Балабақша «Солнышко»
Қазақ тобы «Балапан»
Ата-аналар жиналысы.
ХАТТАМАСЫ №3
Өтілу мерзімі: 31 наурыз 2017 ж
Төрағасы:
Жакупова А А.
Хатшысы: Мусина
З.Р.
Жалпы ата-аналар
саны – 25
Қатысқаны – 19
Қатыспағаны – 6
Себептісі – 5
Себепсізі - 1
Күн тәртібі:
1.Баяндама:
«Мектеп жасына дейінгі балаларды
мектепке дайындау»
2. Ата- аналардың мектеппен тұрақты қарым -
қатынасын , белсенді педагогикалық ұстанымдарын қалыптастыру.
3. Ата — аналарға бала
тәрбиесінде есепке алатын ескертулер ұсыну
Тындалды:
1. Бірінші сүрақ бойынша тәрбиеші мәлімдеме берді.
Тәрбиеші Жакупова:А:А
«Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дайындау» баяндамасың оқыды,ата-аналарды таныстырды.
.....Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке
психологиялық жағынан дайындау, бұл қазіргі таңда психология - педагогика
ғылымдарындағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Баланы балабақшада ғана
дайындап қоймай, ата - аналарында кіріктірген жөн. Мектеп жасына дейінгі
балаларды мектепке дайындау ауқымды мәселе. Көптеген жұмысты талап етеді.
Балабақшамен мектеп арасында өзара байланысты орнату. Көптеген ата - аналар
баланың мектепке бару үшін тек әріптерді танып, санай алса болғаны деп тұжырымдайды.
Әрине бұлда маңызды фактор. Баланың мектепке психологиялық жағынан дайындығына
назар аудармайды. Бұл кезең балалар үшін өте ауыр. Яғни балабақшадан мектепке
бару. Әрине, балабақшада да өзіндік әдіс - тәсілдерін қолданады, сабақтар
өтіліп, психолог - педагогта балалармен жұмыс жүргізіп мектепке дайындайды.
Алайда баланың жан - жақты дамуына мектепке бейімделуіне ата - аналар көп әсер
етеді...
2. ІІ. Баяндама төңірегінде пікір алысулар және
ата-аналарға сұрақтар қойылып, мәселелер туралы айтылады. А) Бала тәрбиесінде
кемшілік бар екенін мойындайсыз ба? Ә) Балаңызға үлгі болатындай бойыңызда
қандай жақсы қасиеттер бар?
Бала тәрбиесінде қандай қағидаларды ұстанасыздар?
1.Баланы жас кезіне бастап сыйлап, қадір қасиетін ,ар
намысын бағалап, дұрыс сөйлеп, дұрыс қарым қатынас жасаған абзал.
2. Әдепсіз сөз ,дөрекі айқай тәрбиедегі жаман әдіс. Бала
оған үйреніп кетеді немесе соған орай дөрекі жауап береді.
3.Егер өзің баланы сыйламай тұрып одан өзіңе деген
ілтипат,құрмет көрсетуін талап етудің өзі ұят.
3. «Бала
–тәрбиесіндегі ата –ана жауапкершілігі»
1.Балаға дұрыс тәрбие беру – ата-ананың моральдық қана
емес, заң жүзіндегі міндеті;
2. Бала тәрбиесі
мәселесінде ата-ана арасында толық келісім болуға тиіс;
3.Баланың
бойындағы ізгілік, жақсылық атаулының бәрін, оның үлгілі болуға
тырысқан талабын көтермелеп
отыру керек;
Сөйлегендер:
Осы кезде әрбір ата-ана өзінің баласына мектеп туралы
қажетті мағлұматтар айтып, баланың мектепке деген жағымды қатынас және
сенімділік сезімін қалыптастыра отырып тәрбиелеу керек. Ең бастысы
— баланы жолдастарымен қарым-қатынас жасай алуға, басқа балалардың ойымен
санасуға үйрету.
Балаларды мектепке психикалық даярлау бағыттарын
тәжірибеде жүзеген асыратындар — ата-аналар, мұғалімдер, бала-бақша
психологтары. Психологтың міндеті: психодиагностиканың әдістемелерін қолдану
арқылы және зерттеу нәтижелеріне сүйеніп, алты жастағы баланың оқуға дайындығын
анықтау....
Жиналыс сонында ата-аналар рахметің айтып, ризашылығын білдірді.
Қабылданган қаулы:
1 Баланың физиологиялық есеюі арқылы танымдық
қассиеттерін дамыту.
2 Түлғалық қасиеттерің қалыптасуына әсерін аңықтау білу.
3 Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дайындау
4 Баланы еңбекке құрметтеу мен сүю рухында жас кезінен тәрбиелеп, оның бойына
адамгершілік және рухани мәдениеттің негізін, қоғамдағы мінез-құлық дағдыларын
дамыту керек.
Төрағасы:
қолы ЖақуповаА.А
Хатшысы:
қолы
Мусина З.Р.
Жиналысты
өткізген тәрбиеші: Жакупова А.А