Ата-аналарға психологиялық кеңес
Ата-аналарға психологиялық кеңес
1. Балаларыңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап
жақсы көретіндігіңізді сездіртіңіз.
2. Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз, басқа балалармен оны
салыстырмаңыз.
3. Баланың сұрақтарына жауап берген кезде шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз.
4. Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз.
5. Жас мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіңіз.
6. Баланың әрір жетістігі үшін мақтап отырыңыз.
7. Балаға баға бермеңіз, оның іс-әрекетін бағалаңыз.
8. Табысқа күшпен жетуге болмайды, сондықтан балаңызға күш көрсетіп, тапсырманы
орында деп талап етпеңіз.
9. Баланың қателік жіберуге құқығы бар екенін айтыңыз.
10. Баланың «бақытты кездер банкісі» туралы ойлаңдар.
11. Үлкендер балаға қалай қараса, бала да өзіне солай қарайды.
12. Жалпы, өзіңізді баланың орнына қойып отырыңыз.
Ата – аналарға кеңес
1. Баланың берген жауабына шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз.
2. Балаңыздың жеке бөлмесі не бір бұрышы болуына жағдай жасаңыз.
3. Балаңыздың шашылып жатқан үстеліне ұрыспаңыз, егер ол шығармашылық іс -
әрекетпен айналысып отырса.
4. Шешім қабылдауда өзіндік жеке жоспар құруына көмек көрсету.
5. Балаңыздың кемістіктерін бетіне басып, басқа балалармен оны салыстырмаңыз.
6. Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз.
7. Отбасымен шешетін мәселелерге балаңызды қатыстырып, оның жеке басының
ой-пікірімен санасыңыз.
8. Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз.
9. Баланың әрбір жетістігі үшін мақтап отырыңыз.
10. Жас мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынам жасауға үйретіңіз.
11. Қиын нәрселерді тауып және оны өз бетімен, жауапкершілікпен шешуге
балаңызға көмек көрсетіңіз.
12. Балаңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап
жақсы көретіндігіңізді сездіртіңіз.
13. Балаңызбен бірге әңгімелер, ертегілер, фантастикалық оқиғалар құрастырып,
баланың шығармашылық қабілетінің дамуына жағдай жасаңыз.
14. Балаңыздың сүйікті ісіне керек кітап, ойын, т.б. құралдармен қамтамасыз
етіңіз.
15. Балаңыздың алған негізгі ісінің ойдағыдай орындалуына сеніміңіз болмаса да,
сол істі өзі аяқталуына жағдай жасаңыз.
16. Бала өз жұмысын көрсете алатын стенд жасап қойыңыз.
17. Істеген жұмысының нәтижелі болуына көмектесіңіз.
18. Баланың қойған талабына ерекше көңілмен қараңыз.
19. Балаңыздың өткір ойлығына сеніп, әрдайым сенім артыңыз.
Ата-аналарға психологиялық-педагогикалық тұрғыдан берілетін
төмендегі 14 кеңес:
1. Таңертен (не түсте) сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің
биязы үніңіз бен күлкіңіз-ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын
айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз.
Тамағын ішпей жатып ұрыс-керіс ұйымдастырмаңыз.
2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына
алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.
3. Баланы сабаққа (әсіресе таңертен) ашқұрсақ жібермеңіз;
4. «Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін 2 алсаң құртамын!» деген
ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып
келуіне тілектестік білдіріңіз;
5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балыңызды
сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның
сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз.
Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тындауға
уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз;
6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған
жайды өзі-ақ айтады;
7. Бала бірдеңеге қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге
баланы қатыстырмаңыз;
8. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да
2-3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі-сабаққа
әзірленудің сәтті кезі.
9. Бір мезгілдіе барлық сабаққа әзірлену талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген
кезде үзіліс жасау дұрыс;
10.Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі
сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.
11.«Егер, сен, осы сабақты орындамасаң!» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың
жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.
12.Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін-еркін, жақын тартып
әңгімелесіп тұрыңыз.
13.Балаңыздың көңіл-күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан
зорығуы мүмкін.
14.Егер балаңы айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог
маманымен, дәрігермен кеңесіңіз. Халық даналығында:
«Баланы 5-ке дейін патшаңдай көтер,
15-ке дейін құлыңдай жұмса,
15-тен кейін досыңдай сыйла,» - деген керемет ұлағатты нақыл бар. Соны әрдайым
басшылыққа алыңыз.
Бала бойындағы жағымсыз мінез-құлықтар үнемі есепке алынса;
ата-ана мен мұғалім бірлікте болып, баланың жақсы, жағымды істерін ылғи
марапаттау қажет.
Қоршаған ортадағы теріс әрекеттерден үнемі сақтандырып отырса, мұғалім мен
ата-ана әрқашан сергектік, шыдамдылық танытып, жан жылуын беріп, шеберлік
көрсете білсе, онда балаларымыз өзімшіл болмай, қиындықтан қашпай, міндетті мен
парызын орындайтын ұрпақ болары анық.