«Жарқайың ауданы білім бөлімі «Солнышко»
балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорны.
Баяндама
Тақырыбы:«Мәңгілік Ел» идеясы - балабақшадан басталады
ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ
ПАТРИОТИЗИМГЕ ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ
РЕАЛИЗАЦИЯ ИДЕИ «МӘҢГІЛІК ЕЛ» В ДЕТСКОМ САДУ
Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының
ұлымыз.
Бәріміздің де туған жеріміз де біреу – ол
қасиетті қазақ даласы.
Бұл дүниедее біздің бір ғана Отанымыз бар, ол –
тәуелсіз Қазақстан.
Біз болашаққа қол созып, тәуелсіз елімізді
«Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылу.
Тәрбиеші :
Жакупова А.А.
Державин қаласы
2017ж
Мектеп жасына дейінгі балаларды
Қазақстандық патриотизмге, адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор
Қазақстандық патриотизмнің қайнар көзі – халықтың береке-бірлігінде,
ынтымағында, ұлан-байтақ жерінің біртұтастығында.
1 СЛАЙД
Қазақстандық патриотизм ұғымды қалыптастыратын алғы шарттарға жатады: – ең
алдымен, тарихымызды білу; – туған халқымыздың тілін ардақтап– атадан балаға
жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жалғастыру; – өткен
тарихымыздың тәрбиелік мәні бар жақтарын сақтап, одан әрі дамыту.
2СЛАЙД
Қазақстанда
тұратын әрбір азамат өзінің елін, жерін құрметтеп, сүюді
бала –
бақшанын, қабырғасынан бастап үйренуі
керек.
3 СЛАЙД
Өйткені, ел
болашағының кілті – бүгінгі жас ұрпақ қолында. Жас ұрпақтың тағдыры оларға
білім мен тәрбие нұрын себуші ұстаздың қолында.
.
4 СЛАЙД
Патриоттық тәрбие — Мемлекет рәміздері мен
дәстүрлерді қастерлеу. Туған
жердің тарихын білу
5
слайд Біздің алдымызда тұрған басты міндет – тәуелсіз Қазақстанның әр
баланын жүрегінде Отанына, жеріне, еліне
деген ыстық сезім, шынайы сүйіспеншілік ұялату. ана тіліне сүйіспеншілік — туған тілін
білу, туған жерге сүйіспеншілік — туған өлке
табиғатын сүю, , аң-құстарына қамқорлық жасау, оны аялау
мен қорғау, күтіп-баптау -;туған елге сүйіспеншілік — өз ұлтын
сүю, Отанын сүю ,\\-өз отбасындағы сүйіспен-шілік — ата-анасын, туыс-бауырын сыйлап құрметтеу, қамқорлық жасау
.
6 слайд
Қазақстанды мекен ететін
халықтарға деген құрмет
сезімін қалыптастыру — ұлт өкілдеріне
сыйластық қатынас орната білу, өзгеұлттардың салт-дәстүрін
сыйлау. Патриоттық тәрбие, ұлттық намыс, ұлттық
сана-сезім рухани байлықтан көрініс табады. Олай болса, рухани байлыққа, ең
алдымен, тілімізді, дінімізді, салт - дәстурімізді жатқызсақ, тіл - қазақ
болуымыз үшін, дін - адам болуымыз үшін, ұлттық ойындар әдет-ғұрып, салт – дәстүр - ұлт болуымыз үшін қажет.
7 слайд
Адамгершілік
дүниесіндегі ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан қымбат қазыналарымыздың
бірі – ана тілі, салт – дәстүрлер,ұлттық ойындар,әдет-ғұрып– болып келеді.
8СЛАЙД
Ата-
бабамыздың қалдырған асыл мұрасын қадірлеп, жоғалғанды жаңғыртып, қайта жаңартатын
ендігі болашақ ұрпақтың өз қолында .
9слайд
Тәрбие
жұмыстарын ұйымдастыруда жоспарға
сай топта «Біздің бір ғана Отанымыз -
Қазақстан», «Батырлық пен қайсарлық» жүргізілген тәрбие сағаттары мен \\жыл сайын
балабақша бойынша өткізілетін «Қазақстан, мәңгілік бағың жансын!», «Балғын
балалар-Біздің болашағымыз» Балаларды өз республикасын танып –білуге, жақсы
көруге, патриоттық сезімге тәрбиелеу. «Көп ұлтты, тату елім -қазақстан!»тіл байқауы
өзге ұлт
балаларға арналған. Суреттер байқауы «Отаным Қазақстан».«Тілі басқа,
жүрегі бір» өнер фестивалі, «Жырлаймын туған елімді» патриоттық әндер оқу сайысы, балаларды патриоттық сезімге тәрбиелеудің көзі.
