Ақмола облысы  Жарқайың ауданы ЖК "Рамазанова"  "Солнышко" балабақшасы" мемлекеттік-жекешелік әріптестік   
ИП "Рамазанова"  Государственно-частное партнерство "Детский сад "Солнышко"  Жаркаинский район Акмолинская область

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ортаңғы «Балапан» тобының 2016-2017 оқу жылының жылдық есебі 1. Вариативтік компонент: «Табиғатты аялайық» 2. Вариативтік компонент: «Сиқырлы палитра»

09.06.2017

«Жарқайың ауданы білім бөлімі «Солнышко»

балабақшасы»  мемлекеттік коммуналдық

қазыналық кәсіпорны

 

 

 

 

 

Ортаңғы «Балапан» тобының 

2016-2017 оқу жылының

                                жылдық есебі

 

1.  Вариативтік

компонент: «Табиғатты аялайық»

2.  Вариативтік

компонент: «Сиқырлы палитра»

 

 

 

Тәрбиеші:  Жакупова

Айман Абдрахманқызы

 

 

 

 

Державинск,

2017 ж.

«Табиғатты аялайық»  вариативтік компонент

Мақсаты: Балалардың «Табиғатты аялау» туралы түсініктерін кеңейту. Туған

жерге деген сүйіспеншілігін дамыту. Табиғатты аялауға тәрбиелеу. Табиғатқа

деген қарым-қатынасын дамыту, оны сүюге тәрбиелеу. Адам мен табиғаттың бір -

бірімен байланысты  екенін  ұғындыру.- табиғат ерекшеліктеріне көңіл

аудара отырып, оны қорғауға тәрбиелеу. Қоршаған орта, табиғат пен тіршілік

арасындағы байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту.

Ойлау есте сақтау және зерделеуін дамыту, сөздерді анық айтуға машықтау және

сөйлеу мәдениетін қалыптастыру табиғатқа сүйіспеншілікке тәрбиелеу,

жаратылыстың әрбір заты мен мүшесін құрметтеуге, қоршаған ортаны қорғауға,

сақтауға үйрету. Сүйіспеншілік, мейірімділік қасиеттерін дамыту.Балалардың

табиғат жөнінде ой-өрісін дамыту.Ұйымшылдыққа және өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың жеке тұлғасының, психологиясының

дамуының ең басты міндеттері қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып

отыр .Соның ішінде экологиялық сабағының бала өмірінде алатын орны ерекше.Осы

кезде  мектеп жасына дейінгі баланың

өз-өзіне, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік тұжырымдамасында болашақ ұрпақты

ана тілін таза білетін, туған жеріне, отанына, жүрген ортасына сүйіспеншілігі

мол, табиғатын сүйетін, қорғайтын ,сақтайтын ұл-қыз тәрбиелеу деп

көрсетілген.Қазақстан Республикасының «Білім беру» жүйесінің негізгі міндеттерінің

бірі қазақ халқының азаматтары жан-жақты білімді, елін сүйетін еңбекші болу

керек деп көрсетілген негізге сүйене отырып жасалған экологиялық тәрбиені еңбек

арқылы үйрету сабағының жоспары.Сабақ аптасына 1 рет базистік жоспардың

жылжымалы бөлігінде жүргізіледі.Жыл бойы жүргізілетін сағат саны 36.

Экологиялық табиғатты тану «Табиғатты аялайық» сабағында балалар білімді

жан-жақты тәрбиеленеді.Сабақ әр түрлі формада жүргізіледі: *кіріктіру

сабағы;*саяхат,серуен сабағы.  Экологиялық тәрбие. Балалардың ойлау тұтастығын

яғни, табиғатты қорғау көзқарасын дамыту үшін жыл мезгіліне сай жүйелі, мақсат

міндеті айқындалған экологиялық тәрбие жұмысын оқу жылының өн бойында

жүргізіліп отырады. Экологиялық тәрбие берудің басты мақсаты бала бойында

азаматтық борыш, ғылыми білім, көзқарас пен сенім жүйесін орнықтыру болып

табылады. Бұл қоршаған ортамен қарым-қатынаста тәртіптілік, ұқыптылық

ережелерін орындау, табиғатты аялап, оған қамқорлық таныту қабілетін дамытуға

негізделген. Экологиялық тәрбие жұмысын осындай міндеттерді атқарта отырып,

жүзеге асырады.

Мысалы:Балаларды өсімдіктер мен жануарларды күтіп-бағуға балу,

Олардың бойында қабілет пен икемділікті орнықтыру;

Табиғаттың сан-алуан сырлары мен байлықтары жөнінде

эстетикалық және ұлтжандылық сезімдерін дамыту;

Табиғатта барлық нәрсенің бір-бірімен өзара байланысты

Болатынын түсіндіру және осы байланысты күнделікті өмірде

Ескеру қажеттігін үйреніп отыру.

Міне осы міндеттердің барысында балалардың экологиялық таным-түсінігін

тереңдетіп, олардың табиғатқа деген жаңа мәдени қарым-қатынасын бекітеді.

Мұндай жұмыс түрі балалардың физиологиялық даму, психологиялық ерекшеліктерін

ескеріп, әдіс-тәсілдерді шебер пайдаланып, шығармашылықпен жұмыс істейтін

тәрбиеші басшылығымен жүргізіледі. Оқу жоспарында экологиялық тәрбие жұмысын

бір рет өткізуге болады. Жыл мезгілінің ерекшелігіне орай күзгі табиғат

құбылысы (жаңбырдың жаууы, адамдардцң пайдалы іс-әрекеті , ауладағы

жапырақтарды жинау , жылы жаққа ұшатын құстарды бақылау т.б).Қыстап қалған

құстарға қамқорлық, табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен құстарды күту, балыққа

жем беру.Көктемде ұшып келетін құстарға үлкендер көмегімен дайындалған ұяларға

жем шашу, ауладағы гүл,көкөніс өсімдіктерін өсіруге жәрдем беру.Бүршік жарған

ағаш бұтақтарын (бұтақ,бүршік, өсімдік т.б) мағынасына сай түсіндіру.Наурыз

мерекесі қарсаңында жас шыбықтар отырғызып ,оны күтуді күнделікті әдет-дағдыға

айналдыру . Көктемнің әдемі келбетін жырлайтын өлең жолдарын әнге қосу

,психологиялық дайындық жұмыстарын жүргізу ,сөзжұмбақтар шешу, дидактикалық

қимылды ойын түрлерін пайдалану, өз ойларын табиғат көрінісінің суретін

салып,әңгімелеп айтып беру.Жаз кезінде тәрбиешілердің ұйымдастыруымен өзен-көл

жағасына,баққа,гүл алаңына барған кезде,айналаның тазалығына мән беру.Бұл әр

баланың жауапкершілік дағдысын, ұжымдық бірлігін арттырады. Экологиялық тәрбие

жұмысын ұйымдастыруда тәрбиенің негізгі салалары болып табылатын.Табиғат

дегеніміз - бізді қоршаған орта, оған (аспан, су, ағаш, гүлдер, өсімдіктер,

күн) жатады. Табиғат өздігінен, адамның қатысуынсыз жаралған табиғи заңдылық.

Ол тірі және өлі табиғат болып екіге бөлінеді. Тірі табиғатқа – ағаш, гүл, шөп,

т. б олар өздігінен өседі. Өлі табиғатқа су, тас, құм жатады. Олар өспейді, дем

алмайды, денесінде жаны жоқ.

Табиғат

– біздің ортақ үйіміз. Біз оған ұқыптылықпен қарауымыз керек. Бау - бақшада

және өсіп тұрған ағаштар мен гүлдерге қомқорлық жасау керек. Балабақшадағы

тәрбие бағдарламасына сәйкес балаларды табиғатпен таныстыру барысында

өзара тығыз байланысты білімділік және тәрбиелік міндеттер жүзеге асырылады. Балаларды

табиғатпен таныстыру және шынайы қамқорлыққа алу жағдайында адамгершілік және

эстетикалық тәрбие беру мақсаты да етеледі.    Балабақшада

балалардың өздері бақылап, бағып-күтіп жүрген

жануарлар мен өсімдіктердің  болуы оларды қоршаған ортаға

ұқыптылықпен қарауға, еңбекке деген сүйіспеншілікке және соған дағдылануға

үйретеді, сондай-ақ бала бойында біртіндеп тапсырылған іске жауапкершілік

сияқты қасиеттер де қалыптаса береді.К. Д. Ушинский «баланы табиғатпен жастай

таныстыра дамыту, оның өзіндік логикалык ойын, сөз қорының,  санасының

жетілуіне әсері мол екенін атап көсеткен. Логикалық ойдың, пікірдің дамуы

баланың келешекте рухының жоғары болуына, батыл пікір, нақты шешім айтуына және

оны дәлелдеп беруге жетелейді.5-6 жастағы балалар  табиғат және

ондағы көптеген заттар, құбылыстар жайлы мағлүматтардан хабардар болады. Жыл

мезгілдеріне сәйкес /күз, қыс, көктем, жаз/ күзде жапырақтар сарғаятыны,

құстардың жылы жаққа ұшатыны, тұманды, жаңбырлы күндердің көп болатыны т.б.

бала түйсігінде із қалдырмай қоймайды. «Күз» дегенде «жапырақтар сарғайып

түседі» — деген ойдың пайда болуы оларды күнделікті өмірмен тығыз

байланыстырады. Себебі, күзде баланың таза ауада жапырақтармен ойнайтын кезі аз

емес.Бес жастағы бала жылдың төрт мезгілін бір-бірінен ерекшеленетінін толық

айтып бере алмайды. Бірақ, күзден кейін қыс, көктемнен кейін жаз келетінін

біледі. Сонымен қатар бала күнделікті көріп жүрген қой-ешкі, сиыр мен жылқы

сияқты үй жануарларын, хайуанаттар әлемінен көрген ит, қасқыр, түлкі, сияқты

аңдар мен құстарды таниды. Олар жайлы өзіндік ой- түйсіктері болады. Мысалы:

кірпі қыста ұйықтайды, жазда орманда жүреді, оның үстіндегі тікеніне қандай зат

түсетін болса /жапырақтар, жидектер т.б./ сонымен қоректенеді- деген сияқты.

Бес жастағы бала табиғаттағы шындық пен ертегідегі жағдайларды бір-бірімен

шатастырады да, оларда мынадай ойлар тууы мүмкін. Мысалы, «аю бармағын

жалайды», «аю жылыну үшін ағаштың діңіне тығылады». Шындығында аюдың, кірпі,

борсық т.б. жануарлардың қыста ұйықтауының өзіндік биологиялық мәні бар.

Балаларда табиғаттағы заттарды бір-бірімен салыстыру, олардың бір-бірінен

қандай айырмашалығы бар, осы жайлы өзіндік ойлар туа бастайды.Бес – төрт жасар

балаларда табиғаттағы заттардың, жануарлардың, өсімдіктердің бір-бірінен қандай

айырмашылықтары арқылы ерекшеленетінін ғалымдарымыздың мынадай тұжырымдары

анықтай түседі. Мысалы, "жануарлардың пішіні, түр-түсі, сыртқы жамылғысы

т.б, арқылы салыстырады. Бұл жастағы бала мысық пен кірпіні былай салыстырады:

кірпінің терісі инелер, мысықта тері, ал тері кірпінің бауырында ғана болады,

мысықта мүлде инелер болмайды және т.б. Бала осы сөздермен мысық пен кірпінің

ерекшелігін толық сипаттадым деп ойлайды, ал шын мәніндегі ой-түсік кейін келе

қалыптасып, жетіле береді. Осыған сәйкес , «Өсімдіктер әлемі» тақырыбын

өткенде, балаларды балабақша ауласындағы ағаштармен, гүлдермен, шөптермен

таныстырып, олардың жылдың әр мезгіліне сай өзгеріп отыратындығын түсіндіріп

өткен жөн.Мысалы, 5-4 жастағы балаға қыста ағаштардың жапырақтары түсіп,

қураған сияқты болып көрінеді, бірақ ол ағашта қыста да тіршілік үзілмейтінін

айтып түсіндіру керек. Ерте көктемде ағаштың 2-3 бұтағын кесіп, топта суға

салып қою арқылы одан бүршік өсіп шығатынын, демек қыста да өсу процесі

тоқталмайтынына балалардың көздерін жеткізуге болады.   Бала өсімдікке

қамкорлыққа, жануарларды күтуге, табиғи ортаға жанашырлықпен қарауға

тәрбиешінің күнделікті тікелей басшылығымен тәрбиеленеді, сондықтан тәрбиешінің

күнделікті іс-қимылын бала бақылай отырып қайталайды тәрбиешінің өсімдіктерге

су құйып, жануарларды тамақтандыру т.б. Бұл

орайда осы жастағы баланың «еңбекке» деген қабілеті басқа қасиеттерінен басым

болатындығын әр тәрбиеші есінде ұстағаны жөн. Сондықтан, оларға жұмыс

/тапсырма/ бергенде аяғына дейін тиянақты орындалуын қадағалап, мақсатын дұрыс

ұғындыруы қажет. Осындай жағдайлардан кейін бала шын көңілімен, ынтамен

орындауға кіріседі. Мысалы, өсімдікті суаруда, оған су өте қажет, өйткені ол

сусыз өмір сүре алмайды және әр мезгілде суды әрқалай қабылдайды, жазда суды

көп қажет етеді, себебі: күн ыстық, қыста керісінше және өсімдіктің жаңадан

шығып келе жатқан жапырақтарына зияны болмауы үшін қуарған жапырақтарын алып

тастауы керек т.б. ақиқатты баланың есіне салып өту артық емес.Педагогикалық

процесті ұйымдастырудың мазмұны мен принципі балабақшадағы тәрбие жұмысының

бағдарламасында балаларды жылдың төрт мезгілімен жеке-жеке таныстыру керектігі

көрсетілген. Себебі әр мезгілдің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес, қайталанбас

құбылыстар олардың ой-пікірін ұштап, жетілдіріп, сыры мен мәнісін сезінуге

жетелеуі қажет. Табиғаттың мезгіл бойынша өзгеретін сан алуан құбылыстарын

білгісі келген мақсатта балалардың тарапынан бірнеше сұрақтар қойылады.

Мәселен, «неге құстар күз мезгілінде ұшып кетеді?», «Қар неге ериді?» «Мұз

неден пайда болады?» т.б. Мұндай сұрақтар баланың логикалық ойлау қабілетінің,

сөз қорының дамуына мүмкіндік береді.Балабақшада тәрбиеленетін бала жыл

мезгілдерін бір-бірінен толық ажыратып, әр мезгілдің өзіне тән құбылысын ерекше

атап беру қабілетіне ие болуы тиіс. Жылдың әр мезгіліне тән құбылыстар кейде барлық

маусымда болуы мүмкін, оны балаларға қалай түсіндіруге болады, соған тоқталсак,

мысалы, жаңбыр көктемде де, жазда да, күзде де? жауады. Бірақ әр мезгілдің

жаңбырының өзіндік ерекшелігі бар, жаздағы жаңбыр ірі, тез жауып өтеді, жылы;

күздегі суық, ұзақ жауады; көктемдегі — найзағайлы, суық, ұзақ жауады, кейде

соңынан кемпірқосақ көрінеді. Бағдарлама бойынша бес- алты жасар баланың

табиғатқа дұрыс көзқарасын қалыптастыру педагогикалық іс-әрекетке байланысты,

соның барысында іске асады. Жыл мезгілінің өзгеруіне байланысты табиғи ортаның өзгеруіне толық көз

жеткізу үшін ғалымдарымыз мынадай әдіс-тәсіл қолданған.Төрт мезгілде де

балаларды бір табиғи ортаға өзен жағасына  алып барған. Бұдан

балалардың осы ортаның әр мезгілде қандай өзгерісте болатынына көздері жеткен.

Тәжірибе бойынша балаларға әр мезгілді 3-ке бөліп  (басы, ортасы,

соңы) түсіндіру немесе саяхатта мақсатты серуендер арқылы көз жеткізу оларға

үлкен әсер қалдырады. Саяхатқа бармас бұрын тәрбиешінің жоспары болуы тиіс.

Онда саяхаттың мақсаты, тәрбиелік мәні, қандай сұрақтар қойылуы тиіс, қандай

әңгіме-жұмбақ айтуға болады, бұның алдындағы саяхаттан қандай ерекшелігі бар,

осыларды мейлінше қамту қажет бала жасының өсуіне байланысты тәрбие жұмысының

мазмұны да күрделене беруі тиіс. Табиғатқа серуен кезінде, түрлі дидактикалық

қимылды ойындар ойнату, бірігіп пайдалы еңбек ету, қызықты әңгімелер айтып

беру, балалардың әңгімесін тындай білу — осының бәрі тәрбиешінің жеке басының

шеберлігіне байланысты. Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған

табиғат Ананы қорғап, аялау барша жұртқа тіршілік қамы, табиғи қажеттілік.

Сондықтан да бүлдіршіндерді айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым-қатынаста

болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жаңашырлыққа

тәрбиелеу қазіргі балабақшадағы тәрбие ісінің өзекті тармақтарының бірі болып

табылады. Балабақшадағы

тәрбиенің  мақсаты — табиғатты аялап, оны 

қамқорлыққа алып күту, табиғат жөнінде 

қарапайым білім бере отырып, тірі жөне

өлі табиғаттағы құбылыстажөнінде қарапайым ұғымдар қалыптастыру.

Балаларға жануарлар дүниесіндегі

ғажайып құбылыстар, анасынан тірі туылғанмен, жетілмеген, дәрменсіз, елжуаз

халде болғандықтан енелерінің қарнындағы тері қатпарларының түзілген қалтада

сүтін еміп, өсіп жетілетін Австралияның қалталы қасқыры, ағашка өрмелеп

тіршілік ететін қалталы кішкентай аю, тиын, кенгурудің суретін көрсете отырып

әңгімелеу арқылы балалардың қиялына қанат бітіру.Балабақшадағы

экологиялық  тәрбие жұмысы, тәрбиенің негізгі  салалары

болып есептелетін адамгершілік, эстетикалык, еңбек тәрбиелерінің 

желісінде және халыктық педагогиканың қайнар бұлағын пайдалана отырып

жүргізсе, айналадағы орта, табиғат жайындағы жалпылама ұғымдар нақтыланып,

қалыптаса береді. Экологиялық тәрбие жұмысына орай көрнекіліктерді қолдана

отырып, табиғат бұрышының жабдықталуына байланысты конкурстар ұйымдастырылып

экология проблемалары туралы, жағымды-жағымсыз әрекеттер бейнеленген картиналар

пайдаланылғаны, ата-аналар, мен тәрбиешілердің бірлескен жұмысының нәтижесінде

табиғат туралы шағын кітапхананы өлі және тірі табиғатпен жабдықтау арқылы

көрме ұйымдастырылғаны дұрыс. «Алтын күз», «Құстар күні», «Табиғатты сүйеміз»,

т.б. ертеңгіліктер бала еңбегімен ұштасып, әр педагогтің ізденімпаз әрекеті

ғана болашақ табиғат жанашырын тәрбиелей алады дей келіп, тәрбие жұмысын

жүргізудің мынадай екі нысанасына назар аударамыз:Адамдардың өздері өмір

сүретін қоршаған ортаға неліктен  немқұрайлы қарайтынына жиі толғанам.

Қазіргі өмір ағымында  бұл жайлы ойлануға уақыт жоқ дерміз, дегенмен

табиғатқа деген немқұрайлы көзқарас жақсылыққа әкелмейді. Болашақ ұрпаққа

бізден кейін не қалмақ? Экологтар дабыл қағуда! Гүлдері

құлпырған алаң, сарқыраған мөлдір бұлақ, өзен, көлдер, тізілген ақ қайыңдар

табиғаттың нағыз ғажайыптары деп түсіндірем мен. Неткен керемет!Өзімнің тәрбиеленушілеріммен әрдайым осы

жайлы сөйлесемін.2014 жылы олар 1-сыныпқа қадам басады.Мектепке қандай біліммен

барады. Біздің сабақтарымыз бен саяхаттарымыздан не алады?Қоршаған ортамен

танысу, экология сабақтары – менің ең сүйікті тақырыптарым болып табылады. Бұл

сабақтардың мақсаты – ең алдымен балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін

арттыру, бейнелеу арқылы қоршаған орта сұлулығын аша білу, тіршілік иелеріне

деген қамқорлық сезімін тәрбиелеу, бақылау нәтижелерін сараптау,табиғат

заңдылықтары мен табиғаттағы өзара байланыс жайлы  өздігінше қорытынды

жасауға үйрету.Ең бастысы, аталмыш мақсаттар сюжетті-рөлдік, дидактикалық

ойындар арқылы жүзеге асырылады.Өз тәжірибеме сүйенсем, осындай қызықты ойындар

арқылы балалардың бойында қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік, жанашырлық

сезімдері қалыптасады.. Адам баласы құлпырған әсем гүлді

жұлғанда жер бетінен жойылып бара жатқан өсімдікті құртқанын түсінбесе керек,

онсыз да 25 мыңға жуық өсімдіктер сирек кездесетін немесе мүлдем жойылу

қауіп-қатерінде тұр. Сіз жинаған гүл шоқтары да үйіңіздегі құмыраға жетпей

солып қалар, ендеше, орман мен дала сұлулығын жоюдың  қажеті неде?Өлең

шумақтарынан кейін балалар әрдайым өткізген жаз мезгіліндегі әсерлерімен

бөліседі. Орманға, тоғайға, саябаққа шыққан саяхаттарын, түстер мен хош иістің,

дыбыстардың алуан түрлігіне толы демалыстарды еске алады.Қалың шөптің арасында

жасырылып өрмекші, көбелек, шегіртке, ұлу сияқты тіршілік иелерін бақылауға

болады.Тек бақылауға ғана, бөгет жасауға емес!Сабақ барысында алған білімдерін

бекіту мақсатында сабақ танымдық ойынға көшеді.Табиғатта барлығы бір-бірімен

байланысты, жәндіктер жоғалса құстар да болмайды.Табиғаттың берер байлығы мол. Табиғат аясында алау жандырғанда ағаштар

мен бұталар зиян шегетінін балалар өте жақсы біледі. Одан

да жапырақтары сылдырлап, біздерді қуанта берсін. Алауды тұтату үшін құрғаған

орман жаңғақтары мен кепкен шыбықтар жеткілікті. Міндетті түрде отты сөндіріп

кетуді ұмытпау керек. Табиғат-анамызға,

нұрын төккен күнге, ну орманға бізге сыйлаған жылулық, қуаныш, қонақжайлық үшін

мың алғыс айтыңдар, сонда ғана сіздің және балаңыздың жүрегінде табиғатқа деген

сүйіспеншілік сезімі пайда болады.Өйткені, табиғатты сүю және оны қорғау –

біздің ортақ ісіміз. Табиғат ол бізді қоршап тұрған орта. Оның әрбір

әсері,әрекеті адам өмірінде маңызды роль ойнайды. Табиғаттағы кез келген

өзгерістер адамды қуанышқа бөлейді, мысалға жыл мезгілдері бізге ғажайып бір

әлемдерді сыйға тартады. Сарқырап аққан суға қолыңды салсаң бойың сергіп

қалады, арықтағы суға өзіңнің шешілмей жатқан қиын жұмыстарыңды, мұңыңды айтсаң

жеңілдеп барлық нәрсенің шешімін таба аласың.Ал, таң атқанда күннің алғашқы

нұры не деген ыстық сезіледі және көңіліңе жайлылық береді. Бақшада өскен

жеміс-жидектердің иістері керемет емеспе? Сондықтан табиғат барлық тірі

ағзалардың негізгі тіршілік көзі.Табиғат адамға ауыз бен жеткізе алмайтын

ғажайып сезімдерді сезгізеді. Табиғат пен адам тығыз байланысты. Өйткені біздің

әр бір жасаған іс-әрекетіміз, жеген, ішкен тағамымыз, жинаған күш-қуатымыз

табиғаттағы заттар арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан келешегімізді ойласақ

табиғатты аялауымыз керек. Қандай да болмасын қолымыздан келген көмекті

жасауымыз керек. Соңғы жылдары көптеген өсімдік, жануар түрлері жойылып бара

жатыр. Оларға біз қамқор болуымыз керек. Ата-бабамыз “Жер — қазына, су — алтын,

мал — байлық” деп тегін айытпаған. Қазақ халқының табиғатқа деген

сүйіспеншілігі ерте кездерден-ақ басталады. Халқымыз өсімдіктер мен

жануарлардың табиғаттағы, адам өміріндегі қадір-қасиетін, пайда-маңызын жақсы

білген. Жас ұрпақтың көкейіне құйып, оларды сақтап, қорғауға бауылып, 

тәрбиелеген. Табиғатты қорғау- табиғатты аялау әр адамның міндеті. Үлкен- кіші

әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екені

баршамызға мәлім.

Біздің әрбір басқан қадамымыз, әрбір істеген ісіміз табиғатқа байланыты

болғандықтан, оның біздің өмірімізде ерекше орын алуы сөзсіз. Бірақ, адамзаттың

кейбір істері табиғатқа кері әсер етуде. Оның кері әсері біздің денсаулығымызға

да зиян келтіреді. Қоршаған ортаның, табиғаттың неғұрлым таза болуы - адамзат

денсаулығының мықты болуының кепілі. Яғни, адамдардың амандығы, көтеріңкі

көңіл-күйі мен ерекше шабытта, күш-қуатта болуы табиғат тазалығымен тікелей

байланысты. Табиғаттың ластануы адам денсаулығына, өсімдіктердің өсуіне,

жануарлардың тіршілік етуіне зиянын тигізеді. Біз жас ұрпақ - табиғат қорғаны.

Атадан балаға мирас болып келе жатқан табиғатымызды көздің қарашығындай сақтап,

анамыздай аялап келер ұрпаққа таза күйінде қалдыруымыз керек.Адам - табиғаттың

ажырамас бөлігі. Халқымызда «Жер - Ана» деген егіз ұғым қалыптасқан.

Табиғат-тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені, тіршіліктің түлеп өсуіне қажет,

жер бетіне көрік берген сәні. Халқымызда табиғат деген сөз жер, туған жер,

атамекен сөздерімен қатар тұрады. Әрбір азамат табиғат алдында өзде-рін жауапты

санаған, барлық жануарларды киелі санап, өзен, көл жағалауларын таза ұстап,

бұлақ көрсе көзін ашып, жастайынан өз әулеттеріне балалары-ның санасына

сіңіріп, бойларын үйреткен. Табиғат арқылы адам бойына сұ-лулық пен әсемдік

дамыту идеясын қазақ жазушылары мен ақындары өз шы-ғармаларында паш еткен.

Бізді қоршаған орта-жан-жануарлар мен өсімдік-тер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы

жұлдыздар. Осылардың барлығы табиғат деген ұғымды береді.Қазақ халқының

табиғатты, қоршаған ортаны, жан-жануарлар мен құстар-ды аялағаны соншалықты,

тіпті сонау ашаршылық жылдардың өзінде үйдің іргесіндегі судың балығына да,

ұшқан құсына да, жүгірген аңына да ешбір зиян келтірмеген.Қазақстан

топырағы-киелі, құнарлы. Қоршаған ортаның бүтіндігін сақтау үшін, адамның, оның

моральдық, этикалық дағдыларын өзгертіп, табиғат пен адам арасында жаңа

көзқарас қалыптастыру қажет. Әрбір қоғам мүшесі табиғат құбылыстары

заңдылықтарымен таныс болу керек. Экологиялық сауат-сыздықты жою-үкіметіміздің

халық арасында жүргізетін маңызды мәселеле-ріне айналуы тиіс. Табиғат пен

қоршаған ортаны қорғаудың жолдарын ұғын-дыру, жалпы халықтың экологиялық

сауатын ашу, жастарға үздіксіз білім бе-ру нәтижесінде ғана шешіледі. Үздіксіз

экологиялық білім берудің ғылыми негіздері және табиғатпен қарым-қатынасы

еліміздің салт-дәстүрінен бастау алады. Қашанда болса табиғатты

аялайық. Осындай сабақтар өткізілді: «Астық қалай нан болады?». «Құстардың

қысқы тіршілігі» «Табиғатты қорғаудағы халық болжамдары». Тәжірибе сабағы. «Қар

ериді, су болады» Танымал сабақ«Қызанақ- ащы бұрыш» тұқымдарын отырғызу.

«Қаламыздың тазалығын сақтаймыз». Дәстүрден тыс сабақ.«Емдік шөптермен танысу» т.б

 

 

 

 

 

"Сиқырлы

палитра" вариативтік компонент:

Үйірме жұмыстарын

талдау,қорытынды жасау«Сиқырлы палитра» үйірме балалардың шығармашылық

қабілеттерін ұштауға көмектесетін сабақ 

.

 Баланың жан-жақты тәрбиелі,

биік тұлға болуы, шығармашылық жұмыстар арқылы жүзеге асады.

Балалардың жас ерекшеліктерін,

меңгеру деңгейін ескеріп, 1-топты қамти отыра шығармашылық қабілеттерін арттыру

барысында «Сиқырлы палитра» үйірме 

атты  сабағы аптасына 1 сағат

көлемінде алынып,34 сағатты қамтиды. 

Мақсаты:

Эстетикалық сезімдерді тәрбиелеу,

өнегелі тәжірибесін байыту, адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу, Қазақстан және

басқа елдердегі халықтардың мәдениетін құрметтеу.

Қиялын, өнер мен қоршаған әлемді

қабылдау қабілетін, көркемдік іс-әрекетте бірлесіп жұмыс істеу шеберліктері мен

дағдыларын дамыту.

Халық шығармашылығына деген

қызығушылығы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу.

Аңғарымпаздығы мен көріп есте

сақтау қабілетін дамыту.Қолдың моторикасын, икемділігін дамыту

Балаларды көркем шығармашылық

қабілеттерін, зейіндерін дамыту,

ой-өрісін бейнелеу өнері әлеміне

бағыттап, қызығушылығын арттыру.

Міндеттері:Өзінің қоршаған әлемге

көзқарасын шығармашылық жұмыстарында көрсете білу қабілетін дамыту.

Сурет, кескіндеме, композиция, оригами, мозайка, аппликация бойынша бейнелеу

сауаты негіздерімен таныстыру.

Бейнелеу өнері түрлерімен ( кескіндеме, мүсін,) таныстыру.

Көркемдік дағдыларды меңгеру (әртүрлі материалдармен жұмыс істеу және

әртүрлі бейнелеу техникасын игеру).

Сезімдік-эмоциялық белгілерді дамыту: зейін, есте сақтау, қиял, елестету.

Балалардың қолдарының

моторикасын, иілгіштігін, икемділігін жақсарту- Балаларға бейнелеу өнері туралы

түсінік беру;

- Сурет бойынша әңгімелету арқылы сөздік қорын дамыту, көркемдік талғамын

арттыру;

- Балалардың өнер әлеміне деген қызығушылығын арттыру, бояу түстерінің мәнін

түсіндіру;

- Ұлттық ою-өрнектердің негізгі ерекшеліктері туралы түсінік беру, түстерді

дұрыс таңдап, үйлесімдік құра білуге үйрету, қолданбалы сәндік өнер сұлулығын

сезінуге тәрбиелеу;

- Сурет салудың дәстүрлі және дәстүрден тыс әдіс-тәсілдері арқылы балалардың

бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыру;

- Сабақ кезіндегі тазалық, ұқыптылық, тәртіп ережелері мен ұжымдық

бірлестікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

- Сурет салу құралдарымен жұмыс жасап үйренеді;

- Бейнелеу өнерінің түрлерімен жанрларын айыра біледі;

- Үлгі бойынша суретті дұрыс үйлестіріп жаттығады;

- Түстерді саралауды үйреніп, түстермен жұмыс жасай алады;

- Түстердің мағынасын ашып, әңгімелеп береді;

- Өзі салған суретті салыстыра білуге дағдыланады;

- Сабақта меңгерген білім, білік дағдыларын өмірде қолдануды меңгереді;

- Сурет байқауларына өз жұмыстарымен қатыса алады.

 «Сиқырлы палитра» сабағы балалардың 

көркем қабілеттерін дамытуға ғана емес, сонымен қатар, сурет салу процесінде

коммуникативтік дағдыларын да дамытуға мүмкіндік береді. Балалардың сурет салу

барысында белгілі бір білім, білік, дағдыларын меңгеруі, балаға өз қабілетін

анықтап, түсінуге қалыптастырады. Мақсаты: балалардың эстетикалық тәрбиесін

қалыптастыру, қиял,  шығармашылық қабілеттерін дамыту;  бейнелеу

өнеріне қызығушылықтарын арттыру, адамгершілік сезімдерін дамыту; 

балалардың қиялын дамытуға, кез келген шығармашылық қызметке өз іскерліктерін

жақындатуға, өнер мен қоршаған әлемді қабылдау қабілеттілігін арттыруға және

көркем қызметке ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету.

Үйірме міндеттері.

«Сиқырлы палитра» үйірмесі эмоциялық-бейнелі, көркемдік ойлау түрін

қалыптастыруға бағытталып тұлғаның рухани қызметі қалыптасуының шарты болып

табылады. Пәнді тереңірек танып білуге бағытталады.Баланың шығармашылық

қабілетін дамытады..

Өмір шындығы көріністерін, табиғатты және өнердегі бояу түстерін оның

сезімдік әсерін балалардың көре, сезіне білуін, бейнелеу іс-әрекеті барысында

олардың кеңістік туралы түсінігін, қиялын, елестету қабілетін жүйелі түрде

дамыту. Балаларды қарындаш, қылқалам, қағазды маңызымен таныстыру. Сурет салуға

ынта-ықыласын, қызығушылығын тудыру. Қылқаламды

дұрыс ұстап, палитраны пайдалана білуге, яғни қылқаламды бояуға батыру,

қағаз бетіне сүйкей жағу тәсілдерін үйрету. Сызықтар мен сүйкей жағу ұғымдарын

түсіндіру

Қазіргі заманда

бейнелеу өнерін балабақшада оқытудың маңызы өте зор. Балалардың ой - өрісін

кеңейтіп дамыту үшін бейнелеу өнері ең қажетті сабақтың бірі болып

саналады. 

Бұл жұмыс екі бөлімге бөліп қарастырылған, бірінші бөлімде балабақшада бейнелеу

өнерін оқыту, затқа қарап заттың суретін салу және тақырыпқа және ертегіні

иллюстрациялауға байланысты сурет салу. 

Бейнелеу өнерін осы жастарда (ересек топтағы балаларға) оқытудың басты мақсаты,

ол балаларға өмірдегі кездесетін қарапайым заттарды бейнелеуді үйрету болып

табылады. Балалар өздерінің жас ерекшеліктеріне байланысты салған суреттерінде

заттарды ұзындығы мен көлемін ғана көрсете біледі. Сондықтан сурет салудың

басты негізгі затты көріп, көрген бойынша заттың биіктігін, көлденеңін, сол

заттың басқа заттан өзгешілігін ажырату арқылы бейнелеу. Затқа қарап салу

тапсырмасын орындау барысында, бала заттардың өз түсін байқауға және басқа

заттармен салыстыра білуді үйреніп, меңгереді. Егерде балалардың осы

қабілеттері дұрыс қалыптасатын болса, мектепке барғанда баланың сурет салу

мүмкіншілігі арта түседі. Затқа қарап салу тапсырмасы көп берілмейді. Қарап

салу үшін балабақшада қойылатын заттарды тәрбиеші перспективалық өзгерулері

көрінбейтіндей етіп және балалардың барлығына жан–жағынан қарағанда бірдей

қашықтықта болатындай қылып қойғаны абзал. Сурет салуды үйрету балалардың көріп

есте сақтау, қиял деңгейлерін дамытуға көп әсерін тигізеді. Қиял, есте сақтау

сияқты танымдық процестерің дамуына арнайы аулаға шығып маңайдағы заттарды

бақылаудың да маңызы ор. Осы жастағы балалар сурет салуды заттың алыс, жақын,

төмен, жоғары орналасу түрлерін түсіне біліп, соны сала білуі тиіс, тек

осыларды меңгере алғанда ғана мектепке барғандағы балалар сурет салудың күрделі

түрі перспектива заңдылықтарын тез қолдана алуына жол ашады. Композиция

тапсырмаларын орындауда алыс, жақын, алдыңғы жақта, артқы жақтарда тұрған

заттарда балалар тәрбиешінің түсіндіру арқылы айыра біледі. Сонымен қатар

осындай композициялық шешімдері тез түсіндіретін фланелграфты пайдалануға

болады. Бұл 50х50 размерлі плпншет, оның үстіне арнайы мата керіледі, керуге

қолданылатын матаның түгі болуы керек. Түрлі-түсті түгі бар қалың қағаздардан

арнайы ертегінің мазмұнына қарай заттар менкейіпкерлер қиылып жасалады.

Планшеттің бетіне осы қиылған заттардың суретін жабысып қалу арқылы композиция

орындалады. Сабақта қолданылатын заттар мен түрлі аңдардың суреттері әр-түрлі

көлемде болады. Себебі балаларға композицияның алыс, жақын, алды мен артқы

жақтарында орналасқан заттарды түсіндіру үшін қажет. Мысалы, жақын жерде тұрған

заттың көлемі үлкен болады да алыстағы зат кішкентай болып көрінеді. Тақырыпқа

байланысты және ертегінің мазмұнына композиция салуда баланың заттарды қағаз

бетіне дұрыс орналастыруына көмегін тигізедіҮйірме жұмысының нәтижесі мен

жетістігі ретінде тоқсан сайын немесе жарты жылдық, жылдық  және жылжымалы көрмелер өткізу жоспарланады.

Көрмелер ұйымдастыру бейнелеу өнерінің балабақшадағы эстетикалық тәрбие беру

аясын кеңейтеді. Көрмеге қойылатын жұмыстар өңделіп мүмкіндігінше «багетке»

салынып жинақталады. Балаларға бейнелеу өнерінің түрлерін терең таныстырамын.

Бейнелеу өнері өмірді қолмен ұстап, көзбен көргендей етіп, көркем бейнелер

арқылы баяндайды. Көркем шығармалар айналамыздағы дүниені жақсырақ, толығырақ

түсінуге үйретіп қана қоймай, ол біздің ой-санамыз бен түйсік-сезімімізге

тікелей әсер етеді. Сол себепті біз бейнелеу өнері туындыларын әр деңгейде

қабылдаймыз. Олардың мазмұнына мән беріп қараймыз. Бейнелеу өнерінің адам үшін

берері мол. Көркем шығармалар арқылы өткен өмір тарихына назар аударып, оны көз

алдымызға елестете аламыз. Бейнелеу өнерінің ерекшелігі – суретшінің өз көзімен

көріп, түсінген шындығын сол сәтімен айқын көрсетуінде. Сурет салу іскерлік

дағдыларын меңгерту балалардың заттық тақырыпта сурет салу дағдыларын бекітеді.

Бірнеше заттарды бейнелеп мазмұнды сурет салуға, композиция құра білуге

үйретеді. Бояу қарындаштар, акварель бояу мен қылқаламды пайдаланудын

әдіс–тәсілдерін меңгертеді. Жағыс түрлері: сүйкей жағыс, қылкалам ұшын тік

бағыттау, жоғарыдан төмен қарай, солдан оңға қарай біртіндеп жүйелі тегіс бояу,

сулау (дымқылдау) тәсілі, үрлеу тәсілі, бояуды шашырату арқылы сурет салу,

үзіліссіз сызу, тамшы бояудан бейнеге келтіру, таяқшамен, саусақпен,

қауырсынмен сурет салу тәсілдерін, қос бүктеп беттестіру арқылы симметриялы

заттардың суретін салуға жаттықтырады. 

Балалардың қылқаламды еркін ұстап сызықты жіңішке, жуан, жалпақ түсіруге,

бояуды қалыңдау жағу үшін қылқаламды көлбеу ұстап қаттырақ басу, сызықтың

түрлеріне қарай бағытын өзгерту, қолдың қимыл қозғалысы мен көз мөлшерінің

үйлесімділігін дамытады. 

Суреттің барлық бөлігін біркелкі бояу талабын ұштайды. Бояу түстерін тандап

үйлесімді бере білуге дағдыландырады. Бейнелеу өнерінің мәнерлеу құралдарын

меңгертіп, сурет салуға деген қызығушылығын арттыру көзделеді. Бейнелеу

терапиясы

Бейнелеу терапиясын қолданудың негізгі мақсаты- баланың немесе ересек адамның

қандай да бір қимылды таңдауына қарамастан, баланың өзін-өзі тануына және өз

әлемінде өмір сүруіне демеу беру болып табылады.

Сурет салу- ешқандай ересек адамның көмегінсіз ең күшті өзін таныту түрімен

байланысты болады. Өзінің ішкі сезімі мен өзін теңестіруді көрсетуіне жол

ашады. Балалардың сезімін сурет салу арқылы бейнелеу әдістері шектеусіз.

Балалар бояуға қолын малып қағаз бетіне із қалдыруды жақсы көреді. Бала бояу

түрін өзінің жай күйіне байланысты таңдайды. Бояудың түстері сезімнің жағдайына

тең келеді.

Саусақ живописі- ешқандай құралдың көмегінсіз тек саусақпен бейнелеу. Ол үшін

баланың әрбір саусағын әр түске матыру арқылы парақ бетіне әртүрлі сызықтар,

нүктелер, саусақ ұшы таңбасының, алақанның көмегімен бейнелеу. Бұл әдіс

артпедагогика мен арттерапияда белсенді қолданылады. Себебі баланың қателік

жасаудың алдында, сәтсіздікке ұшырау алдындағы қорқынышты жеңу үшін

қолданылады.

Бейнелеу терапиясының түрлері:

1.Поролон бөліктерімен сурет салу.

2.Сабынмен сурет салу.

3.Щеткамен сурет салу.

4.Майшаммен сурет салу.

Дәстүрден тыс сурет

салу арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту Сурет салу – балалардың

шығармашылық белсенділігін көрсету үшін үлкен мүмкіндік беретін өнердің бір

түрі. Сурет салу арқылы балаларды адамгершілікке, әсемдікке, сұлулыққа, өнер

түрлерінің құндылықтарын бағалауға тәрбиелейміз.   Эстетикалық тәрбие

алған балалар ашық-жарқын, әсем атаулының бәріне жай ғана ұмтылып қана қоймай,

сұлулықты жан-дүниесімен қабылдайтын болады. Тәрбиеші баланың сұлулықты

қабылдауынан бастап оны түсіну, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, беру

қасиетін қалыптастыруға дейін жетелеп отыруы тиіс.    Дәстүрден

тыс әдістермен сурет салу балалардың шығармашылық қабілеттерін жақсы дамытады,

көңілдерін көтереді, шығармашылыққа талпындырады. Ол қиял деңгейлерін дамытуға,

ой...ұшқырлығына, танымдық белсенділігі мен ізденгіштік қабілеттерін

жетілдіруге көп әсерін тигізеді.    Мен өз тобымның балаларымен

2 кіші  топтан бастап жұмыс істеймін,

сондықтан осы жастан бастап балаларға дәстүрден тыс әдістері үйрете бастадым.

Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты әр топта белгілі бір әдістерді үйрету

керек. Мысалы:  сәбилер тобында балалар алақанмен, бастырмамен, саусақпен

сурет салуды үйренсе, ересек топтарда қағазды екіге бүктеу арқылы, түтікшемен

үрлеу, шашырату әдісімен, далаппен салуды және жіпті, жапырақтарды пайдалану

арқылы, балауызды қолданып сурет салуды үйретеміз. Осы әдістердің бірнеше

түріне тоқтала кетейік. Сурет салу өнерін үйретуге төмендегідей мақсат 

қойдым:- Сурет салу өнері арқылы  мектеп жасына дейінгі баланың 

сезімдік эмоционалдық ортасымен эстетикалық  талғамын  және 

шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.

Алдымызға қойған

бағытымыз:

Сурет салу іс-әрекеті

арқылы, балаларды жан – жақты дамыта отырып тәрбиелеу;

Балалармен жүргізілетін

жұмыс  түрлері:

- Сурет салу оқу

іс-әрекеті арқылы;

- Күннің 

екінші   жартысында бейнелеу  өнері  бойынша жеке 

жұмыстар жүргізу.

Ата-аналармен

жүргізілетін жұмыс  түрлері:

- Әңгімелесу,кеңес

беру,жиналыс,көрмелер ұйымдастыру,ашық есік күндері;

Тәрбиешілермен

жүргізілетін жұмыс  түрлері:

- Кеңестер беру;

-Ұйымдастырылған

оқу  іс-әрекеттерін өткізу;

Алға қойылған мақсатты

жүзеге асыруда мынандай міндеттерді аламыз:

- Бейнелеу іс-әрекетіне

қажетті негізгі техникалық  дағдыларды меңгерту;

- сурет салу өнеріне

деген қызығушылығын ояту;

- көркемдік талғамын

арттыру;

- іскерлік дағдыларын

меңгерту;

Сурет іс-әрекетіне

бейімдеу бағыттары:

- айналаны бақылау және

қабылдауын дамыту;

- бейнелеу өнері

түрлері және көркем өнер туындыларымен  таныстыру, көркемдік талғамын

арттыру;

- іскерлік дағдыларды

меңгерту.

Баланың бейнелеу

іс-әрекетінің  негізгі  түрлері болып  саналатын сурет салу

жапсыру,илеу әрекеттерімен шұғылдануы, өз кезінде, оған сан алуан түстер

гаммасымен танысуға формалар, сызықтар, түрлі пішіндермен танысуға мүмкіндіктер

бере алады.

Сурет салу іскерлік

дағдыларын меңгерту балалардың заттық тақырыпта сурет салу дағдыларын бекітеді.

Бірнеше заттарды бейнелеп мазмұндысурет салуға, композиция құра білуге

үйретеді. Бояу қарындаштар, акварель бояу менқылқаламды пайдаланудың

әдіс-тәсілдерін меңгертеді. Жағыс түрлері: сүйкей жағыс, қылкалам ұшын тік

бағыттау, жоғарыдан төмен қарай, солдан оңға қарай біртіндеп жүйелі тегіс бояу,

сулау (дымқылдау) тәсілі, үрлеу тәсілі, бояуды шашырату арқылы сурет салу,

үзіліссіз сызу, тамшы бояудан бейнеге келтіру, таяқшамен, саусақпен,

қауырсынмен сурет салу тәсілдерін, қос бүктеп беттестіру арқылы симметриялы

заттардың суретін салуға жаттықтырады. Балалардың қылқаламды еркін ұстап

сызықты жіңішке, жуан, жалпақ түсіруге, бояуды қалыңдау жағу үшін қылқаламды

көлбеу ұстап қаттырақ басу, сызықтың түрлеріне қарай бағытын өзгерту, қолдың

қимыл қозғалысы мен көз мөлшерінің үйлесімділігін дамытады. Суреттің барлық

бөлігін біркелкі бояу талабын ұштайды. Бояу түстерін тандап үйлесімді бере

білуге дағдыландырады. Бейнелеу өнерінің мәнерлеу құралдарын меңгертіп, сурет

салуға деген қызығушылығын арттыру көзделеді.

Сурет салу әдістері:

«Бастыру әдісі»:

Әртүрлі заттармен бастыру  арқылы сурет салу балабақша дәстүріне айналып

келеді.  Аталмыш техника  арқылы жұмыс істеу балаларда  жағымды

эмоция тудырады, таныс тұрмыстық заттарды көркем сурет салуға қолдану

мүмкіншілігін ашады. Бастыру үшін әртүрлі заттарды қолдануға болады. Мысалы:

жапырақ, түрлі өсімдіктер, поролон, көкөністер, жүн, алақан, қарындаштың теріс

бөлігі, жіп;

Дәстүрден тыс әдіспен

сурет салуды үйренген бала, өз бетінше бастыру құралдарын  іздеп тауып

көрсетеді. Бұл баланың өмірге шығармашылықпен қарауының, кез келген затты әр

түрлі мақсатта қолдана білу іскерлігін дамытудың алғы шарты болып табылады.

«Көкөністер

бастырмасы»: Балалар бастырма көмегімен салынған бейнеге ерекше қызығушылық

танытады. Әсіресе көкөніс қалдығынан балалардың көз алдында даярланған штамптар

даяр сатып алғандарға қарағанда қызығушылықты үдете түседі. Картоп, сәбіз,

асқабақ қабығынан, және қызылшадан  түрлі пішіндер жасауға болады.

Мысалы:шаршы, дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш даярлау;картоп немесе өзге көкөніс

қиығында контур жасап, артығын кесу; штампты гуашқа батыру немесе оған қылқалам

көмегімен субояу жағу;қағаз немесе мата бетіне ойлаған сурет шығатындай етіп

бастыру;  Штамптар көмегімен мата, кілем үлгілерінің  оюын жасауға

немесе ұлттық ою-өрнектерден   сәндік композициялар құрастыруға

болады. Жұмысқа ұлттық нақыш беру үшін жеке суреттермен ұжымдық жұмыстарды

әшекейлеуде  ұлттық ою-өрнектерді жүйелі қолдану өте маңызды. Балалар

ою-өрнекті бейнелеу арқылы кеңістікті бағдарлауға үйренеді және олардың аттарын

атап есіне сақтайды.

«Саусақпен сурет салу

әдісі»: Саусақпен сурет салу-алақанмен, саусақпен, табанмен бейнелеудің тағы

бір тамаша әдісі. Бұл әдіс гуашь, майлы бояудың қасиетін (қанықтық, жұмсақтық)

сезінуге көмектеседі.  Балаларға алақан немесе саусаққа  әр түсті

бояу жағу арқылы заттың суретін салу ұсынылады, сондай-ақ таяқша, мақта, мата,

поролонды қолдануға болады.

Қолдану ережесі:

- бояуды жайпақ

табаққа, суды кішкентай құмыраларға құю, ал алақанмен сурет салғанда бояуды

табаққа құйған жөн;

- әр саусақты бір түсті

бояуға батыру,қағазға түсіріп болған соң құмырадағы суға жуып, қағаз

сүлгімен  немесе ылғал шүберекпен сүрту керек.

Ағаштың суретін

салғанда саусақпен діңі мен бұтақтарын бейнелейді, содан кейін алақанға сары,

жасыл және қызыл сары бояуды жағып, жапырақтардың суретін салады. Үлкен ақ

қағазда  (ұжымдық жұмысқа ыңғайлы) күннің суретін үлкен етіп салып, ал

шуақтарды шеңбер бойымен  балалар өз алақандарын бастыру арқылы 

түсірсе өте әдемі сурет шығады.

«Далаппен сурет салу»:

Дәстүрден тыс әдістер жинағына ескі далаппен, лакпен, көз бояйтын теньмен сурет

салуды  жатқызуға болады.Бірақ педагог өте мұқият, сақ болып, бұл

заттарды  бала қолы жетпейтін орынға қою керек. Бала анасының косметика

қолданғанын  бақылағанды ұнатады. Әдетте косметика қолдануға тыйым

салынатындқтан, баланың өз анасының  далабымен ойнауға деген құмары арта

түседі. Сондықтан косметикалық құралдармен  сурет салуды 

ұйымдастыру  бала тілегінің  орындалуына  мүмкіндік

тудырады  және ол пайдалы іс болып саналады.

«Нүктелер арқылы сурет

салу»: Нүктелер арқылы сурет салу (нүктелі сурет)  дәстүрден тыс әдіске

жатады. Сурет көптеген жекеленген нүктелер арқылы бейнеленсе, онда бұл сурет

салу техникасы пуантилизм деп аталады. Нүктелер саусақ немесе қылқалам 

ұшымен тықылдату  әдісі арқылы  түсіріледі, нүктелердің

көлемдері  ір түрлі болуы мүмкін. Нүктелер арқылы  салынған сурет

мозаика сияқты болады. Педагог контур нүктелерді қойып суреттің сызбасын

даярлайды. Балаға нүктелерді сызықтармен қосу ұсынылады. Пайда болған бейнені

аяқтауға, бояуға, сюжет ойластыруға және ат қоюға болады. Жұмысты аяқтаған соң

балалар ашық түстерді немесе суық және жылы түстерді көп қолданған суреттерді

топтастырады.

«Құммен сурет салу

әдісі»: Балаларға құммен сурет салу өте қызықты болмақ, өйткені олар құммен

ойнағанды қатты ұнататыны сөзсіз.

Қолдану ережесі: - ақ

қағаз бетіне суреттің пішіні сызылып алынады;

- Пва желімін сызылған

сызық бойымен қылқаламмен жағып шығамыз;

- Жағылған желімнің

үстіне ыдыстағы құмды себелеп шығамыз.

Тәрбиешілерге бейнелеу

сабақтарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар:

-балаларға айнала

қоршаған ортадан алған әсерлерін, қабылдағандарын   бейнелеу

іс-әрекетінде бере білу дағдыларын меңгерту;

- бейнелеу өнері

түрлері жайында жалпы түсініктері мен көркем өнер туындыларын ажырата білу;

- өнер туындыларынан

әсер алу, сипаттап әңгімелей білу дағдысын меңгерту;

- бейнелеу өнерінің

мәнерлеу құралдары  жайында (түс, сызықтар, көлем, кеңістік, композиция)

қарапайым түсініктерді меңгерту;

-сурет салуға қажетті

құрал-жабдықтармен жұмыс істеудің іскерліктерін игерту; - ұлттық нақыштағы

бейнелеу өнері түрлерін басқа халықтар өнерімен салыстыра, ажырата білуОсындай

сабақтар арқылы балалардың іскерлік қабілеті дамып, эстетикалық талғамы артады,

шығармашылығы дамиды. Балалардың қоршаған ортаға, табиғатқа зер сала қарап,

түрлі құбылыстар мен бейнелерді қиялда елестету арқылы ойлау және сөйлеу

әрекетін белсенділендіреді. Ал қызығушылық пен танымдық белсенділік білім

меңгеруге, еңбектенуге бейімдеп, қабілеттерді дамытуға ықпал жасайды. Сондықтан

әр педагог өз әрекетін саралай отырып, шығармашылықпен және шеберлікпен

ұйымдастыруға, балаларды оқуға ынталандыратын жұмыс түрлерін, ойындар мен

тапсырмаларды жоспарлап өткізуі өте маңызды. Мұны жүзеге асыру үшін тәрбиеші

үнемі іздену арқылы, инновациялық технологияларды меңгеру арқылы өзінің кәсіби

құзыреттілігін шыңдап отыруы қажет, жаңалықтардан хабардар болып, озық

тәжірибелерден үйренуден жалықпағаны дұрыс.Педагогикалық әрекетінің үздіксіз

жетілуі мен өсуіне ерекше көңіл бөліп, шығармашылық әлеуметін дамытуға, білімі

мен білігін тереңдетуге тырысқаны абзал. Сабақты бір сарынды әдістермен өткізу

балаларды жалықтырып, қызығушылықтарын сөндіреді, аз күшіне сенімсіздік

тудырып, білім меңгеру қабілеттерін әлсіретеді, тәрбие мен оқытудың сапасы мен

нәтижесін төмендетеді. Сондықтан баланың жас ерекшелігін ескере отырып оқытудың

жаңа әдіс-тәсілдерін қолданудың  маңызы зор.

Осындай сабақтар

өткізілді:  «Бояулар бізде қонақта».

«Сызықтар әлемі».

«Бояулар тамшысы арқылы

салу». «Тостағанға өрнек салу». «Құмырадағы гүл». «Көбелек әлемі». «Ұлттық

оюлар». «Ертегі құс» т.б.

Просмотров: 5845


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст