Ақмола облысы  Жарқайың ауданы ЖК "Рамазанова"  "Солнышко" балабақшасы" мемлекеттік-жекешелік әріптестік   
ИП "Рамазанова"  Государственно-частное партнерство "Детский сад "Солнышко"  Жаркаинский район Акмолинская область

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата-аналар жиналысы ХАТАММА № 4 Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дайындау»

09.06.2017

 

   Державин  қаласы.

Балабақша «Солнышко»

 Қазақ тобы

«Балапан»

 

                                                      Ата-аналар жиналысы

 

                                                           

ХАТАММА   № 4

 

Өтілу мерзімі: 19.05.17.ж

                       

Төрағасы: Русина Т.В

Хатшысы: Есполова А.К

Жиналысқа қатысуға тиісті: 25

Қатысқаны – 21

Қатыспағаны – 4

Себептісі – 1

Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дайындау»

Мақсаты:

1 Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке  дайындау.Отбасылық тәрбиенің озық үлгілерін

насихаттау.

2.Ата- аналардың мектеппен тұрақты қарым - қатынасын ,

белсенді педагогикалық ұстанымдарын қалыптастыру.

3.Үлкенді сыйлауға ,ілтипатты болуға ата ана алдындағы парызын түсінуге

тәрбиелеу.

                                                          

Күн тәртібінде:

1.Баяндама : «Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке 

дайындау»

 2. Ата-аналарға психологиялық кеңес

 3 Ағындағы

мәселелер. « Қош бол

балабақша»ертеңгілікті өткізу  

Тыңдалды: Бірінші мәселе бойынша

Жакупова А А баяндама жасады (баяндаманың мәтіні беріліп отыр)Баяндама: «Мектеп

жасына дейінгі балаларды мектепке психологиялық дайындау» . Жас ұрпақ біздің

өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас

болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес

тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында,

мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы – ата – анасы. Тәрбие

үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие мектеп

өмірінен жалғасын табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп,

етек жыйғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады. Бүгінгі мақсат -

әрбір бала түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан -

жақты дамуына ата - ана, мектеп жағдай жасауы керек.Сондықтан сіздерге

балаларыңыздың мектептен барлық мүмкіндіктерді пайдаланып білім алу мен тәрбие

жұмыстарына қатыстырып өзін - өзі басқаратын азамат болуына ат салысу қажет.

Бала тәрбиесі отбасынан басталады. Мектепке келгеннен кейін ол мінез отбасында

қалыптасқан тәрбие одан әрі жалғасады. Бір тәуліктің яғни 24 сағаттың 4-5

сағаты мектепте, қалғаны тәрбие ордасы, үнемі ата - ана болып қала береді.

Баланың сабаққа саналы қарап озат оқушы болып өсуі, ол мұғалім мен ата - ананың

бірігіп өсірген жеміс ағашы, немесе ұшқыр ұшақ жасаумен тең десем артық емес.

Дұрыс өспеген жеміс ағашы, дұрыс жеміс бермесе қуануға бола ма? Баланың өз бетімен әрекет жасауына мүмкіндік беріңіз (бермеген жағдайда

бала өмір бойы бір істі өздігінен істей алмайтын, жалтақ, өзіне сенбейтін болып

өседі).Балаңызға сүйіспеншілікпен қараңыз. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте

өссе, ол бұл әлемнен махаббат табуды үйренеді.

Ой толғанысы ...

1. Егер баланы үнемі сынап

отырса, оқуға құлқы болмайды

Балаға үнемі күлсе, бұйығы болып өседі

Баланы қолдап отырса, білімге деген ынтасы артады

2. Балаға сенім артса, ол батыл болады

Бала төзімділікте өссе, адал болып жетіледі

Бала қауіпсіз жағдайда өссе, ол адамға сеніммен қарайды

3 Бала кекшілдікте өссе, ол

қатыгез болып өседі

Бала адалдықта өссе, әділ болып жетіледі

Бала түсіністікте және сүйіспеншлікте өссе, бұл әлемнен махаббат табуға

үйретеді.

Баяндама бойынша балалардың  талаптары, ережесі, оқу-құралдары, мектеп,

ата-ана арасындағы байланыс, түсіністік ортақ нәтиже туралы құнды ой-пікірлер

айтылды, қоштайтындығын білдірді. . Сондықтан

балалардың көңіл күйі болмай, себепсізден жиі ауыруы «мектеп неврозы»

сипатында көрінеді. Яғни мектепті еске алса болғаны, жылап, уайымдайды. Сөйтіп,

мектеп бала үшін стресс тудыратын факторға (стрессогендік фактор) айналып,

денсаулығының нашарлануына әкеп соғады. Осы кезде әрбір ата-ана өзінің баласына

мектеп туралы қажетті мағлұматтар айтып, баланың мектепке деген жағымды қатынас

және сенімділік сезімін қалыптастыра отырып тәрбиелеу керек. Ең бастысы

— баланы жолдастарымен қарым-қатынас жасай алуға, басқа балалардың ойымен

санасуға үйрету. . Баланың

психикалық үрдістерінің дамуы оқуда және басқа адамдармен қарым-қатынас

орнатуда қиындыққа кезікпеуіне мүмкіндік береді.

Мектепке келген бала «оқимын» деген ниетпен мектеп

табалдырығын аттайды. Бірақ, кейде бала оқуға барғысы келмейді, дегенмен оның

себебі әр түрлі болады: бір балалар мектепте көп бала бар және онда көңілді десе,

біреуі партаға отырғысы келгендіктен баруы мүмкін..

2-мәселе: Психолог :

Молдабаева.А. Ата-аналарға психологиялық кеңес берді.

1. Балаларыңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес,

сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

2. Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен

алмаңыз, басқа балалармен оны салыстырмаңыз.

3. Баланың сұрақтарына жауап берген кезде шын

және шыдамдылықпен жауап беріңіз.

4. Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт

бөліңіз.

5. Жас мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс

қарым-қатынас жасауға үйретіңіз.

6. Баланың әрбір жетістігі үшін мақтап отырыңыз.

7. Балаға баға бермеңіз, оның іс-әрекетін

бағалаңыз.

8. Табысқа күшпен жетуге болмайды, сондықтан

балаңызға күш көрсетіп, тапсырманы орында деп талап етпеңіз.

9. Баланың қателік жіберуге құқығы бар екенін

айтыңыз.

10. Үлкендер балаға қалай қараса, бала да өзіне

солай қарайды.

11. Жалпы, өзіңізді баланың орнына қойып

отырыңыз. «

3- мәселе: «Қош бол балабақша»ертеңгілікті

өткізу  

Ағымдағы мәселелер ата-аналар тарапынан қарсылықтар

болған жоқ.

Ата-аналар жиналысы төмендегідей қаулы қабылдады:

1.    Балалардың жазғы демалыс

кезіндегі қауіпсіздігіне

жауапкершілік ата-аналарына жүктелсін.

2 Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дайындау

қенестерді орындау


   Төрағасы:              қолы                Русина Т.В. балабақша кеңесінің

төрайымы (ата-ана)

 

Хатшысы:                 қолы                              Есполова А К (ата-ана)

 

 

              Ата-аналар жиналысың өткізген: Жакупова А.А



 

 

Просмотров: 4133


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст