«Жарқайың ауданы
білім бөлімі «Солнышко» балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
"Су апталығы!"
|
Дайындағандар: Жакупова А.А. Аргинбаева З.Т.
2017 оқу жылы
Тақырыбы: «Су апталығы»
Мақсаты: Балалардың
су туралы білімдерін жетілдіру. Мектепке дейінгі балаларға судың адам
өміріндегі маңызын түсіндіру. Судың пайдасы туралы мәліметтер беру. Судың
қасиеттерін түсіндіру. Балалармен бірге судың пайдасы туралы әңгіме құрастыру.
Шаттық шеңбері:
Күндей жадырап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір, таза көңілмен
Жүреміз біз жарқын өмірмен.
Жүгіреміз, шынығамыз, ойнаймыз,
Шомылу мен тазалықты ұмытпаймыз!
Тәрбиеші: Таза ауа адамның тыныс алуына қажетті оттегін жеткізеді, дұрыс өсуіне
көмектеседі. Таза ауа-денсаулықты сақтаудың бірінші құпиясы. Табиғат таза
болса, ауа таза болады сондықтан да, табиғатты сүю жанға саулық береді.
Балалар мен сендерге жұмбақ
оқимын, мұқиат тыңдап жауабын айтамыз.
Жылт- жылт етеді,
Жылғадан өтеді. (Су)
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады. (Күн)
Көзге көрінбейді
Қолға ілінбейді (ауа)
Тақпақ жаттап алайық!
Табиғатты білемін
Ауа, су, күн, жер, аспан
Жан-жануар, гүл, егін
Көкжиекке ұласқан.
Ойын: «Су, ауа, жер»
Шарты: Машинаны, ұшақты, кемені орындарына орналастыру,дұрыс бағыт беру.. Машина
дегенде – жүреміз, Ұшақ дегенде – ұшамыз, кеме дегенде – жүземіз.
Тәрбиеші: Балалар су – бізге тазалық
жанымызға тыныс, сұлулық береді.
Су болмаса өсімдіктер өспейді, ал
өсімдіктер болмаса таза ауа болмайды.
Балалар су не үшін керек?
Балалар: Жуыну
үшін, ішу, тамақ пісіру үшін
Судың түсі қандай?
Балалар: Түссіз
Жүр: Балалар
бойымызды сергітіп ойын ойнайық
Ойын: «Перамида»
(2 мен 1)
Шарты: машинаны айдап, кедергілерден өтіп шашылып
жатқан перамидаларды жинау.
Тәрбиеші: Балалар сіздер
су туралы мақал мәтел білесіндер ме?
Балалар: ия
Тәрбиеші: Ендеше су
туралы мақал-мәтелімізді айтайық.
Су анасы — бұлақ,
Сөз анасы — құлақ.
Су ырыстың көзі,
Еңбек кірістің көзі.
Сусыз өмір жоқ,
Отсыз темір жоқ.
Тәрбиеші: Балалар енді
бойымызды сергітіп ойын ойнайық (1 топ пен 2 топ)
Ойын: «Эстафета»
Шарты: Балалар 2 топқа бөлініп стакандағы суды, келесі
бос шелекке тасу, қай каманда көп су тасыса сол каманда женімпаз.
Тәрбиеші: Балалар енді біз қайықтарымызды алып, үрлейміз. Көрейік кімдікі жылдам
жүзеді екен. Ал бастайық.
Тәрбиеші: «Судың
пайдасы» әңгімелеу.
Тәрбиеші: Осымен «Су
апталығы» аяқталды.