Қазақстандық
патриотизм арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, мемлекет, туған өлке, халқы
туралы түсініктер оқу – тәрбие үрдісінде, іс – шараларда. Балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу қоғамның
қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі білім беру мекемелерін Отанға деген
сүйіспеншілік сезімін, Отанның тарихи-мәдениет рухани мұрасына тану
қызығушылығын дамытуға міндеттейді.Өз тарихын білмеген, болашағы жоқ адам,
дегендей, өз шығу тегін, халқының дәстүрін білмеген адамды отбасын, елін,
халқын сүйетіндей, басқа халықтарды құрметтейтіндей тәрбиелеуге болмайды.
10 слайд
Біздің елімізде қазақстандық патриотизмге
тәрбиелеудің тамыры тереңде, халық ауыз әдебиетінде – мақал-мәтелдер мен
анызда, ертегілер мен батырлар жырында, терме және халық әндерінде жатқаны
ақиқат. Ертегінің тәрбиелік мәні зор. Бүлдіршін ертегілердің кейіпкерлерін
үлгі ретінде қабылдап, өз жүрегінен өткізіп, эмоция арқылы сезімін білдіреді.
Нәтижесінде олар өздерін кейіпкерге ұқсатып, бүлдіршін жасынан бастап
адамгершілікке, отансүйгіштікке, әдептілікке бағытталып, балалар өздері жақсы
қасиеттерге тартылады.
11СЛАЙД
Ертегісін тыңдап болып, кішкентай бүлдіршіндер қамқорлық, мейірімділік
сезімдерімен танысады
12слайд..
Балабақшадағы тәрбие бала табиғатына
ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. 13- 14слайд
15 слайд-16 слайд
- Серуен кезінде гүлдерді қопсыту, шөптерін жұлу, ойын алаңымызды таза
ұстауға үйрету. Бұл серуенде балаларды тек қана жапырақ жинауға емес, топпен
жұмыс жасауға, –табиғатқа қамқорлықпен қарау, үлкендер еңбегін
құрметтеу,үлкендерге көмектесуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.Өз отбасына,
балабақшасына, туған қаласына, көшесіне сүіспен-шілікпен, қамқорлықпен
қарау
Адам білімді, тәлім-тәрбиені тіл арқылы алады,
мәдениетті, өнерді, ғылымды, салт-дәстүрлерімізді тіл арқылы үйренеді.
17 слайд
Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз. Адамды мұратқа жеткізетін ана тіліміз бен ата
дәстүріміз
Мемлекеттік тіл – татулық тірегі . Өзге ұлт балаларына қазақ тілін үйретуде\тек
қана жаңа сөздерді қайталау арқылы үйретпей, оларды ойындар мен дәстүрлер көрнекі-ліктер
арқылы үйреткен тиімді.. Қазақ тілін білу – Қазақстандық патриотизмнің
белгісі
18 слайд
Тілдің жағдайын жақсартып, оны
болашақтың тіліне, айналдыру біздің өз қолымызда. 19-
20слайд
21 слайд
Абай Құнанбаев –, ұлтымыздың рухани
мақтанышы.
Абайдың әрбір
шығармасы,патриотизмге тәрбиелеудегі таптырмас тәрбие құралы
-Жастарды оқу-білімге шақырады -Өз ұлтыңның тәрбиесімен
тәрбиелеу -
-Ата салтын құрметтеу.
22 слайд
Отансүйгішке тәрбиелеу- Имандылыққа, инабаттылыққа парасаттылыққа,
ақылдыққа тәрбиелейді.
23 слайд
Қазақстандық патриотизм тәрбие беру кілті — халық педагогикасында деуге
болады. «Амандасу рәсімі», «Шаттық
шеңбері», «Көңіл күйді көтеру» сабақтың негізгі мазмұны «Сергіту сәті»,
«Тыныштық сәті»,«Ойын», жүректен-жүрекке шеңберінен тұрады. Мұның
маңызы баланың мораль ұғымын, оны бағалауын,патриотизимге жалпы адамгершілік
қасиеттерге дамытудан тұрады.
24 слайд
Ұлттық ойындар – ата – бабаларымыздан бізге жеткен байлығымыз, асыл
қазынамыз
25 слайд .Ұлттық ойындардың мектеп жасына дейінгі балаларға
лайықтары «Орамал алу», «Тақия жасыру»,
«Алтын қақпа», «Ақ серек-Көк серек», « «Ақ сүйек» ойындар ойнату арқылы баланы
тапқырлыққа, жылдамдыққа, шапшаңдыққа, батылдылыққа үйрету.
26слайд
Ел қорғау – абыройлы іс. Азаттықты аңсаған ата-бабаларымыз ұрпағына ұлан
байтақ жерді аманат етті. Әрқашанда Отанын сүйетін, елін жаудан қорғау үшін
қасық қаны қалғанша аянбай шайқасқан Қобыланды, Қамбар, Ер Тарғын, Алпамыс
батырлар адамгершілікке елін сүюге шақырған өлең-жырлары, патриоттық сезімді
қалыптастыруда үлкен рөл атқарары сөзсіз .
27 слайд
«Тәуелсіздік – ел тірегі» атты музыкалық қойылымда балалар мол мағұлмат ала
отырып, Райымбек, Қабанбай, Наурызбай, Әлия мен Мәншүк сынды батырлардың елі,
жері, үшін аянбай күрескенін, ерлігін
үлгі етері сөзсіз. «7 мамыр — батырлыр күні» мерекесіне
арналған «Ел қорғауға әзірміз» атты көңілді жарыс өткізілді.
Осындай сайыстар арқылы өсіп келе жатқан жас ұрпақ ұлан-дарымызды Отанды
қадірлеп қорғай білуге тәрбиелейміз.
28 слайд
Отан – патриоттық сезімнің қайнар көзі. Қазіргі заман – білім заманы.
Адамгершілікті,патриот тәрбиелі
адам – мемлекеттің байлығы .Мұның бәрі өзің үшін, елің үшін, Отаныңның
тәуелсіздігі үшін керек.слайд
29 слайд
Ұлтжандылық, отансүйгіштік – әрбір адамға керек қасиет.
Ұлтжандылық дегеніміз – өз ұлтын сүю және өз халқы үшін аянбай еңбек ету, қайда
жүрсе де өз ұлтының баласы екендігін ұмытпау тәрбиелеу.
Оқу тәрбие жұмысын дұрыс жолға қоюда ата-аналармен жұмыстың орны
орасан.
Ата-аналарға арналған мерекелік
шаралар өтті. - «Менің Қазақстаным», Отбасы-алтын ұям»
«Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ» ,
30 слайд
«Салт-дәстүр-асыл қазына» тәрбие сағат,
ата-аналар қатысуымен өткізіліп, үлкен жұмыс жүргізілді. -
Ұлы бабамыз Әл – Фараби «Тәрбиесіз қолға білім салма»
деген екен. Біз алдымен таза жанды патриот, иманды, арлы, намысты, ұлты мен
ұлттық құндылықтарды сүйетін тұлға тәрбиелеуге ұмтылуымыз керек..
31 слайд «Отанды сүю отбасынан басталады»
отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің маңызы зор. Баланың
өзінің тіліне, діңіне,ұлтына деген сүйіспеншілік әкенің көзқарасымен,анасының
сүтімен беріледі.Бала туғаннан өзінің тілінде әлдилеген ән тыңдаса,тілі
шыққаннан мақал-мәтелдер естіп өссе баланың патриоттық сезімі оянбағанда
қайтеді.Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік
мүдделері болады.Ол ең алдымен, «ұлтжандылық», «отансүйгіштік», «патриотизм »
ұғымдары өмір сүріп заманның наным-сенімінен туындайды.Еліміз егемендік
алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы-қазақстандық-патриотизм болып
табылады. «Қазақстандық-патриотизм» ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса
туған жаңа сөз болып ,еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін
білдіреді.
«Біздің
балалар-біздің қарттығымыз.Жаман тәрбие-болашақтағы қайғымыз,
бұл-біздің
көз жасымыз,бұл-басқалар алдындағы,бүкіл еліміз алдындағы біздің кінәмыз»
32слайд Мен -
ұстазбын, мен - мұғаліммін, мен - зерттеушімін, мен жас ұрпақты келешекке
жетелеп апаратын - тәрбиешімін..деп
ойланыздар
33слайд. Елбасымыздың биылғы жылғы халқына
жолдауында баршамыздың мақсатымыз,мүддеміз,тағдырымыз бір,сондықтан да мәңгілік
ел болуымыз үшін бірлікте,татулықта болуымыз қажет деген болатын.
Қазақстан-мәңгілік ел болуы мына отырған сендердің де қолдарыңызда,ол үшін
сіздер берген білімді одан әрі игеріп,ізденіп өз қажеттіліктеріңе жұмсап
отырасыңдар,ел ертеңі-білімді ұрпақ деп тегін айтылмаған.. Ұрпағымыз білімді,тәрбиелі,
саналы болған жағдайда ғана еліміз көркейіп,гүлдене түсері сөзсіз.Олай болса,
тек білімді болайық! Болашақ ұрпақты Қазақстандық патриотизмге , тәрбиелеу басты
міндетіміз болғандықтан осы «кемеде» бірге жүргізейік ағайын
Қазақстанның ең негізгі байлығы болып табылатын бейбіт күніміз мәңгілік елде, мәңгі болсын!