Ақмола облысы  Жарқайың ауданы ЖК "Рамазанова"  "Солнышко" балабақшасы" мемлекеттік-жекешелік әріптестік   
ИП "Рамазанова"  Государственно-частное партнерство "Детский сад "Солнышко"  Жаркаинский район Акмолинская область

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата-аналарға арналған 10 қағида

06.12.2017

Құрметті ата-аналар

сіздерге балаларыңызбен өзара қарым-қатынас құруға

арналған

10 қағиданы назарларыңызға ұсынамыз!

 

1.Баладан сіз сияқты болуын немесе сіз

қалағандай болып өсуін күтпеңіз, керісінше оған өз-өзін қалыптастыруға

көмектесіңіз.

2.Баладан оған жасаған барлық

жақсылықтарыңыздың өтемін талап етпеңіздер. Сіздер оған өмір сыйладыңыздар. Ол

сіздерге қалайша алғыс білдіруі қажет? Ол басқаға, басқасы үшінсісіне өмір

сыйлайды, ол өмірдің қайтарымсыз жақсылық заңы.

3.Қартайғанда өмірдің ащылығын тартпау үшін

өз реніштеріңізді балаға артпаңыздар, басқаша айтқанда «Не ексең, соны орасың».

4.Оның проблемаларына жоғарыдан қарамаңыздар,

өйткені өмір жолы ауыр жол, ал оның өмірлік тәжірибесі жоқ.

5.Қорлық-зомбылық көрсетпеңіз.

6.Адамның өміріндегі маңызды кездесу – ол

оның балалармен кездесуі екендігін ұмытпаңыздар.

7.Өз балаңызға ештеңе істей алмасаңыз,

өз-өзіңізді босқа қинамаңыз.

8. Бала – сізді толық билеп алатын басқыншы

емес. Ол сіздің қуанышыңыз, махаббатыңыз, жаныңыздың бір бөлшегі, өміріңіздің

жалғасы.

9. Өзге баланы да жақсы көре біліңіз, оны да

өз балаңыздай көріп, ешқашан оған жамандық істемеңіз.

10. Өз балаңызды – ол дарынсыз, жолы

болмағыш, үлкен болса да жақсы көріңіз. Онымен қарым-қатынас орната отырып –

қуаныңыз, өйткені бала деген – үнемі сізбен бірге болатын МЕЙРАМ! 

 

 

Просмотров: 1330


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст