және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Ағаштар неге жалаңаш? Құстар неге жылы жақа

кетті?Өйткені күн суыта бастады.

                              Қаңтар айындағы ауа-райын бақылау.

Мақсаты: Қаңтар айында ауа-райы салқын, аяз болады.

Күннің көзі биікте болып, аспандағы сұрғылт бұлттарды торлайды.

Еңбек: Қарларды үйіп, үстіне су құйып сырғанақ жасау.

Мақсаты: еңбекке баулу.

Қимылды ойын: «Ұшты, ұшты».

Мақсаты: балаларды шапшаңдыққа баулу.

Қимылды ойын: «3ші артық».

Мақсаты: балалардың ойлау қабілетін арттыру,

 « Ақ қоян»

Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, мықтылыққа баулу.

Ойын мазмұны: Балалар шеңбер жасап тұрады да,

ал бір бала ортада қоян болып отырады. Шеңбердегі балалар қол ұстасып қоянды

айнала жүріп тақпақ айтады.

Қар үстіндегі іздерді бақылау.

Қимылды

ойындар: «Ат шабыс»,

 

                                   Боранды бақылау.

Мақсаты: Боранның басталуы бұл – қыс мезгілінің

басталғаны екенін айтып өту. Бұл  жел

қарды ұшырған кезде басталады.қарды үрлеп, ұшырып, бір жерден бір жерге үйіп

тау жасайды.

Еңбек: балалармен жолды қардан тазарту.

Мақсаты: еңбекке баулу.

Қимылды ойын: «Өз жұбыңды тап».

Мақсаты: балалардың шапшаңдылығын

арттыру.

 «Түлкі мен балапандар»

Ойын шарты: Бұл ойынға балалар 7-8 ден бөлініп

ойнайды.Топ ішінде бір баланы «түлкі» етіп сайлап,қалған балаларды балапандар

деп әрқайсысына бетпердке кигізіп ойын ойналады.Ойында балапандар түлкі

кейіпкеріне ұсталып қалмауы үшін,тәрбиеші көмегімен белгі бойынша ойынды

бастап аяқтауы тиіс.Балалар шапшаң кең бөлмені айнала қашуы тиіс.

Кқұралдар:

түлкің мен балапандар беп перделері

Кешкі ас.

 

17.00

17.15

Балалардың назарын тағамға аудару;

мәдениетті тамақтануға баулу  бойынша

жеке жұмыс. Тамақты мәдениетті ішуге дағдыландыру.Тамақты аздан

алып ішу. Майлықты пайдалана білу.Асхана

құралдарын пайдалана білу. Үстелде әдемі отыра білу.

Үйге оралу. «Қош бол, балабақша!»

Баллармен, ата-анамен қатынас. Еркін ойындар. Үйге

сұрану. Ата – аналарына табыстау.  Балалардың үйге қайтуы.

17.45

 

18.45

Ата-аналарға кенес:

 «Отбасы – сүйіспеншілік пен жылулықтың қайнар көзі»

Отбасылық тәлім-тәрбие баланың қоршаған ортаны қабылдау негізін құрайды.

Отбасындағы баланың дамуындағы маңызды рөлі, баланы

өмірдегі әлеуметтік шартқа даярлау, білімді игеру, икемділік, дағды және

даярлықты қалыптастыру отбасына қатысты

 

 

Ата-аналарға : «Балаңызбен   қалай қарым-қатынас  жасау

керек ?» 1.Отбасыларыңызда,

балаларыңызбен ішкі проблемаларыңызды ашық айтуға тырысыңыздар.

2. Өз балаларыңызға өмірде мақсатқа қалай жету қажет екеніне, талап

етіңіздер.

3. Қиын жағдайда үнемі бірге болыңыздар.

4. Әр бастаған жұмыстарын, сөзбен және іспен қолдап отырыңыз.

5. Ешқашан балаға қол жұмсамаңыз. 

6. Болашақ балаларыңызды жақсы көріңіз, мұқият болыңыз, бұл әсіресе өте қажет

әңгімелесу.(сұрақ –жауап)

 

Жылулық шеңбері:

«Біз өмірдің гүліміз»

Ата-аналарға : «Сізді бала 

тәрбиесіндегі қандай  жақтары  қинайды?»

Отбасында  бала  тәрбиесімен  кім  айналысады? ___Әңгімелеу

 

Қоштасу шеңбері:

«Тәту-тәтті..»

Ата –аналарға:

Сұхбат: «Қазақтың ырымдары мен тыйымдары»

Үй жануарларға арналған ырымдармен ,тыйымдармен балаларды

таныстыру.

 

 

 

Қоштасу: 

Ата-аналарға

арналған сауалнама.

Ата - ана мен

баланың қарым - қатынасындағы қаталдық көріністерін зерттеу .

2. Сіздің көңіл-күйіңіз болмаса, өшіңізді балаңыздан

аласыз ба

3. Сіздің балаға айғайлауыңызға, қорқытып-үркітуіңізге,

ұрып-соғуыңызға әкелетін себептерді көрсетіңіз

4. Сіздің кейде баланы ұрып-соғып, үйден қуып, қараңғы

бөлмеге қамап қойғыңыз келген сәттер бола ма

5. Баланың күнәсі ауыр болған жағдайда қандай жаза

қолданасыз

7. Сіз бала кезіңізде ата-анаңызды тыңдамаған сәттерде,

олар

8. Үйдегі мерекелерді, қуанышты сәттерді жазып

көрсетіңіз

3. Балада қандай жағдайда қорқыныш сезімі туындайды

4. Балаңыз ренжігенде қандай жағдайда болады және оның

ұзақтығы

 

Қоштасу:

«Достығымыз

жарасқан!»

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 8430


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст