Ақмола облысы  Жарқайың ауданы ЖК "Рамазанова"  "Солнышко" балабақшасы" мемлекеттік-жекешелік әріптестік   
ИП "Рамазанова"  Государственно-частное партнерство "Детский сад "Солнышко"  Жаркаинский район Акмолинская область

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2016-2017 оқу жылының 1-жартыжылдығы бойынша жүргізілген оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы.

27.03.2017

«Жарқайың ауданы білім бөлімі

«Солнышко» балабақшасы»  мемлекеттік

коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

 

 

 

                

 

 2016-2017

оқу жылының 1-жартыжылдығы бойынша жүргізілген оқу-тәрбие жұмысының

қорытындысы.




 

 

Қазақ тобы:  «Балапан»

 

 

Тәрбиеші: Жакупова

. А. А. .

 

 

 

                            Державин қаласы.

                      


 Жұмысы нормативті – құқықтық құжаттар

негізінде жүргізіледі:

– ҚР Мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарты;

Шағын-орталықты ұйымдастырудың мақсаты- мектепке дейінгі жастағы балалардың

жан-жақты дамуы және олардың ата-аналарынан кеңестік-әдістемелік қолдау;

Шағын орталықтың негізгі міндеттері:

1.     Балалардың денсаулығын қорғау;

2.     Балаларды ерте жастан әлеуметтендіруді қамтамасыз

ету

3.     Әр баланың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін

есепке ала отырып, балалардың  ақыл- ой, адамгершілік, дене бітімі,

эстетикалық, эмоциялық, танымдық қабілеттерін дамыту.

4.     Балаларды күтуді, қарауды ұйымдастыру.

Қазақ

тобы:  «Балапан»

  2- топ жұмыс істейді.Ортаңғы

топ.Екінші кіші топ .

Барлығы

 25 бала тәрбиеленуде.

5жасар-4

3 жасар-10

4- жасар- 11

Ұл бала-15

Қыз бала-10

Мемлекеттік стандартқа сейкес жаңа жиһаздармен, ойыншықтармен, техникалык

жабдықтармен, бұйымдармен жабдықталған. Күн тәртібі тәрбиеленушілердің психологиялық

және жас ерекшелігін ескере отырып құрастырылған. Сабақ оқыту, тамақтандыру,

қыдыру, ойнату- балалардың жақсы дамуына әсер етеді.

Топтарда табиғат бұрышы, көркемдіқ- эстетикалық, ойлау, сөйлеу орталықтары

безендірілген.

Тәрбиелеушілер топтарда жайлы жағдай жасауға тырысады. Тәрбиелеушілер өз

жұмыстарында «Зерек бала » бағдарламасына басшылық етеді. Оқу жылының басында

шағын- орталықтың жылдық жұмыс жоспары құрылды..

Оқыту процесінде тәрбиелеушілер балаларды еңбекте адал қарым -қатынасын,

еңбек етуге даяр болуы, еңбек ету қажеттілігін түсінуге,  еңбек адамын

құрмет етуге тәрбиелейді.

Әсемдікті барынша сезіне білуді, шын көріктілікті жасандылықтан ажырта

білуді, музыкаға, өнерге ынтасын үнемі жетілдіруге талпынысын, құштарлығын,

табиғатты сүюге  тәрбиелейді. Денсаулығы мықты және дене құрлысы жақсы

дамыған, дене шынықтырумен үнемі шұғылданатын адамды тәрбиелеу.

Табиғатты қорғау, оның байлығын көздің қарашығындай сақтау, адам өмірінің

бастауы-жер, су, ауа, аң, өсімдіктерді бағалау, қастерлеу, сақтау рухында

тәрбиелейді. Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Тәрбиеші төмендегі көрсетілген міндеттері бойынша жұмыс істейді:

1.     Баланың денсаулығы мен психологиялық жағдайын

жасау.

2.     Танымдық қабілетін дамыту.

3.     Шығармашылық қабілетін дамыту.

4.     Шығармашылық қиялын дамыту.

5.     Коммуникативті дағдыларын дамыту.

Оқу жылының басында топта жылдық жұмыс жоспары құрылды. Онда педагогтардың

педагогикалық шеберліктерін жоғарылатуға бағытталған мерекелік іс- шаралар,

кеңестер, педагогикалық кеңестер жазылған.

Тәрбиелеушілер күнде таңертеңгілік дене шынықтыратын жаттығулар, мерекелер

өткізеді. Күн сайынғы таңертеңгілік жаттығулар, ойындар балалардың

денсаулықтарын күшейтеді, шынықтырады.  Балабақша –мейірімділік пен

сүйіспеншілік ордасы » тақырыбында ертеңгілік өтті.

Қазақстанның болашақ азаматтары күшті, мықты болып өсу керек.  «Қазақ

тілім-мақтанышым»  Туған тілді

құрметтеуге тәрбиелеу  «Қарттарым- асыл

қазынам» мерекелік іс-шараға қатысу 

Қарттарды құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу.  «Көңілді күз» ертеңгілігі .Үлкендердің

еңбегін бағалауға, еңбекқорлыққа баулу. 

«Менің тұңғыш-Президентім» Елбасын танып білуге, құрметтеуге

тәрбиелеу  «Тәуелсіздікке мың тағзым!»

тәрбие сағаты Патриоттық тәрбие беру . «Шырша тойы» мерекелік ертеңгілік.

Эстетикалық тәрбие беру .  Отансүйгіштік

рухани – адамгершілік тәрбие беру мақсатында «Оюлар сыры» «Оюлар сыры»

ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті барысында баланың туған елі Қазақстанға,

табиғатына деген сүйіспеншілігін арттырып, елінің байлығы, халқының тұрмыс –

тіршілігі, ұлттық бұйымдар, қазақтың ою – өрнек түрлерімен танысып өтті.

«Тәуелсіздік

ел – тілегі» ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттерін өткіздік. «Тәуелсіздік ел

тілегі» оқу іс – әрекетінің мақсаты: Жас ұрпақтар бойына Отанға деген

сүйіспеншілігін арттырып, туған жері мен елін сүюге оны қорғау мақал – мәтел,

тақпақтар арқылы ой – өрісін кеңеюіне ықпал етіледі. «Туған жер» бейнефилімін

тамашалады. Қазақстан Республикамыздың рәміздерімен тереңірек танысты.  «Бағдаршам» Қазан. Күз кереметтері өзіндік

таным сабағы өтті. Мақсаты: Баланы айналаны танып білуге жыл мезгілдерінің

айырмашылықтарын ажырата білуге үйрету.

Жолда

жүру ережелерімен танысу  «Қыс қызығы»

тану сабағы.« ..Ертегі еліне саяхат» атты сабақ 2 сәбилер тобымен  откіздім. Бұл сабақта кемеге отырып, Балқаш

көлінен өтіп, «Ертегі еліне»балалар 

саяхат жасады. Ертегі елінде сиқырлы, қызықты тапсырмалар орындады.

Өздерінің тапқырлықтарын, өнерлі екендерін көрсетіп, сыйлықтар алды. Баланың

ойлау қабілетін дамытатын логикалық тапсырмаларды сабақта қолданған өте тиімді

әдіс болып табылатынына көзімізді жеткізді.. Қазан.  «Күз кереметтері» өзіндік таным сабағы

өтті. Мақсаты: Баланы айналаны танып білуге жыл мезгілдерінің

айырмашылықтарын ажырата білуге үйрету.

Қараша.

«Әдептілік Әдемілік» атты таным сабағы болды. САбақтың мақсаты: баланың үйде,

көшеде, қонақта өзін- өзі қалай ұстау керектігі үйретіледі. Сыпайылыққа,

мейірімділікке тәрбиелеу. Сабақтың мақсаты: баланың үйде, көшеде, қонақта

өзін- өзі қалай ұстау керектігі үйретіледі. Сыпайылыққа, мейірімділікке

тәрбиелеу.

Желтоқсан

«Тәуелсіздік тұғырым» атты  сабақ

өткізілді. Мақсаты: балаларға тәуелсіздік ұғымын таныстыру., түсіндіру.

Еліміздің жерін, байлығын қорғауға үйрету. Ұлттық мақтаныш сезімін ояту.

 Оқу тәрбие жұмысын дұрыс жолға қоюда

ата-аналармен жұмыстың орны орасан. Сондықтан біздің балабақшада

ата-аналармен жұмыстардың алуан түрлері іске асырылуда.

Топтағы қабылдау бөлмесінде ата-аналар бұрышы

жасалған. Онда «Білгенге маржан», «Қауіпсіздік ережесі», «Ата-аналарға кеңес»,

«Кел жаттайық бәріміз» деген бұрыштар бар.Атап айтар болсақ,

дәстүрлі ата-аналар жиналыстарымен бірге тақырыптары:

«Балаға көркемдік тәрбие беру», ашық сабақтарға, ойын-сауық

кештері, ата-аналарға арналған сауалнамалар, басқа шаралар

ұйымдастырылып отырады. Қыркүйек. Егер балаңыз

солақай болса...... атты жанұялық сайыс өткізілді. Ойынның негізгі мақсаты:

Ата- аналарды балаларының балабақшадағы өмірімен таныстыру. Баласының

қабілеті мен дарындылығымен таныстыру.

Әр ата-ананың бала бақшадағы болып

жатқан іс-шараларға деген қызығушылық білдіруі

де әр қалай.Ата-аналарға ойын жаттығулардың

және әр түрлі байланыстырып сөйлеуге, сөздік қорын

дамытуға арналған тапсырмалардың жазбаларын үйде баласымен сауат

ашу, математика, тіл дамыту сабақтарын қайталау үшін ұсынамыз. «Сөзді

кішірейтіп айт», «Кәне сөз іздейік», моншақтан

жасалған әріптерден сөздер құрастыру.Осы ойындарды ойната отырып,

ата-ана өзін балаша сезінгенін айтады. Ата-аналармен жүргізілген

әңгіме-кеңесте бала тәрбиесі мәселесінде ата-ананың жауапкершілігі зор екендігі,

баланың отбасында адам баласына тән қасиеттерге дағдыланып ұяда

көргенінен өнеге алатындығы сөз болды.

Мектепке дейінгі жастағылар үшін жетекші-ойын қызметі болып табылады.

Балалар ойын ойнаған кезде (тәрбиелеушілердің басшылығымен) білімдерін бекітеді.

Мектеп психологы сөйлеуі қиын балалармен түзету (коррекциялық) жұмысын

жүргізеді. Педагогикалық процесте ата-аналармен тығыз байланыста болу керек.

Ата-аналармен жұмыс бойынша жоспарлар құрылған, ата-аналар жиналысы

өткізілді. Оқу жылының соңында шағын- орталықтың барлық топтарының

ата-аналарына жиналыс өткізу жоспарлануда, жазғы сауықтыру кезеңіне мерекелік

іс-шаралардың жоспары құрылған. 

 

 




Просмотров: 342

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст