13.11.2025
Бүгін біздің балабақшада «Заманауи педагог моделі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Педагогтар қазіргі заманның тәрбиешісі қандай болуы керектігін талқылады — кәсіби, шығармашылық, инновацияға ашық және балаларды шын жүректен сүйетін.
Іс-шара барысында педагогтар Жарқайың ауданының білім беру ұйымының заманауи педагог моделінің бекітілген ережесімен танысты. Бұл модел педагогикалық этика өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел отырысында әзірленді және қазіргі педагогтың негізгі кәсіби және жеке қасиеттерін көрсетеді.
Кездесу ынтымақтастық, өзара құрмет және кәсіби талпыныс атмосферасында өтті.
Қазіргі педагог-бұл уақытпен қатар жүре алатын баланың тәлімгері және серіктесі ғана емес, сонымен қатар қарқынды дамып келе жатқан қоғам жағдайында тиімді жұмыс істей алатын жоғары адамгершілік, кәсіби құзыретті және әлеуметтік белсенді тұлға