Ақмола облысы  Жарқайың ауданы ЖК "Рамазанова"  "Солнышко" балабақшасы" мемлекеттік-жекешелік әріптестік   
ИП "Рамазанова"  Государственно-частное партнерство "Детский сад "Солнышко"  Жаркаинский район Акмолинская область

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Спорттық ойын-сауық. Тақырыбы: « Шынықсан – шымыр боласың »

13.01.2017

Спорттық ойын-сауық.

Тақырыбы: « Шынықсан – шымыр боласың »

Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларды салауатты өмір сүруге қызығушылығын

арттыру. Спортпен айналасудағы әртүрлі дене шынықтыру жаттығуларының

әдістерін үйрену, оларды қолдану. Салыстыру арқылы балалардың ой-өрісін

дамыту. Ата-аналардың балабақшамен тығыз байланысын дұрыс жолға қою және

ойындарға ата-аналардың белсене қатысып, ынтымақтаса жүргізілген жұмыстың

нәтижелі болатындығын көз жеткізу.

Іс – шараға қажетті құралдар: доп, жалау, маскалар, орамал, арқан.


Барысы:

Спорт залына марш сазымен 2 топтың балалары екі қатарға бір-біріне

қарама-қарсы тізіліп тұрды.(бір топтың балалары – жасыл киімде, екінші топтың

балалары – сары киімде)

Жүргізуші: Бүгінгі эстафеталық жарысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасын

таныстырып өтуді рұқсат етіңіздер.

Байскакова Д.С.- балабақшаның меңгерушісі;

Қошанова А.Д.- әдіскер;

Ташенова З.Ғ.- балабақшаның мейірбикесі.


Жүргізуші: Бүгін екі топ жарысқа түседі. «Мергендер», «Жүйріктер»

Эстафеталық жарысымыз 3 бөлімнен тұрады:

1 бөлім – «Таныстыру»

2 бөлім – «Жарыс түрлері»

3 бөлім – «Қимылды ойын»


«Мергендер»

Мерген, мерген, мергенбіз,

Бәрін көздеп жеңгенбіз.


«Жүйріктер»

Топты бастап жүретін,

Жүйріктерміз біз алды.

Жеңісті қолдан бермейтін

Жүйріктерміз біз мықты.


Жүргізуші: Ал, қане бір-бірімізді қостаймыз

Бүгінгі жарысымызды бастаймыз.

1.Эстафеталық ойын: «Жалауды тез жеткіз»

Әр топтан 4 баладан шығады. Балалар жалауды ұстап кеглилердің арасынан

жүгіреді, ата-аналар шармен секіріп барып қайтады.


2.Қимылды ойын: «Арқаннан секіру»


3.Эстафеталық ойын: «Әтештер сайысы»

Әр командадан 2ұл, 2қыз баладан шығады. 2 кіші шеңбердегі балалар бір-бірімен

күш сынасады.


4 ойын: «Орамал тастамақ»


5.«Жүйрік ат»

Әр командадан 5 баладан шығады. Балалар үлкен доппен секіріп барып, жүгіріп

қайтады. Ата-аналар кіші допты аяқтың арасынан қысып секіріп барып шелекке

лақтырып дәлдеп түсіреді.


6.«Сиқырлы доптар»


Жүргізуші:Бүгін міне оң болып бәріміз жоғары боп күш – жігер намысымыз

осылайша қуанышпен думандатып аяқталды халайық жарысымыз. Сөз кезегін

әділқазыларға береміз.

Құттықтап, ата-аналарды «Алғыс хатпен» марапаттау.


Жүргізуші: Осылайша жарыс жолын тартамыз

Барлығымыз көңілді қайтамыз

Балаларды шынықтырған, жаттықтырған

Жаттықтырушы ағайға рахметімізді айтамыз!

Просмотров: 829


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст