Екінші кіші «Ромашка» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
№ 7 технологиялық карта
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: «Тәуелсіз
Қазақстан»
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға ҚР Тәуелсіздік
күні мәлімет беру.ҚР рәміздерімен таныстыру. Қазақ халқының ұлттық киімдері,
ойындары, валютасы туралы қысқаша түсінік беру.
Дамытушылық: Балалардың ой – өрістерін,
есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорларын дамыта түсу.
Тәрбиелік: Балаларды патриотизмге,
Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Тақырыпқа сай слайдтар, суреттер, ту
мен елтаңбаның үлгілері.
Билингвальды компонент: Тәуелсіздік күні - день независимости, рәміздер – символика,
ту - флаг, елтаңба – герб, астана - столица,
ұлттық киімдер – национальная одежда, ұлттық ойындар – национальные
игры.
| 
 Оқу іс-әрекетінің кезеңдері  | 
 Тәрбиешінің іс-әрекеті  | 
 Балалардың іс-әрекеті  | 
| 
 Мотивациялық-қозғаушы лық  | 
 ҚР Гимнің тыңдауға шақырады. Гимнді қалай айту керек екенін түсіндіреді. Бұл қандай ән? Қандай мемлекеттің әні?  | 
 Гимнді орындайды. Сұрақтарға жауап береді.  | 
| 
 Ұйымдастырушылық ізденістік  | 
 Отан туралы шағын өлең жолдарын оқиды. Отан - менің ата - анам, Отан - досым бауырым. Отан - өлкем, астанам, Отан - туған аулым. 
 Тәуелсіздік туралы қысқаша мәлімет береді. 
 ҚР рәміздерімен таныстырады.Олар туралы қысқаша түсінік береді. Отанымыздың бас қаласы - Астана қаласы туралы түсінік береді. Елбасымыз – Н.Ә. Назарбаевтың суретін көрсетіп, түсіндіреді. 
 ҚР валютасымен, ұлттық киімдерімен,ойындарымен, Тәуелсіздік монументімен таныстырып, түсінік береді. 
 
 Сергіту сәті: «Жақсы ма?». -Күн шыққаны жақсы ма? -Жел соққаны жақсы ма? -Достарыңмен бірге жүрген жақсы ма? -Анаңды құшақтаған жақсы ма? -Отаныңда өмір сүрген жақсы ма? -Үйде болған жақсы ма? -Би билеген жақсы ма? -Отанымыздың азаматы болған жақсы ма? 
 
 
 
 Қазақтың ұлттық ойыны : «Тақия тастамақ» 
 
 
 Балаларға сұрақтар қою: 1.Біз қандай мемлекетте тұрамыз? Қалай аталады? 2.Біздің Президентіміз кім? 3.Еліміздің астанасы қай қала? 
 Д\О: «Рәміздерді атаңдар». Мақсаты: ҚР рәміздерін ажырата білуге және атауларын есте сақтауға үйрету.  | 
 Тақпақты мұқият тыңдайды. 
 
 
 
 Мұғалімді тыңдап, есте сақтауға тырысады. 
 
 
 
 
 
 
 Сергіту сәтін қимылдар арқылы орындайды.Жауап береді. 
 
 
 
 Ойынға белесене, мол қызығушылықпен қатысады. Сұрақтарға дұрыс жауап беруге тырысады. Ойынға қатысып, білімдерін кеңейтеді.  | 
| 
 Рефлексия-лық түзетушілік  | 
 Бүгінгі сабақта біз не туралы әңгімелестік? -Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? 
 Балаларды мадақтау.Жетістіктерін айту.  | 
 Жауаптарын айтады. Балалар жетістіктеріне қуанады.  | 
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: Бізідің Отанымыз туралы қойылған сұрақтарға
жауап береді.
Түсінеді: Қазақстан Республикасы- тәуелсіз ел екенің түсінеді.
Қолданады: Қазақстан Республикасы туралы мәліметтерді оқу
іс-әрекеттерінде қолдана білу дағдыларын.