Ақмола облысы  Жарқайың ауданы ЖК "Рамазанова"  "Солнышко" балабақшасы" мемлекеттік-жекешелік әріптестік   
ИП "Рамазанова"  Государственно-частное партнерство "Детский сад "Солнышко"  Жаркаинский район Акмолинская область

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізілімі (бұдан әрі – Талаптар тізбесі)

14.08.2024

 

2024 жылғы 31 мамырдағы

№ 133 бұйрығына

Қосымша

 

 

 

 

"Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізілімі (бұдан әрі – Талаптар тізбесі)

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) "Электронды үкімет" веб-порталы;

2) ақпараттандыру объектілері;

3) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы (қызметті алушының ұялы байланыс абоненттік құрылғысының телефон нөмірі "электронды үкімет" веб-порталында тіркелген жағдайда) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Жалпы білім беру кезегіне өтініштер автоматты түрде өңделеді, кезекке қою туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

МДҰ-ға кезектен тыс орын үшін кезекке қоюға өтініштер (әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдарының, фельдъегерлік байланыс қызметкерлері) 1 (бір) жұмыс күні ішінде өңделеді.

МДҰ-ға бірінші кезектегі тәртіппен орын алу үшін кезекке қоюға өтініштер (педагогтердің, медициналық қызметкерлердің балалары; заңды өкілдері мүгедектігі бар тұлғалар болып табылатын балалар; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; жетім балалар; көп балалы отбасылардан шыққан балалар; мүгедектігі бар баласы бар отбасылардан шыққан балалар, мүмкіндігі шектеулі балалар) өтініш берілген сәтте автоматты түрде өңделеді, кезекке қою туралы хабарлама кезекке қою туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.

Санаториялық, арнайы кезекке өтініштер 1 (бір) жұмыс күні ішінде өңделеді.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

электронды (ішінара автоматтандырылған)/ проактивті

5

Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі

Кезекке қою туралы хабарлама беру (бекітілген нысанда) немесе Талаптар тізбесінің 9-тармағында белгіленген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушіде: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндерін қоспағанда, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесі бойынша дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін;

2) портал: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғанда жүгінгенде, Қазақстан Республикасында еңбек заңына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері келесі жұмыс күнінде беріледі);

3) ақпараттандыру объектілері: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғанда жүгінгенде, Қазақстан Республикасында еңбек заңына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері келесі жұмыс күнінде беріледі);

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында;

2) www.egov.kz порталында орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

 1) көрсетілетін қызметті алушының Қағидалардың 1 және 5-қосымшаларға сәйкес электронды құжат нысанындағы өтініші;

2) әскери қызметкердің немесе арнаулы мемлекеттік орган, құқық қорғау органдары, фельдъегерлік байланыс қызметкерінің жұмыс орнынан берілген, мөр басылған және уәкілетті тұлғаның қолы қойылған анықтаманың электронды көшірмесі (бар болған жағдайда) (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды);

3) ұйым басшысының мөрімен және қолымен расталған педагогтің, медициналық қызметкердің жұмыс орнынан анықтама (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды), дипломның электронды көшірмесі;

4) мүмкіндігі шектеулі балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (бар болған жағдайда);

5) санаториялық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына кезекке қою кезінде фтизиатр-дәрігер берген құжаттың электронды көшірмесі талап етіледі.

 Жеке басын куәландыратын құжаттар, баланың туу туралы куәлігі, мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекте орын алу құқығын растайтын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден тартылып алынады.

Резидент еместер үшін:

 1) Қағидаларға 1-қосымшаларға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электронды құжат нысанындағы өтініші;

2) баланың туу туралы куәлігінің электронды көшірмесі;

3) көрсетілетін қызметті алушының (ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің) жеке басын куәландыратын құжаттың электронды көшірмесі;

4) мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының электронды көшірмесі (бар болған жағдайда);

5) санаториялық мектепке дейінгі ұйымға кезекке қою кезінде фтизиатр-дәрігер берген құжаттың электронды көшірмесі талап етіледі.

9

Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалармен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

 3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

Көрсетілген қызмет бойынша «Солнышко» балабақшасы» КММ, Ақмола облысы, Державинск қаласы, Жарқайың ауданы, Қойшыбаева Алтынай Серікқызының жауапкершілігіндегі, тел: +7 705 673 2555 хабарласуыңызды сұраймыз.

Просмотров: 1413


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст