«Солнышко» балабақшасы» МЖӘ қызметін қаржыландыру мемлекеттік әріптес бекітетін мемлекеттік тапсырысты бөле отырып, смета бойынша өз табысы есебінен жүзеге асырылады. 2020 жылға арналған бюджет жоспарланған: мамандарға жалақыны есептеу; салықтарды төлеу; банктік, коммуналдық қызметтер; көмір, жуғыш құралдарды және т. б. сатып алу.
«Солнышко» балабақшасы» МЖӘ мемлекеттік білім беру тапсырысын, мемлекет қаржыландыратын тәрбиелеу, әлеуметтік бейімдеуді оқыту, дамыту және медициналық бақылау, сондай-ақ тәрбиеленушілерді қарау, күту және сауықтыру, оның ішінде екі жастан бастап, мектеп жасына дейінгі балаларға инклюзивті білім беруді іске асыру жөніндегі қызметтер көлемін орындауды қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру бағдарламаларын толық көлемде іске асыруды қамтамасыз етеді.
«Солнышко» балабақшасы» МЖӘ мақсаттары мен міндеттері:
1) балалардың өмірін және денсаулығын қорғау;
2) балалардың жас ерекшеліктерін, жұмыс тәртібін, санитариялық – эпидемиологиялық талаптармен анықтау еселігін ескере отырып, теңгерімді тамақтануын қамтамасыз ету;
3) байқаулар, конкурстар, спорттық жарыстар, өзге де мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу;
4) мектеп жасына дейінгі балаларда бастамашылықты, білімқұмарлықты, еркiндiктi және шығармашылық жағынан өзiн-өзi көрсету қабілетiн дамыту;
5) балалардың мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқытудың бiлiм беру бағдарламаларын игеруiне жағдай жасау;
6) тәрбиеленушілердің дене, зияткерлік және жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау, соның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар тәрбиеленушілер үшін;
7) сапалы мектепалды даярлауды қамтамасыз ету;
8) азаматтылықты, қазақстандық патриотизмді, адам құқығы мен бостандықтарын құрметтеуді, қоршаған табиғатқа, Отанға, отбасына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу;
9) баланың толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен өзара әрекет жасау;
10) ата-аналарға балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және денсаулығын қорғау бойынша кеңестер беру және әдістемелік көмек көрсету;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету.