Ақмола облысы  Жарқайың ауданы ЖК "Рамазанова"  "Солнышко" балабақшасы" мемлекеттік-жекешелік әріптестік   
ИП "Рамазанова"  Государственно-частное партнерство "Детский сад "Солнышко"  Жаркаинский район Акмолинская область

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Терезеден құлауға байланысты жазатайым оқиғалардың алдын – алу жөніндегі ата – анларға арналған жадынама

19.05.2017

Терезеден құлауға байланысты

жазатайым оқиғалардың алдын – алу жөніндегі ата – анларға арналған жадынама

 

Құрметті ата  - аналар!

 

Жылдың 

жылы  мезгілдерінде  көптеген 

балалар  терезеден  құлау арқылы 

көз  жұмады.Әдетте, барлық  жағдайда 

балалар  терезе алдына өздері

шығады, түрлі заттар мен жиһаздарды тіреулер ретінде пайдаланады  және  

москитті торларға сүйеніп, олармен бірге құлайды. Балалардың терезеден

құлау себептері көп. Мысалы, ересектердің тарапынан  бақылаудың аздығы, терезені жабуға ұмытып  кеткен туған – туыстары, терезелерде блокираторлар

 немесе  

кілті бар бекіткіштердің жоқтығы, балаларға терезе алды ағашына мініп

кетуіне жағдай жасайтын  жиһаздардың

дұрыс орналаспауы, москитті торлардың  болуы.Балалар өздерінің бәрін білуге құштарлықтарының

нәтижесінде ашық тұрған терезе алдында аса осал болып келеді.

 

·      

Егер үйде бала болса,

терезені ешқашан да ашық қалдырмаңыз!Сіз оның қасында болып көрінгеніңізбен,

сіз алшақтап кеткен бір секундтың өзі балаңыздың өміріндегі соңғы болуы мүмкін немесе  оны мәңгілікке мүгедек қылады.

 

·      

Москитті торларға

ешқашан сенім артпаңыз! Олар құлап кетуден сақтау үшін арналмаған. Керісінше,

москитті тор қайғылы оқиғаға әкеледі, себебі бала өзін оның артында қауіпсізбін

деп сезініп, терезеге де, оған да сүйенеді. Балалар көбінесе осы торлармен бірге құлап

кетеді.

 

·      

Терезенің және әйнек есіктің

жанында ойнап отырған балаларды қараусыз қалдырмаңыздар.

 

·      

Бала

терезе алды ағашына мініп кетпеуі үшін және одан құлап қалмауы үшін, жиһаздарды

терезеден алыс қойыңыз!

 

·      

Балаға терезе жанында

тұрған керуетте немесе басқа да жиһаздарда секіруге тиым салыңыз.

 

·      

Үйді жинау барысында

заттарды балконның немесе бөлме аралық әйнектелген есіктердің  жанына қоюға болмайды,өйткені бала жығылып

қалып, жарақаттанып алуы мүмкін.

 

·      

Балаларға қауіпсіздік

ержелері туралы айту. Ересек балаларды кішкентайларға қарауды үйрету.  

 

·      

Балалардың

бөлмесіндегі терезелерге  арналған

аксессуарларды мұқият таңдау.Атап айтқанда, 

күннің көзінен қорғайтын жапқыштар мен орамды перделер баусыз болулары

қажет.Өйткені, бала оған оралып қалып, тұншығып қалуы мүмкін. 

 

·      

Жеке меншік үйде

тұратын болсаңыз, терезе алдына жасыл желектерді отырғызу қажет. Бала терезеден

құлаған жағдайда, ол құлауды  жеңілдетеді.

 

·      

Бала

терезені өз бетімен ашып алмауы үшін, терезеге блокираторлар немесе   кілті бар бекіткіштерді орнатыңыз!

 

Құрметті

ата – аналар, кішкентай баланы жалғыз қалдырмай, өзіңізбен алып жүргеніңіз

әлдеқайда қауіпсіз және сенімді. Қиын жағдайда баланы таныстарыңыз бен

туыстарыңызға  қалдырыңыз немесе  «бос» туыстарыңызды  үйіңізге шақырып, олардан балаңызға қарай

тұруларын өтініңіз.

 

 

Просмотров: 962


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст