Ақмола облысы  Жарқайың ауданы ЖК "Рамазанова"  "Солнышко" балабақшасы" мемлекеттік-жекешелік әріптестік   
ИП "Рамазанова"  Государственно-частное партнерство "Детский сад "Солнышко"  Жаркаинский район Акмолинская область

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата –аналарға кеңес:«Балаларды тазалыққа тәрбиелеу»

07.08.2017

   «Жарқайың

ауданы білім бөлімі «Солнышко» балабақшасы» 

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

 

Ата

–аналарға кеңес:

 

Такырыбы:

«Балаларды тазалыққа тәрбиелеу»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дайындағандар: Жакупова А.А. Аргинбаева З.Т.

2017  оқу жылы


 

 

 

 

 

 

 

Баланың денсаулығын сақтау мен

жан-жақты жетілуін қамтамасыз ету үшін сауықтыру- тәрбие шаралардың тұтас

комплексі: дұрыс тамақтандыру, жақсы гигиеналық күтім, бірқатар профилактикалық

шаралар қолдану қажет.Гигиеналық міндет- адамның денсаулығына ықпал ететін тұрмыс

жағдайларын, қоршаған ортамен адамдардың өзара байланысын және өзара ықпалын

зерттеу, денсаулық сақтауды қамтамасыз ететін, дене күшін шыңдап және аурудың

алдын алатын тұрмыс пен еңбектің гигиеналық нормаларын жасау. Белгілі

гигиенаның білімді игерген әрі оны практикалық қызметінде іскерлі пен

қолданғанда ғана тәрбиеші балалардың дұрыс тәрбиесін: күн режимін, тамақтануын,

денесінің шынуғуын және гигиенасын және басқаларды қамтамасыз ете алады.

Балалардың жақсы жетілуіне қажетті санитарлық және эпидемияға тиісті режим

жасау- мектепке дейінгі балалар мекемелері тәрбие және гигиенаны талаптарына

сәйкес құрылып, пайдаланылған жағдайда ғана мүмкін болады.Балалар мекемесінің

жабдықтаулы гигиеналық және педагогикалық талаптарға сай келіп, балалардың

жасына қарай ерекшеліктерін ескеруі тиіс. Балалардың бойы мен жасына сай

келетін жабдықтар дененің дұрыс қалыптасуын қамтамасыз етіп, оқу іс-әрекеті

кезінде организимге тыс күш түсірмейді.Мұның омыртқа қисаюы мен алыстан

көрмеушіліктің алдын алу жолында үлкен маңызы бар.Жабдықтардың қауіпсіз (жүзі

өткір келетін, істік қырлы заттардың болмауы) тазалауға ыңғайлы болуы, ашық

түске болуы, жабдықтардың ықшамдылығы мен түрінің әсемдігі маңызды талаптар

болып табылады.Мектеп жасына дейінгі топтарда үстел, орындық, диван, ойыншық

пен құрылыс материалдарын салуға арналған шкафтар, кітап қоюға арналған үстел

қойылады.Балалардың столда дұрыс отыруы. Оның үстіне еңкейіп және екі табанын

еденге қатты тіреп, иығын көтермеуі үшін оларды бақылау қажет.Орындық

отырғышының шеті столдың бала жағындағы шетіне кіріңкіреп тұруы керек. Осылай

отыру аз шаршатады және омыртқаны қисаюдан сақтайды.Балалар мекемесінде жеке

заттарын, киімін сақтауға арналған шкафтар болады.Әр балаға оның жеке

пайдалануындағы: шешінетін, ұйықтайтын, туалет бөлмелеріндегі заттарды бекітіп

берудің үлкен педагогикалық және гигиеналық маңызы бар және гигиена ережелерін

орындау гигиеналық дағдымен машықтануға тығыз оңай және тез қабылданады.Бұл

үшін балалар мекемелерінде қажетті жағдайлар жасап,оны ұдайы сақтап отыру қажет.Балалардың

жеке гигиеналық сүлгісі мен заттарына орнап, туалет бөлмесінде жеке-жеке

ойықтары бар кішкене шкафтар жасалады.Түбекке арналған сөре болады.Қол жуғыщ,

бүрікпе (душ) ванна, унитаз балалардың бойымен жасының ерекшеліктеріне сай

келіп, гигиеналық талаптарға лайық болуы керек.Олар шойын, эмалы ақ түсті болуы

мүмкін, ұштары жұмыр, тазалау мен дизеифенциялауға жеңіл болуы тиіс.Ойыншықтар-

баланың өмірінде үлкен орын алады, тәрбиелік маңыз атқарып гигиеналық,

педагогикалық талаптарға сай келу керек.Балаларға арналған ойыншықтарды

балалардың денсаулығына зиян келтірмейтін, құрамында улы заттар жоқ және

тазалау мен дизеифенциялауға жеңіл материалдан жасайды, себебі олар

ойыншықтарды ауыздарына салады, еденге лақтырады.Бақшаға баратын балалардың

жеке пайдаланатын заттары болуы керек.Мұның үлкен гигиеналық маңызы бар,

өйткені ол балалар арасындағы жұқпалы ауруларды болдырмауға бағытталған

профилактикалық шара болып табылады. Әрбір сәбидің шкафы, төсек орны мен

керуеті, түбегі, сүлгісі, салфеткасы, бет орамалы мен тарағы болуы керек. Бала

өзінің заттарын пайдалану үшін ол баланың заттарын бірыңғай суреттермен

белгілеп қояды.Сәбидің өте ерте жасынан бастап, әсіресе тамақ ішкенде

ұқыптылыққа тәрбиелеу керек.Екі жастан асқан сәби салфетканы пайдалана білуі тиіс.Басқа баланың салфеткасын

пайдалануға болмайды. Өйткені салфетка арқылы кейбір аурулар жұғуы мүмкін.

Тәрбиеші балаланың тек қана өз салфеткасын пайдалануын бақылайды.Әр сәбидің өз

бет арамалы болуы тиіс және оны ешбір жағдайда басқа баланың пайлануына беруге

болмайды.Балаларда түшкіргенде және жөтелгенде бет орамал пайдалануға үйрету

қажет.Балалардың бақшада әрбір сәби үшін жеке түбек болуы тиіс.Сәби тек өз

түбегін пайдалуы керек. Балаға түбекке отыруды сұрану әдетін қалыптастыру

ерекше маңызды.Баланы түбекке ұйықтар алдында, ұйқыдан кейін белгілі бір сергек

жүрген сағаттарында отырғызған жөн. Осындай тәртіпке үйренген соң осыған

сәйкесі түбекке сұрана бастайтын балаларды.Балалық шақта алған

мәдени-гигиеналық дағдылар берік бола бастайды.

 БАЛАБАҚШАДАҒЫ

БАЛАНЫҢ КИІМІ

1.Бала

балабақшаға таза киіммен келеді.

2.Топта

баланың ауыстыратын аяқ киімі болу керек (еденде із қалдыратын қара табанды аяқ

киімдер кигізбеуге тырысу қажет)

3.алабақшада

баланың киімдерін сақтайтын арнайы орын бар, оны ата-анасы ретке келтіріп

отырады.

4.Балабақшада

әрбір балада өзінің жеке тарағы және таза қол орамалы болуы тиіс.

5.Дене

шынықтыруға қатысу үшін баланың арнайы дене шынықтыру киімі болуы керек, ол топ

тәрбиешісі және басқа ата-аналармен келісіледі. Даладағы дене шынықтыру сабағы

үшін бөлек арнайы киімдер болуы керек.

6.Далада

серуенге шығу үшін баланың белсенді қозғалысына кедергі болмайтын киімдер болуы

керек және ол тез кептіруге болатын, кір көтеретін болғаны жөн.

7.Балалардың

киіміне ата-ананың қалауы бойынша жоғалып кетпеуі үшін немесе басқа балалардың

киімімен ауысып кетпеуі үшін белгілер қоюға болады.

8.Киім

мен аяқ киім ауа райына сәйкес болуы тиіс.

9.Қыста

және ылғалды ауа райында баланың қосымша құрғақ қолғабы мен киімдері болғаны

дұрыс.

10.Баланың

киім салғышында міндетті түрде ауыстыру үшін қосымша құрғақ киімдер жинағы

болуы тиіс.

 

Балаңыздың денінің

саулығы өз қолыңызда. Жаз мезгілі бала денсаулығын шынықтыруға ең қолайлы кез.

Үй жағдайында баланы шынықтырудың бірнеше жолдары бар.

 Күн қуатымен

шынығу- баланың бойының өсуін және сауығуының ең тиімді тәсілі. Рахит ауруымен

күресте кеңінен қолданылып жүрген шынығу тәсілі болып табылады. Көру мүшесі

арқылы ағзаға өту арқылы күннің көзі нерв жүйесін оятады. Ал, нерв жүйесі өз

кезегінде ағзаның  барлық жүйесінің жағдайын реттеп, сергектігін

қамтамасыз етеді; биоритмді реттейді, зат алмасу процесін белсендіреді. Жоғары

биологиялық белсенділікке ие ультракүлгін сәулесі тері арқылы өтіп, адам

ағзасын қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұру күшін

күшейтеді.Иммунитетті күшейтеді, қоршаған ортадан адам ағзасына түсетін

бактериалардан қорғаныш күшін күшейтеді, ауыруға шалдығу қаупін

төмендетеді. 

Ауамен шынығу

-  балаларға да, ересектерге де пайдалы ауа ваннасынан бастаған дұрыс.

Ауамен шыныққан баланың ағзасы салқын ауаның ұзақ әсеріне беріктігін

жоғарлатады.

Су бүркемесі –

өзіне температуралық және механикалық әсерді біріктіретін шынықтырғыш ем-шара.

Су бүркемесі ағзаны жақсы сергітеді, сондықтан да оны таңертеңгі және кешкі

уақытта, сонымен қатар дене жаттығуларынан кейін жүргізген дұрыс

Баланы шынықтырар

болсаңыз:

- Шынықтыру шаралары балалардың

көңілді күлкісін шақырса және оған жағымды эмоция сыйлай алса оның тигізетін

әсері өте тиімді болады

- Еліктеуге үлгі

болыңыз. 

- Үйде баланы шынықтыруды тек балаңыздың дені сау болған жағдайда ғана

бастаңыз.

- Сауықтыру-шынықтыру шараларының ұзақтығын біртіндеп көбейтіңіз.

- Баланың денесінің тоңып қалмауын қадағалаңыз.

- Сауықтыру-шынықтыру шаралары жүйелі жүргізілінуі қажет. Жеке гигиена –

денсаулықты қолдауға көмектесетін, сондай-ақ адамды аурулардан, қартаю мен

өлімнен сақтайтын ережелер жинағы. Жеке гигиена деп аталатын гигиена ғылымының

бөлімі, бұл өзінің терісі, тістері, жыныс мүшелері мен тұрмыста қолданылатын

заттарды ұстау туралы ережелер. Жеке гигиена міндетті түрде дұрыс тамақтану,

күн тәртібі, психикалық жағдайға да жанасады.

Егер сіз пайдалы

тамақ ішсеңіз, спортпен шұғылдансаңыз және тіпті суық су құйынсаңыз, бұл

ағзаның жалпы жағдайын жақсартады, иммунитетті көтереді, өмірді ұзартады.

Жеке гигиена – бұл

жалпы адамзат мәдениетінің ажырамас бөлігі. Жеке гигиенаның ережелерін саналы

сақтау әрқайсымызды жануарлардан айырады.

Жеке гигиенаның ең

маңызды постулаттарының бірі теріні күту болып табылады. Мұны тек тартымды

сыртқы түр үшін ғана емес, денсаулық үшін де жасау керек. Жеке тұтынатын заттар:

Сүлгі, тіс щеткасы, тарақ, жөке, сабын,орамал.

Ден саулықты сақтау өз қолымызда , оның үшін не істеуіміз кажет болады?

- дұрыс тамақтануың керек.

- тазалықты сақтай білуің керек.

- дене шынықтыру мен күнделікті айналысуың керек.

- тісімізді таза ұстауымыз керек.

Ұйықтауға арналған

төсек орынның ыңғайлы және таза болуы, аса жұмсақ немесе аса қатты болмауы

керек. Ұйықтар алдында таза ауада серуендеу, терезені немесе терезе желдеткішін

ашық етіп ұйықтау пайдалы. Дұрыс тамақтану: Ең алғашында тамақтануға

отырмасымыздан алдын қолымызды жақсылап сабындап жууымыз керек. Бір күнде аз

мөлшерде 4 рет тамақтану керек. Тамақтанудың арасы 4-5 сағаттан аспағаны

жөн.Таңертең көбірек сүт, айран, жұмыртқа жеу керек. Өте тәтті заттарды көп

жегенде бізге өте кері әсер тигізеді.

Егер тамақтану ережесін ұзақ уақыт сақтамасаң, біз тез ауырып қалуымыз мүмкін.

 «Ертеде бір кір қожалақ қыз өмір

сүріпті.Оның дүниедегі ең жек көретіні-қолын жуу және жуыну екен. Сол себептен

қолында , аяғында пайда болған микроптар денесіне тарайды.Ауыз арқылы ішке

кірген микроптар қызды ауруға шалдықтырады.

Дәрігер қыз баланы тексеріп , оның ауруының білік, ауруды жеңетін ғажайып затты

ұсынады».Балалар ол не екен?.Әрине сабын және су.Сабын мен су-нағыз достар.

Қолды күніне бірнеше рет жууымыз қажет Шашты аптасына бip рет жуып, тазартады. Адам

өзінің тepiciнe қарай сабын мен

сұйық сабынды таңдап қолдануы қажет. Ол үшін шаштың қандай (құрғақ, майлы)

екенін білу керек. Шаштың өcyi үшін, бастың тepiciн уқалау пайдалы.

Шашты дер кезінде шаштаразға алдырып немесе сәнді қиғызып жүру сыпайылықтың,

мәдениеттіліктің белгісі болып саналады.

Шашты жаңбыр және

қар суымен жууға болмайды, ceбeбi олардың құрамында ауаның

ластануына байланысты шаң-тозаң, түрлі қышқылдар болады.

Тырнақты апта

сайын немесе екі аптада бip рет алып отыру керек. Мұны

моншаға түскеннен соң жасаған қолайлы. Өйткені тырнақ; жұмсарып, алуға ыңғайлы

болады. Тырнақты кeмipyгe болмайды. Мұндай әдет зиянды,

өйткені тырнақ дұрыс өспейді және организмге алуан түрлі микробтар ұялағыш

болады. Шаш та үнемі күтімді қажет етеді. Шашты апта сайын (күн

сайын емес) жылы қайнатылған сумен сабын көбігінде немесе ылайықты шампуньмен

жуу ұсынылады. Күніне бірнеше рет жиі тарақпен тарау да пайдалы. Адам терісінің

ең өсімтал бөлігі – шаш пен тырнақ. Ол адамның миын күн сәулесі мен суықтан

сақтайды. Шашты аптасына 1 рет жуған жөн. Өте суық күндері бас киімсіз шығуға

болмайды.

Қолдың тырнақтарын

аптасына 1 рет алса, аяқ саусақтарының тырнақтарын екі аптада бір рет немесе

айына бір рет алады.

Ауыз қуысының

ауруларының алдын алуда ауыз қуысы гигиенасының құралдарын дұрыс таңдау ғана

емес, сонымен бірге, тісті дұрыс тазарту да маңызды роль атқарады. Сондықтан,

балалар және жасөспірімдер үшін жеке тіс щеткалары шығарылады. Қызыл иектердің

қабынуы кезінде, алдымен жұмсақтау қылды щетканы пайдалану керек, кейін, қызыл

иектің жағдайы жақсарғанда, жұмсақ тіс щеткасын қаттырақ түріне алмастырады.

Балаларға қатты щеткалар жарамсыз болып табылады.....

Қорыта келе:

Слайд «Гигиена»

Балабақшада

мәдени-гигиеналық дағдылар дұрыс жолға қойылса бала қолды дұрыс жууға, құрғатып

сүртуге, өз бетімен сүлгісі алып, қайта ілуге, таза және ұқыпты тамақтануға

қасық, кесе, сүлгіні дұрыс және орынды қолдануға және тамақтану кезінде аузын

жауып жеуге үйренеді. Өздігімен киіну және шешіну дағдыларын қалыптастырады.

Өздігімен мұрнын сүрту, қолының, бетінің салақтығын, киіміндегі олқылықты

байқауы, серуеннен келген соң аяқты сүрту, кірре беріс жерге аяқ киімін шешу,

ретке келтіріп ұстау-еденде жатқан затты жоғары көтеріп қою, ойнап болған соң

ойыншықты орнына жинау қалыптасады.







 

Просмотров: 6060


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст