Технологиялық картасы.
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта» «Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті түрі: Экология негіздері
Тақырыбы: Жабайы жануарлардың тіршілігі.
Білімділік мақсаты: Жабайы жануалар туралы түсінік беру. Жабайы аңдарды бір –
бірінен ажырата білуге және олардың аттарын дұрыс айтуға үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Қызықты ойындар арқылы балалардың эмоциялық сезімдерін
дамыту. Әрбір аңның атын дұрыс атауға жаттықтыру және олардың тіршілік ететін
ортасы туралы түсініктерін бекіту.Тәрбиелік мақсаты: Балалардың аңдарға деген
сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, оларға қамқорлықпен қарауға, жабайы аңдар
туралы түсініктерін молайту, табиғатты аялай білуге, идеялы адамгершілікке
тәрбиелеу;
Билингвальдық компоненттер: жабайы – дикие ,аңдар – животные,қоян –
заяц,түлкі – лиса,аю – медведь,қасқыр – волк,кірпі-еж.
Тәсілдер кезендері., |
Мұғалімнің іс –әрекет. |
Балалардың іс-әрекеті. |
Мотивациалық- козғаушы. Мотивационно- побудительный
|
Шаттық шеңбері:№23 Табиғатты қолдай біл Аң құсын да қорғай жүр Білуіміз керек оны біз Бізде табиғаттың ұлымыз Табиғат бөлек демеңіз Сол үшін жауап береміз.. Балалар, табиғат дегеніміз не екен? Ол бізді қоршаған орта, табиғатсыз ешқандай тіршілік жоқ. Олай болса бүгінгі айналамен таныстыру оқу іс - әрекетінде осы табиғаттың тіршілік иелерінің бірі жабайы жануарлармен танысамыз. Ойын «Ажырат?» - Жабайы аңдар қайда болады?- Орманда. Орманда қандай аңдар тұрады?Аю, қасқыр, түлкі, қоян. Бұл қандай аң екен? - Аю – жабайы аң, ол орманда тіршілік етеді. Оның басы, денесі, төрт аяғы бар. Аюдың баласын не дейді? - Қонжық. Аюдың сүйікті асы қандай? Қыста аю апанда ұйықтап жатады. Ол көктем шығып, қар ерігенше осылай ұйқыда болады. Апанда жатып өзінің кішкентай қонжығын туады. Аю –ақылды, иіс сезгіш, жыртқыш аң. Бірақ өзі ешкімге тиіспейді. Көбіне өсімдікпен қоректенеді- Балықты, балды жеміс-жидектерді жақсы көреді. - Аюдың түсі қандай? - Ақ, сұр,қара болады. Балалар аю қыста не істейді, нені жақсы көреді?Аю қыста ұйықтайды, балды жақсы көреді. Бұл қандай аң екен? Сұр түсті Ақсиған көп тісті. Қыс бойына жатады Тәтті ұйқыға батады. Тарғыл түсті Ерен күшті. Қанжардай тісі бар - Қасқырдың сүйікті асы қандай? Ет - Қасқырдың түсі қандай? |
Қандай аңдар екен? - Жыртқыш аңдар Қане, балалар, хайуанаттар бағына баруға жиналайық. Балалар, қайда бара жатырмыз? - Балалар қараңдаршы мынау қандай аң? Ал мынау қандай аң екен? - аю - Түсі қандай екен? - Бұл қоңыр аю деп аталады. Қасқырға қарағанда аю үлкен бе кіші ме? - Үлкен - Аю икемсіз жыртқыш аң. - Аюлардың қорегі: судан балық аулап, жидек теріп, және құстарды аулап жейді. Аюдың терісі, еті бағалы емдік қасиеттері бар деп есептеледі. Аюлар қыс бойы ұйқыда жатады. Қасқырдың түсі көк, тісі өткір болады. - Орманда, далада. Балалар, қасқыр неге ұқсайды? Тік құлақ, қара ауыз овчарка итіне ұқсас екен - Ал аяқтары ұзын болады екен? |
Іздену ұйымдастырушы
Организационно- поисковый
|
- Қасқырдың түсі қандай? - Қасқырдың түсі көк, тісі өткір болады. - Қасқыр қайда мекендейді? - Орманда, далада. Бұл қандай аң екен? Жұмбақ жасыру: Өзі бір қу.... Түлкі Балалар түлкі туралы не білесіңдер? - Түлкінің түсі қандай? - Қызыл Түлкінің денесі қасқырға ұқсас болып келеді, бірақ қасқырға қарағанда тұмсығы ұзын ба қысқа ма? - Ұзын және сүйріктеу(қайталау) Түлкінің терісі бағалы жыртқыш аң. Қазақтың атақты бас киімі «Тымақ» осы түлкінің терісінен тігіледі. Оны «Түлкітымақ» деп те атайды. Түлкінің қорегі: түрлі құстарды, құстың жұмыртқасын, балық аулап жейді. «Дауысынан таны»дидактикалық ойыны.Шарты:аудиотаспадан жануарлардың дауыстарын тыңдатып,дауыс қай аңдікі екендігін ажыратып,айтқызу. Сергіту сәті Біз орманға барайық, Жан-жағымызға қарайық. Аю шықты қорбаңдап. Қасқыр шықты ырылдап Түлкі шықты майысып Қоян шықты секіріп Қорықпаңдар, балалар, Қарап-қарап алыңдар Бұл қандай аң екен? Қоян- жабайы аң. Оның құлағы ұзын.Төрт аяғы бар. - Қоян нені жақсы көреді? - Сәбізді, шөпті жақсы көреді. - Қоянның түсі қандай? - Қоянның түсі қыста ақ, жазда сұр болады. - Қоянның баласын не дейді? - Көжек. Қоян қыста үйілген маялардың түбінде ,не ағаш қуыстарында қыстайды. Қорегі –түрлі шөптер, ағаш қабықтары. Ол жылы тонының арқасында суыққа тоңбайды. Қыста ақ тон киіп, ал жазда қоңыр тонын киеді. Өзі қорқақ, сәбізді, қырыққабатты жақсы көреді. Дыбыстық жаттағулар орындайық: - Ыр, ыр, ыр ырылдайды қасқыр, - Кі, кі, кі бұлаңдайды түлкі, - Ян, ян, ян жүгіріп жүр қоян, - Ю, ю, ю қорбаңдайды аю. Д/О: "Құйрығын табуға көмектес" Балалар аңдар өздерінің құйрықтары таба алмай тұр, соған табуға көмектесейік.
|
Олар далада қоректенеді: жан - жануарлармен, құстармен. Үй жануарлары кездесе қалса, ұстап жеп қояды.
Түлкінің қорегі: түрлі құстарды, құстың жұмыртқасын, балық аулап жейді. жүгіретін жыртқыш аңдардың бірі.?
Түлкі мен қасқыр – жабайы жыртқыш аңдар. Олар үнемі қорек аулаумен болады. Бір күннің ішінде түлкі жиырма тышқанды аулап жиді. Сондай-ақ қояндарды және ауырып жатқан жануарлармен құстарды аулайды. Қоян қыста қалай тіршілік етеді?
Қыс пен жазда екі түрлі тон киеді. |
Рефлевсивті -коррекциялаушы. Рефлексивно-корри-щий |
III. Сергіту сәті.№23 Бұл қанд Тиін орманда тіршілік ететін кішкентай ғана жануар.Ол ағаш қуысында тұрады ,жаз бойы қуысына жаңғақтар, саңырауқұлақтар жинайды,қыс болғанда жинаған азығымен қоректенеді.Тиіннің балаларын тиін деп атайды.ай аң екен? Д\о «Тиінің ізің тап» Тиінның отызға дейін ұясы болуы мүмкін, әр ұяға ол жаңғақ, саңырауқұлақ шыршанның бүршіктерін жинайды. Д/О: "Сен білесің бе?" Бұл қандай аң екен? Тұмсығында түймесі Деп тұрғандай тимеші Азулыдан сақтайтын, Кірпінің көп инесі. Дидактикалық ойын: «Тікенек жаса» Кірпі-үсті басының бәрі тікен ,ол қоңыздарды ,құрттарды, тышқандарды жейді ,ол азығын қысқа дайындап алып ,қыс бойы ұйықтайды.Балалар кірпі де аю сияқты қыс бойы ұйықтайды екен.Оның үйін ін деп атайды баласын кірпі Жанылтпаш Кірпі,кірпі Тоның түрпі Кірпі,кірпі Әне түлкі Кірпі жабайы жануар, ол тышқан мен қоректенеді, қорықса жиналып қалады «Не артық» ойыны Мақсаты: Балаларды орман тұрғындарын үй жануарларынан ажырата білуге дағдыландыру. Барысы: Бала жабайы жануарлардың ортасынан үй жануарын тауып алуы керек. IV. Рефлексивті-түзету: Д/О: "Қай аң қандай вагонға мінеді" Ойынның шарты: Түстеріне байланысты сызықтар арқылы қосады, нешінші вагонға мінгенін санайды. Қорытындылау : Балалар, бүгін бізде қандай оқу іс- әрекеті болды? Балалар, қалай ойлайсыңдар жабайы аңдарды қорғау керек пе? Орманды бақылайтын орманшы болады, олар аңдарды аңшылар келіп атып кетпесін деп бақылау жасайды. Орманды мекендейтін қай аң болмасын біз адамдар қамқоршы болуымыз керек. - Қ/О: "Көлеңке" Орман тоғайдағы аң құстар, жан – жануарлар серуенге шықты. Кәзір солардың қимылын салып көрейік. Көлбең – көлбең көлеңкем, көлбең деген көлеңкем. Қане қатар тұрайық, үлкен шеңбер құрайық! Көлбең – көлбең көлеңкем, көлбең деген көлеңкем, ,қасқыр қалай жүреді, кім көрсете біледі. |
Кейіпкер таңдау
Ойнату Сұрақ - жауап
- Айналамен таныстыру - Біз қайда болдық? - Хайуанаттар бағында - Онда нелермен таныстық? - Жабайы аңдармен - Сендерге оқу іс- әрекеті ұнады ма? - Иә
|
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:
Аңдарды бір - бірінен ажырата білу.
Үйрену керек: Жабайы жыртқыш аңдар туралы толық мағлұматты меңгерту.
Білу : Көру, есту,
түсіну арқылы өз беттеріінше іс-
әрекет жасай алу.