Вирусты гепатиттер – кеңінен таралған және қауіпті жұқпалы ауру. Вирусты гепатиттер дүниежүзі бойы кеңінен тарлаған. Бүгінгі таңда вирусты гептіттің бірнеше түрі белгілі: А,В,С,D(делтьа), Е, G, TTV, SEN. Олар ағзаға түскенде бауырды зақымдайды. Сонымен қоса бауырдың функциясын реттеп тұратын барлық зат алмасу процессін бұзады. Улы заттарды залалсыздандыру қабілетін жоғалтып, дәрумендік теңгерімі бұзылады.
А гепатитінің алдын алуы: әжетханаға барғаннан кейін, тамақтың алдында қолыңызды дұрыстып жуыңыз; - ашық су қоймасынан (өзен, көл, тоғаннан) алынған қайнамаған су ішпеңіз; - ашық су қоймасында жеміс-жидектерді жумаңыз; - су қоймасын ластамаңыз; - тұрғын үй мен баршамызға ортақ жерлерді – көшелер, аула, пәтерлерді ластамау, олардың қоқыс тастайтын жәшіктері, арнайы қоқыс тастайтын орындар, ауладағы қоқыс тастайтын жерлерді уақытылы таза болуын қадағалау. А гепатитінен ерікті ауыз суы мен азық-түліктер – ауруды төмендету кілті. Алайда гепатитті жұқтыру жолдары көп жағдайда белгісіз қалады. Өзіңізден күдіктенбеу үшін – алдын ала екпе жасауға болады. Бүгінгі күні А гепатитіне қарсы екпені ауруды жұқтырып алу қауіпі жоғары адамдарға (мысалы, ауру көп таралған мемлекеттерге саяхаттанушыларға, сонымен бірге медициналық қызметкерлер, бауырдың және қанның созылмалы түрімен ауыратындар). Екпе ең алдымен балаларға қойылуы керек, себебі көп жағдайда А гепатитін балалар жұқтырады. Екпе 94-98 % дейін ауруға төтеп бере алады.
А гепатитінің белгілері мен симптомдары
А гепатитін жұқтырғаннан кейін белгілері қашан пайда болады? Орта есеппен алғанда аурудың алғашқы белгілері 35 күннен кейін пайда болады (А гепатитінің инкубациялық кезеңі 15 күннен 50 күнге дейінгі мерзімді құрайды). Қандай белгілері бойынша А гепатитіне күдіктенуге болады? Егер өзіңізді нашар сезінсеңіз, дене ыстығы көтерілсе, зәріңіз әдеттегідей емес, қарайып кетсе (зәр түсі қайнатылған қою шайға айналса, және қатты көбіктенсе), онда А гепатитіне күдіктенуге болады. Дәрігерге жолығыңыз! А гепатитінің типтік белгілері қандай? Қалтыраудың диспепсия белгілерімен (жүректің айнуы, кейде құсу, асқазан мен оң қабырға астының ауруы, әлсіздік, бірнеше күннен кейін зәр қараюы, нәжістің түссізденуі, көз ішінің, бүкіл дене терісінің сарғаюы) болуы мүмкін. Соңынан сары ауру пайда болады, оның пайда болуымен науқас адамның денсаулығы жақсара түседі Тағы қандай аурулар пайда болады? Әр түрлі текті барлық асқынған гепатиттер Дәрігер А гепатиті диагнозын қалай қояды? А гепатиті диагнозын қою үшін эпидемиологиялық анамнезін анықтау керек: соңғы айдың ішінде адам қай жерде болғанын, нені жегенін, қандай суды ішкенін, сары аурумен ауырған науқаспен қарым-қатынаста болғанын және т.б. Содан кейін дәрігер күндізгі жарықта науқасты мұқият қарап, мыналарды анықтайды: * белгелерін (жалпы жайын, адамның сезінуін). *Диспепсияны (ас қорытудың бұзылуын). *Қалтыраудың болуын (дене ыстығын, терлеуін, тоңып дірілдеуін). *Дененің (көз ішінің, тілінің, терісінің) сарғаюын. Дәрігер әр түрлі органдар мен жүйелердің жағжайларын жалпы қолданыстағы әдістемелер бойынша бағалайды. Ішті қол ұшымен зерттегенде бауырдың ұлғайғанын анықтауға болады. Зәр мен нәжістің түсін белгілейді. Содан кейін анализдердің нәтижелерін (қанның жалпы, биохимиялық анализін, вирустық гепатит маркерлеріне, коагулограмманы, зәрдің жалпы анализін) тексереді. Бауыр сынамаларының анық түрде өзгерген аясында А гепатитіне антидене байқалғанда (anti - HAV IgM) диагноз күдік туғызбайды.
А вирусты гепатиті – өткір энтеровирусты инфекциясы, көбінесе фекальді - оральды механизммен беріледі. А вирусты гепатитінің қоздырғышы гепатитпен сырқаттанғанның нәжісі арқылы қоршаған ортаға бөлінеді, кейін сау адамның ағзасына сумен немесе тағаммен түседі. Қоршаған ортада А вирусты гепатиті тұрақты, бөлме температурасында бірнеше апта бойы, ал 4 С-да – бірнеше ай сақталуы мүмкін.
А вирусты гепатиті барысындағы негізгі шағымдар – жалпы әлсіздік, нашар тәбеттің болуы, құсу, кейде тағамға деген селқос қарау. Шағымдар болған жағдайда, медициналық көмекке жүгіну қажет.
А вирусты гепатитін болдырмау мақсатында қайнатылған немесе бөтелкедегі суды ғана ішуді ұсынамыз. Көкөніс және жемістерді дәйекті жуу, жеудің алдында қайнатылған сумен шаю қажет. Қолдарды жиі жуу, әсіресе тамақ ішер алдында және дәретханаға барған соң қолдарды жиі жуу қажет.
А вирусты гепатитінің алдын алудың тиімді әдісі – вакцинациялау болып табылады. А гепатитіне қарсы екпелер 2 жастағы балалардан бастап 14 жасқа дейін байланыстағы балаларға егіледі.